Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет46/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   200
Әл-Бәйт әл-Мағмур رومعملا تيبلا – періштелердің көктегі Қағбасы.
Бәйт әл-Мақдис. Бәйт әл-Мақдис سدقملا تيب – мұсылмандар үшін қасиетті 
үш мешіттің үшіншісі Құдыс қаласындағы әл-Ақса мешіті. Ғалымдардың пікірін-
ше, Аллаһ елшісі бұл түні Меккедегі қасиетті мешіттен Иерусалимдегі Бәйт әл-
Мақдиске жеткізілген. 
«Пайғамбарымыз ол жерге Бурақ деп аталатын жануарға мініп, Жәбірейіл-
мен бірге барған. Бәйт әл-Мақдиске тоқтап, Бурақты мешіттің қақпасының шығы-
ршығына байлаған және басқа пайғамбарларға имам болып намаз оқыған» (ауд. 
Қ.Спатай. Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны).
Бәлләһи. Билләһи. Беллаһи. للهاب Аллаһтың атымен ант ету, қасам ішу. 
«Түрі қандай қорқынышты еді? Бәлләһи, жәй емес» (Ғ.Мүсірепов, Таңд.).
Ислам шариғаты бойынша, Аллаһтың атымен ғана ант беруге болады. Ша-
риғатта ант беру, Құдайдың атымен қасам ішу өте маңызды істерде қолданылатын-
дықтан, кез келген мәселеде ант іше беру құпталмайды.
Бәлиғат. Балиғат. 
«Көп шүкір қазір Алла панасына, Мен жеттім бәлиғаттың шамасына. Менен 
несін сұрайсың, ғазиз ана, Ата билік бере ме баласына?» (Ә.Найманбаев, Шығ.). 


65
Бәну Исрайл ليئارسإ ونب – Исрайл ұрпақтары, яһудилер. 
Бәну надир. Бәну надир – мұсылмандармен одақтастық келісімін бұзғаны 
үшін һижраның 4 жылы Мәдинадан қуылған яһуди тайпасы. Тарих және сира кітап-
тарында кездесетін атау.
Бәрекелді. Бәрекелде. Бәрекелді. Бұл – араб тіліндегі الله كراب «бәрака Аллаһу» 
(Аллаһ берекесін берсін) тілек мағынасындағы сөздің қазақ тілі заңдылықтарына 
бағынып, өзгерген түрі. Мұсылмандық әдеп бойынша, бір адамның жақсылығын 
көргенде рақмет айту үшін не оған жақсы тілек тілегенде «Аллаһтың саған бере-
кесі болсын» деп дұға жасайды. Сол тілек араб тілінде الله كراب «бәрака Аллаһ» деп 
айтылады.
«Тоты құстай таранып, 
Жан-жағына қаранып, 
Қыз Назым сонда сөйледі: 
Бәрәкә Алла, арыстан, 
Ер өледі намыстан» (Қамбар батыр). 
«– Уә, бәрәкә Алла, рақмет, – деп хазірет, араб үнімен көмейін толтыра сөй-
леп» (Д.Әбілов, Ақын.). 
Керімберді Мітісбектің жол көргендігіне сүйсініп: «Бәрекелде, бәрекелде», 
– деп көтермеледі. Қазақ тілінде «бәрекелді» сөзі мақтау, мадақтау, көңілін көтеру 
және рухтандыру мақсатында да қолданылады. 
«Түгел адам баласы я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмай-
тұғыны болмайды» (Абай, Тол. жин.). 
«Жарайсың, берекелді, замандасым, 
Құмандай күзетерміз оттың қасын» (Айтыс). 
Сонымен қатар бұл сөз қазақ тілінде ауыспалы мағынада адамның бір пікірін 
қолдағанда немесе оның ісіне таң қалғанда да одағай сөз ретінде қолданылады. 
Бәрекелді, сол дұрыс байлау болар. 
«– Ал жеңілдік жасаушылар нақтылы орындарда отырған дәл жауапты
адамдар ғой, – деді Көлбаев» (М.Әуезов, Өскен өрк.). 
«Әп, бәрекелді, сүйтіңдер, шырақтарым» (М.Иманжанов, Менің махабб.). 
«Бәрекелді, мақтанбас нәрсеге мақтанады екенсің. Жарайды, бір балық ұстап, 
сен-ақ мұратқа жете қойшы» (А.Байтанаев, Асан). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет