Мухитдинов на печать indd


Маурус. Мұра. Қайтыс болған адамның қалдырған дүние-мүлкі. Маусул



Pdf көрінісі
бет125/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Маурус. Мұра. Қайтыс болған адамның қалдырған дүние-мүлкі.
Маусул لوصوم – жалғанған. Қара: муттасил.
Әл-Машғар әл-харам – Муздалифа аймағында орналасқан таудың аты. Сон-
дықтан Муздалифаны кейде «әл-Мағшар әл-харам» деп те атайды.
Махжуб بوجحم – бүркелген, перделенген. Мирас ғылымында мұрадан өз 
үлесінің барлығын не бір бөлігін алу құқығынан айырылған мұрагер «махжуб» деп 
аталады.
Әл-Махи يحاملا – Мұхаммед пайғамбардың есімдерінің бірі. Бұл «өшіруші, 
жоюшы» деген мағынаны білдіреді. 
Махраж. Араб тілінде جرخم «махраж» сөзі шығатын жер деген мағынаны бе-
реді. Таужид ілімінде қолданылатын термин. «Махраж» – әріптердің дыбысталатын 
орны»(Абдулхәди Мақсуди, дайындаған Е.Шоқай, Мұғалім сәни).
Махрам مرحم – әйелдің күйеуі және ешқашан үйленуге болмайтын еркек 
туысқандары. Олар: әкесі, атасы, ұлдары, туған аға-інілері, олардың ұлдары, әп-
ке-сіңлілерінің ұлдары, әкесінің туған аға-інілері, туған нағашы аға-інілері, күй-
еуінің әкесі (қайын атасы), атасы, күйеуінің басқа әйелдерінен туған ұлдары, сүт 
анасының күйеуі, ұлдары. Сондай-ақ сүт анасының әкесі, күйеуі, аға-інілері, ұлда-
ры және одан емген басқа еркектің ұлдары. Себебі шариғатта бір анадан емген екі 
адамның ұл-қыздарына да бір біріне үйленуге болмайды. 
Махфуз ظوفحم – сақтаулы. Сенімдірек (әусәқ) адамның сенімді (сиқа) адам-
ның риуаятына қарсы мағынада риуаят еткен хадисі. Ол «шәз» терминіне қарсы 
мағынада қолданылады. 
Махшар رشحم – Қиямет күні адамдардың бұ дүниедегі істеген амалдарын 
есепке алу үшін жиналатын жері. 
«Ахирет жолын білсін деп
Беріп едім молдаға. 
Ат қызығын көрсін деп, 
Мінгізіп едім жорғаға. 


168
Артында қолған сол залым 
Қылмады дұға молама. 
Не жазығым бар еді, 
Жасаған Жаббар құдаға!» (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
«Хаж барар пайғамбардың жолын қуған, 
Махшарда ол үммәті жасыл тудан. 
Күнәдан тазарады пәндам дейді
Баладай анасынан жаңа туған» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
Мәбрур روربم – игілік етілген. Шариғатқа сай ешқандай күнәлі іске бармай 
және қажылық жасаушыларға тыйым салынған нәрселерден сақтана отырып, Ал-
лаһ тағаланың ризалығынан басқа ешнәрсені мақсат етпей өтелген қажылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет