Мухитдинов на печать indd


Мусхаф فحصم – Құран кәрім кітабы немесе Құран аяттары жазылған па- рақтардың жинағы. Мутаарххирун



Pdf көрінісі
бет137/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   200
Мусхаф فحصم – Құран кәрім кітабы немесе Құран аяттары жазылған па-
рақтардың жинағы.
Мутаарххирун. Исламның кейінгі ғасырларында өмір сүрген ғалымдар. 
Мутақаддимун. Исламның алашқы ғасырларында өмір сүрген ғалымдар. 
Мутәкәллим. Мұтақалим. Кәләм ілімінің маманы. Ғұламалар медресе
мешіттердегі – мұхаддис, факих, мұтақалим, дамолла т.б. шәкірт тәрбиелеп, ел құр-
метіне бөленген (ҚҰЭ).
Мутәбәға ةعباتم – жалғасу, артынан қадағалау, ізімен жүру. Хадис ілімінде егер 
бір хабарды бір сахабадан сөзбе-сөз немес мағынасымен басқа жолмен сол сахаба-
дан риуаят етсе «мутәбәға» деп атайды. Мутәбәға екі түрлі болады: 1) ةماتلا ةعباتملا 
мутәбәға тәммә, яғни толық мутәбәға. 2) ةرصاقلا ةعباتملا мутәбәға қасира, яғни шек-
теу- лі мутәбәға. Мысалы: Хаммад ибн Сәләмә Аюбтан, ол Ибн Сириннен ол Әбу 
Һурайрадан риуаят еткен хадисті Хаммадтан басқа бір рауи Аюбтан ол Ибн 
Сириннен ол Әбу Һурайрадан риуаят етсе, ол «мутәбәға тәммә» деп аталады. Ал 
егер Аюбтан Хаммадтан басқа ешкім риуаят етпей, Ибн Сириннен басқа біреу риу-
аят етсе ол «мутәбәға қасира» деп аталады. 
Мутәмәттиғ عتمتم – қажылықтың тәмәттуғ түрін орындаушы. Қара: тәмәттуғ
Мутәуәтир (мутауатир) رتاوتم – үзілмей бірінен кейін бірі жалғаспалы түр-
де келген, күмәнсіз, шүбәсіз. Хадис ілімінде өзара өтірік айтуға келісіп алулары 
мүмкін емес бір топ сенімді адамдардың өздері сияқты сенімді адамдардан Мұхам-


181
мед пайғамбарға дейінсәнады осылайша көпшіліктің риуаят етуімен үзілместен 
жалғасып жеткен хадис. Мутәуәтир хадис бүкіл діни істерде, ақидада, фиқһта және 
т.б. ілімдерде бұлтартпас дәлел ретінде қабыл етіледі. Мутәуәтир хадистің екі түрі 
бар: 1) يظفللا رتاوتملا мутәуәтир лафзи, яғни сөзбе-сөз мутәуәтир. Мутауатир лафзи 
хадистің мәтінін барлық рауилер бірдей сөзбе-сөз риуаят етеді. Мысалы: «بذك نم 
رانلا نم هدعقم أوبتيلف ادمعتم يلع» «Кімде-кім әдейі менің атымнан жалған сөйлесе, ол өз ор-
нын тозақтан дайындай берсін» деген хадисті Мұхаммед пайғамбардан жетпістен 
астам сахаба, олардан жүздеген тәбиғиндер риуаят еткен. 2) يونعملا رتاوتملا мутәуәтир 
мағнәуи, яғни мағыналық мутәуәтир. Рауилердің барлығы риуаят еткен хадистің 
сөздері әртүрлі болғанымен бір мағынаны береді. Мысалы, дұға оқыған кезде екі 
қолды көтеру. Мұхаммед пайғамбардан әртүрлі жағдайларда дұға оқыған кезде екі 
қолын көтерді деген мағынаны беретін жүзге тарта хадис келген. Бұл хадистердің 
әрқайсысы мутауәтир емес, бірақ барлық риуаяттарды қосқан кезде «Пайғамбар
дұға оқыған кезде екі қолын көтерген» деген ортақ мағына шығады. Сол сияқты 
Пайғамбардың айды екіге бөлгендігі туралы хадистерде мутауәтир мағнәуи дәре-
жесіне жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет