Мухитдинов на печать indd


Хурафат تافارخلا – дұрыс емес істер, дінде негізі жоқ амалдар. Хусуф намазы



Pdf көрінісі
бет196/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200
Хурафат تافارخلا – дұрыс емес істер, дінде негізі жоқ амалдар.
Хусуф намазы فوسخلا ةلاص – түнде ай беті тұтылғанда оқылатын намаз.


251
Ш
Шағбан نابعش – айлық күнтізбедегі 8-айдың аты.
Шайтан ناطيشلا – Аллаһтың әміріне қарсы шыққан. Шайтан жыннан да, адам-
нан да болады. Олардың басты мақсаты – тура жолдағы адамды адастыру.
Шаққ قشلا – жер құмдауытты болып, қабірдің жанынан лақат жасай алмай-
тын болған кезде, қабірдің түбінен тік қылып, мәйітті көметін жер қазу. Ол «жар-
ма», «жарып қазу» деп те аталады.
Шақуат تاوهشلا – нәпсі қалауы, жыныстық сезім құмарлығы. Бұл сөз кейде 
ұрық суына, шәуетке қолданылады.
Шақуаттану – құмарту, қозу, жыныстық сезімге берілу, жыныстық қатынас 
нәтижесінде ұйқыда немесе т.с.с. жағдайларда ұрық суының бөлінуі, бойдан кету.
Шам намазы – күн батқаннан кейін оқылатын парыз намаз, ақшам намазы.
Шапағат ةعافشلا – ара түсу, арашашы болу. Бұл сөз термин ретінде Аллаһ ел-
шісіне ғана нәсіп болатын: оның бүкіл адамзатқа есеп-қисаптың басталуы үшін 
жасайтын ұлы шапағатын, жаннаттықтардың жаннатқа кіруіне шапағат етуін және 
Мұхаммед пайғамбар мен басқа да пайғамбарларға, періштелерге, мүмін пенде-
лерге құқық берілетін: тозаққа кіруге лайық болған, бірақ Аллаһқа серік қоспаған 
күнәкар мұсылмандардың тозаққа кірмеуі, тозаққа түскен күнәкар мұсылмандар-
дың қайта шығулары мен кейбір жаннаттықтардың жаннаттағы дәрежесін көтеру 
үшін жасалатын шапағатты білдіреді.
Шариғат ةعيرشلا – Исламның Құран мен сүннетте бекітілген заң-өкімдері. Ис-
лам дініндегі адамның өзі мен құдай алдындағы, өзі мен қоғам алдындағы және өзі 
мен отбасы алдындағы құқықтарын реттейтін үлкен саласы – шариғат. Осы шариғат 
заңдары үлкен бес тараудан тұрады. Олар: 1) Құлшылық (құлшылық). Бұл тарау-
да адамның жаратушысы алдындағы өтеуі тиіс намаз, ораза, зекет және қажылық 
сияқты құлшылық түрлері зерттеледі. 2) Ахуал шахсия (азаматтық кодекс). Бұл та-
рауда адамның азаматтық кодекстері, басқа адамдармен неке, талақ, бала асырау 
сияқты қарым-қатынастары зерттеледі. 3) Муғамалат мәлия (қаржы қарым-қатына-
сы). Бұл тарауда адамның қоғамның басқа мүшелері алдындағы сауда-саттық және 
басқа да ақшалай қарым-қатынастары зерттеледі. 4) Худуд (қылмыстық кодекс). Бұл 
салада адам құқықтары, басқалардың құқықтарын таптағанда оған тиісті берілетін 
жаза түрлері зерттеледі. 5) Мирас (мұрагерлік). Бұл тарауда қайтыс болған адамның 
артында қалған байлығын мұрагерлері қалай бөліп алатындығы қарастырылады.


252
Шарт طرشلا – құлшылықтың өзіне кірмейтін, бірақ сол құлшылық орындалу 
үшін қажетті амал. Мысалы, намаз оқушының дәретінің болуы, әуретінің жабық 
болуы, жүзін құбылаға қаратуы және т.б. Бұларды «намаздың шарттары» деп атай-
ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет