228
Түзеттім дінді шалыстан» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Тәрәссул لسرتلا – азанның әр сөйлемінен кейін бір сәт тоқтау.
Тәрк ету – тастау, безу, баз кешу.
Тәркі дүние. Дүниеге қызықпау, дүниені тәрік ету. Араб тіліндегі ايندلا كرت
«дүниені тәрік ету» деген тіркестен алыған. Бұл термин көп жағдайда дүниеге қы-
зықпай, байлық жинамай, өмірі құлшылыққа арнаған тақуа адамдарға қатысты қол-
данылады.
«Бірақ әулиелердің де бәрі бірдей тәркі дүние емес еді, ғашәрән-мүбәшәрадан
қазрет Ғосман, Ғабдурахман бин Ғауф уа Сағид бин Әбудқас үшеуі де үлкен байлар
еді» (Абай, Тол. жин.).
Тәруия күні ةيورتلا موي – қажылардың зул-хижжа айының сегізінші күні. Қажы-
лар осы күні Минаға барып, онда түнейді.
Тәсбих حيبستلا – Аллаһты ұлықтап, оны кемшіліктен пәктеу. «Субхана Аллаһ»
(Аллаһ кемшілік атаулыдан пәк) деп айту.
Тәсбих айту – «Субханаллаһ» деген сөзді айту, Аллаһты дәріптеу.
Тәслим ميلستلا – намазды аяқтаған кезде оңға және солға сәлем беру.
Тәсмия ةيمستلا – «Бисмилләһри-рахманир-рахим» деп айту.
Тәубе ةبوتلا – істегеніне өкініш білдіріп, күнәдан қайту, Аллаһтан кешірім
сұрау, пенденің Аллаһқа жек көрінішті нәрселерден жан-тәнімен бас тартып, Ол
жақсы көретін нәрселерге жан-тәнімен ұмтылуы.
«Бес ауыз сөз айттым деп,
Мақтандың тілім сен неге?
Қой, көмейім тәуба қыл,
Асылық қылма Иеге» (Шортабай ақын// Бес ғасыр.).
Достарыңызбен бөлісу: