Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет175/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   200
Тәкбирату әл-ихрам (тәкбиратул-ихрам) مارحلإا ةريبكت – намазды бастаған кезде 
айтылатын алғашқы тәкбір. Тәкбиратул ихрамды «Аллаһу әкбар» сөзімен бастай-
ды. Бұлай аталу себебі, намаз ішінде намаз сыртында істелетін істерге тыйым са-
лынады.
Тәкииф. Такииф. «Тәкииф» термині ақида және шариғат ілімдерінде екі түр-
лі терминдік мағында қолданылады. Ақида ілімінде Құдайтану мәселелерін зерттеу 
тарауларында кездеседі. Ол жерде Аллаһ тағаланың сипаттарына адами бейнеде си-
паттамау қажеттігін нақтылауда қолданылады. Ал шариғатта «муфтидің көтерілген 
мәселені фиқһи бір бөлімнің аясында қарастыру» деген мағына береді.
Такииф – мәселені фиқһи бір бөлімнің аясында қарастыру дегенді білдіреді. 
Яғни қарастырылып отырған мәселе қай бабқа (ғибадат, муғамалат, жинаят (қыл-
мыстық кодекс) немесе ахуалуш-шахсия (отбасылық құқықтар)) кіретіндігі анықта-
луы ләзім (http://fatua.kz).
Тәкуин. Матуриди ақидасында қолданылатын термин. Ол «жарату», «бар 
ету» деген мағыналарды береді. Аллаһ тағала ілім сипатымен барлық нәрсені толық 
білсе, құдірет сипатымен мақұлықтардың бар болу мен жоқ болуын қалап реттейді. 
Ал, ирада сипаты арқылы кез келген нәрсені қалайды. Ал осы қалаған нәрсені жа-
рату тәкуин сипатымен жүзеге асады (С.Сейтбеков, Иман негіздері).
Матуриди мәзһабының көрнекті ғалымы имам әл-Бәздауи: «Ақиқатында, 
тәкуин және ижәд (бар қылу) Алла тағаланың сипаты, хадис (кейін болған) емес. 
Бәлки, ол ғылым, құдірет сипаты сияқты әзәли. Мүкәууан, мәужуд (жаратылыс) 


227
нәрсе тәкуин емес. Жарату да Алла тағаланың сипаты, ол – хадис емес. Рахма (мейі- 
рімділік), ихсан (жақсылық жасау), ризқ (ризықтандыру) және мағфира (кешіру) 
сынды ісіне қатысты сипаттардың барлығы Оның әзәли сипаты болып есептеледі. 
Ал, Әшғари мәзһабында Алла тағаланың ісіне қатысты бұл сипаттар ғылым, хаят 
сияқты зәти қадим сипатына жатпайды» деп, екі мәзһаб арасындағы айырмашылық 
бір мәзһабтың «тәкуин» сипатын Алланың әзәли сипатына жатқызса, екінші мәзһаб- 
тың Алланың зәти қадим сипатына жатпайды деумен ерекшеленетінін сөз етеді 
(С.Оқанұлы, http://mazhab.kz).
Тәлбия ةيبلتلا – қажылық және умра кезінде миқаттан бастап, Қағбаны көрген-
ге дейін айтылатын дұға. Айтылуы: «Ләббәйкә Аллаһумма, ләббәйк! Ләббәйкә, лә 
шәрикә ләкә ләббәйк! Иннәл-хамдә уән-ниъмәтә ләкә уәл-мулкә! Лә шәрикә ләк. 
Мағынасы: Құзырыңдамын, уа, Аллаһ, құзырыңдамын! Сенің серігің жоқ, құзы-
рыңдамын. Расында, мадақ пен игілік және иелік Саған тән, Сенің серігің жоқ.
Тәліп. Діни білім алушы. Араб тілінде «талиб» сөзі қазіргі кезде жоғарғы 
оқу орнында оқитын студенттерге қолданылады. Орта ғасырларда барша білім ізде-
нушілер «талиб» деп аталған. Қазақ әдебиетінде «тәліп» сөзі молдадан, медреседен 
тәлім алатын шәкірттерге қолданылған. 
«Нұсқасыз сөзім жоқ еді
Қарасаң молда тәліптер. 
Осы сөзім ғазалдан» (Базар жырау).
Тәмәттуғ (таматтуғ) عتمتلا – қажылықты өтеудің бір түрі. Онда алдымен умра 
жасап, одан кейін ихрам халінен шығады. Одан кейін қажылық уақытына дейін 
оған ихрам кезінде тыйым салынатын барлық нәрселер рұқсат етіледі. Қажылық 
уақыты басталғанда қайтадан ихрамға кіріп қажылығын жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет