Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет62/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   200
    Бұл бет үшін навигация:
  • Ғұзза
Әл-Ғуруат әл-усқа (ең берік, үзілмейтін тұтқа) – Ислам дінінің теңеуі. Ол 
туралы «Бақара» сүресінің 256-аятында айтылған.
Дінде [Исламда] зорлық жоқ. Туралық адасушылықтан айқындалып қойды. 
Кімде-кім тағұтқа [пұт, жалған құдайға] қарсы шығып, Аллаға иман келтірсе, ол 
еш үзілмес тұтқадан бекем ұстайды. Және Алла – Естуші һәм Білуші!
Ғұзза. Ғұзза ةزغ – араб мүшріктері сиынған әйел пұттың аты.
Ғұлама. Үлкен ғалым адам. Араб тіліндегі «ғалим» сөзінің көпше түрі «ғула-
ма» сөзінен алынған. Діни әдебиеттерде «ғұлама» сөзі дін мәселелерін жетік білетін, 
Құран мен хадисті терең меңгерген, жағдайға қарай діни мәселелерге шешім таба 
алатын, адамдар арасында абыройға ие ғалымға қолданылады. 
«Ғұламалар медресе, мешіттердегі – мұхаддис, факих, мұтақалим, дамолла 
т.б. шәкірт тәрбиелеп, ел құрметіне бөленген» (ҚҰЭ).
«Дін жайында сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі уағыз деп аталады» 
(А.Байтұрсынов, Шығ.). 
«Әнет бабаң арғынның ел ағасы
Әрі молда-ғұламасы. 
Орта жүзге үлгі айтқан әділ екен 
Сол кезде тоқсан беске келген жасы» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 
«Ғұлама» сөзі діни ғылымдардан басқа да ғылымдарды жетік меңгерген, сол 
саланың мықты ғалымына да қолданыла береді. 
«Ахмет Жұбановтың есімі жұртшылыққа халық музикасының ғұламасы 
ретінде де кеңінен таныс» (Ж.Рсалдин, Ахмет Жұбанов).
Ғұмра. Ғұмра ةرمعلا – адам біреуге бір нәрсені өмір бойы пайдалануға беретін 
сыйлықтың түрі, егер бір затты ғұмра ретінде алған адам өлсе, онда берген адам-
ның талап етуі бойынша, ол иесіне қайтарылады. Кейде «умра» яғни кіші қажылық 
та «ғұмра» деп жазылып жүр.


88
Ғұмыр. Өмір. Өлшеулі ғұмыр. Діни мәтіндерде Аллаһ тағаланың о бастан 
таңдырға жазып қойған шектеулі өмірі «өлшеулі ғұмыр» деп аталады. 
«Ауырып тұрған аурып тұрған емес пе. Өлшеулі ғұмырдың өзін қадірлемей-
міз. Темекі, ішімдікпен былапыттаймыз» (Б.Ырзабаев, Ертіс-Жайық.).
Ғұсыл. Ғұсыл لسغلا – ғұсыл алу, шомылу, жуыну. Шариғатта: ғұсыл – жүніптік-
тен, хайыздан, нифастан кейін және басқа да жағдайларда ауызды, мұрынды және 
бүкіл денені жуу. Мынандай жағдайларда ғұсыл парыз болады. 1. Ұйқыдан тұрған-
да шәһуәт кеткені білінсе; 2. Шәһуәт нәпсінің қозуымен күштеп атылып шықса; 3. 
Жыныстық қатынастан соң; 4. Хайыз әйелдердің етеккірі келген жағдайда; 5. Ни-
фас бала тапқаннан кейінгі жағдайда; 6. Кәпір Ислам дінін қабылдаса; 7. Мұсылман 
дүниеден озғанда. Осы жағдайларда бой дәрет парыз деп есептеледі. Онсыз намаз 
оқу, тіләуат сәждесін орындау, тіпті Қасиетті Құран Кәрим аяттарын оқудың өзі ха-
рам (https://kk.wikipedia.org).
Зурға Әбу Абдур-Рахман: «Ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): 
«Мәни, мәзи және уәди. Мәни болса, одан ғұсыл алу керек, ал уәди мен мәзи болса, 
жыныстық мүшеңді жу және намазға дәрет алғандай дәрет ал», – деп айтқанын 
естідім», – деген (Сунун әл-Байһақи). 
«Ғұсылды, Құран бағыштауды да, жаназа шығаруды да «тәямімді» қалай 
соғуды да үйретеді» (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
«Егер ихтиләм болғаннан кейін киімде ешқандай ылғал болмаса, сосын дәрет 
алып, намаз оқып болғаннан кейін мәни шықса, оның оқыған намазы дұрыс бо-
лып есептеледі. Себебі ғұсыл тек мәни шыққаннан кейін ғана парыз болады. Сон-
дықтан ол адам намазын қайта оқымағанымен, міндетті түрде ғұсыл алуы керек» 
(Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Ғылла. Илла. Себеп. «Ғылла» сөзі усул әл-фиқһ ілімінде қолданылатын тер-
мин. Ол құлшылықтың себебі деген мағынаны береді. Алайда Усул әл-фиқһ ілімін-
де ғылла мен себептің айырмашылығы бар.Ал хадис терминологиясында «илла» 
сөзі жалпы тілдік мағынасында «кемшілік», «олқылық» деген мағынада қолданыла 
береді.
Қазақ тілінде бұл сөз термин ретінде тек усул фиқһ іліміне қатысты еңбектер-
де, лекцияларда кездеседі. Ал тілдік мағынасымен, яғни «олқылық», «кемшілік» 
деген мағыналарда аймақтық сөз ретінде қолданылады. 
«Бір жерде ғылла болса, мықтылықты өзіме қайырып бер» (Қаз. тілі. аймақ. 
сөздігі).
Ғұшыр. Ұшыр. Үшір. Шариғаттың «Зекет» тарауында кездесетін термин. 
«Егіннің зекеті» дегенді білдіреді. Егіннің және астықтың зекеті «ұшыр» және 
«ұшырдың» жартысы деп аталады. Ұшыр сөзі араб тілінде «оннан бір» деген мағы-
нада. Яғни жиналған астықтың оннан бірін немесе оннан бірінің жартысын зекет 
ретінде шығару керек болғандықтан, оны ұшыр немесе ұшырдың жартысы деп 


89
атаған. Егін және жеміс-жидектің зекетін беру керек екендігі Құранда және Аллаһ 
елшісінің (с.а.с.) хадистерінде келген (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат). 
«Балқожа, Құнанбай т.б. патшадан шен алған «қасқырлар» ғұшыр бермеген-
дердің астығын арам деп жариялап, оны ешкім сатып алмайтын етті» (З.Ақназаров, 
Ғылыми атеизм.). 
«Бәрінің деадаспайтын жалғыз жолы: дүниеге қызықпай, ақиретке азық жи 
деу, ғұшыр, зекет, пітір, садақа беру, жаназаға мал байлау, намаз оқу, ораза ұстау, 
қажыға бару жағынан ақыл айту бағыттары бәрінің де бірдей, бұл жағынан лақпай-
ды» (А.Байтұрсынұлы, Шығ.).


90


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет