Мулдабекова Камчат Тулюгиновна АҚпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік қҦзыреттілігін қалыптастыру



бет25/63
Дата09.04.2022
өлшемі2,62 Mb.
#30449
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
Электронды оқу басылымдарының мазмұнның берілуіне қарай жіктелетін түрлері:
Электронды кітапхана пәннің саласына және білім алушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес іріктелген иллюстративті материалдар мен мәтіндердің жинағын, түрлі электрондық материалдарды (шет тілін оқытуға арналған анықтамалықтарды қамтитын электрондық басылымдар) сенімді сақтауға және тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе. Электронды кітапханада мынадай ақпараттар жинақталады: шолу ақпараты; авторлық және пәндік сілтемелер; кеңейтілген библиография.


  1. Электронды кӛрнекі құралдардың кітапханасы мазмұны мультимедиа құралдары топтамасының кӛмегі арқылы берілетін құралдың түрі. Қолданылуы қарапайым редактордың кӛмегі арқылы оқытушы сабаққа қажетті кӛрнекі құралдар топтамасын қалыптастыра алады.




  1. Электронды энциклопедия білімнің белгілі бір саласына байланысты түрлі бағыттағы ақпараттардың үлкен кӛлемін сақтай алатын құралдың түрі. Басылымның бұл түрі иллюстрациялардың, бейне және аудио-үзінділердің кӛптігімен ерекшеленеді.




  1. Репетиторлар мен тренажерлар білім алушыларға сабаққа,

емтихандарға ӛздігінен дайындалуға, ӛздерінің білімдерін объективті тұрғыда бақылап, бағалауға мүмкіндік беретін оқу-әдістемелік кешендер. Олардың


79

құрылымы мыналардан тұрады: тапсырмаларды орындау үшін нұсқау; интерактивті жаттығулар; бақылау және ӛзін-ӛзі бақылауға арналған құралдар.


Мультимедиалық құралдар – бейнелік және аудиоэффектілік, әртүрлі
мультибағдарламалық мүмкіндіктерді интерактивті бағдарламалық жабдықтың басқаруымен орындаталатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері. Мультимедиа ақпараттық жаңалықтардың қайнар кӛзі ретіндегі ғылыми білім мен инновациялық шешімдердің рӛлінің жоғарылауына ықпал етеді, технологиялық ӛсу мен жаңа интеллектуалдық технологиялардың құрылу мүмкіндіктерін қарастырады.
Зерттеу жұмысы бойынша 2012–2014 оқу жылдарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндеэксперимент жұмысы жүргізілді. Мұнда ғылыми жұмысымыздың міндеттеріне сәйкес зерттеудің келесі әдістері сараланып алынды: эксперимент, бақылау, сауалнама, озат оқытушылардың тәржірибелерін зерделеу, жинақтау, қорыту, математикалық-статистикалық әдістер. Тәжірбиелік-эксперимент Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика-психология факультеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының базасында
жүргізілді. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетініңаталған мамандық білім алушылары бақылау тобы ретінде белгіленді. Тәжірибелік және бақылау топтарынан барлығы 151 білім алушылар қатысты, оның 75-і бақылау топтарында, 76-ы эксперименттік топтарда болды.
Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың мақсаты: педагогикалық университтерінде білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру жолдарын айқындау.
Тәжірибелік-педагогикалық эксперимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бекіту) ұйымдастырылды.
Тәжірибелік-педагогикалықжұмыстың міндеттері:


  • университетте білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық-психологиялық, ағылшын тілін оқыту пәндері мен педагогикалық практиканың мүмкіндіктерін анықтау;




  • білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда оқу-танымдық іс-әрекетінің маңыздылығын кӛрсету;




  • болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда сӛйлеу әрекетінде кӛрінетіндіктен оның сӛйлеу сапаларын: ойды дұрыс жеткізуін, нақты пайымдауын, мазмұндылығын, кӛңіл-күйін, кӛркемділігін, сӛздік қорының молдығын кӛрсету;




  • болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда білімді меңгеруге байланысты коммуникативтік мәдениетін айқындау;




  • тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың қорытындысын сараптау және оны талдау, ұсыныстар беру.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында жоғары кәсіптік білім


бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпы білім беру
стандарттарына, жалпы білім мазмұнының тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы жоғары білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу
80

жоспары, типтік бағдарламаларға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдар бойынша іс-тәжірибелерге талдау жасай отырып, университет білім алушыларының оқу-танымдық іс-әрекетінде коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға байланысты мүмкіндіктер қарастырылды.


Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың анықтау эксперименті педагогикалық университеттердің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша эксперименттік және бақылау топтарында жүргізілді. Эксперименттік жұмысқа қатысатын оқытушылар белгіленіп, пән оқытушыларымен зерттеу мәселесі бойынша дайындалған арнайы курс бағдарламасы талқыланды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білім алушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға байланысты сауалнамалар т.б. педагогикалық жұмыстар жүргізіліп, шет тілі пән бойынша тапсырмалар беріліп, білім алушылардың білімдік деңгейлері анықталды. Осы ӛлшем бойынша үш топқа бӛлінді:
біріншісі – болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру оқыту үдерісінде тілдік дағдыларды меңгеруге (оқушылармен дұрыс қарым-қатыста болады, ойын дұрыс жеткізе алады, ӛзгенің пікірімен санасады, сӛздік қоры мол, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай біледі, тұрақты жақсы кӛңіл– күй бар, қоғамдық жұмыстарға белсенділік кӛрсете біледі, ӛзін басқа адамның орнына қоя біледі, адамдармен тіл табыса алады,
қарым–қатынас кезінде адамдардың жас ерекшелігін ескереді), интеллектуалдық мүмкіндіктері бар, ізденімпаз тұлға;
екінші – болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру оқыту үдерісінде тілдік дағдыларды меңгеруге қызығушылығы болғанымен, олар үнемі кӛмекті қажетсінеді (ойын нақты жеткізе алғанымен дәлелдей алмайды, ӛзгенің пікірімен санасады, сӛздік қоры жеткілікті, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай біледі, кӛңіл-күй тұрақсыз, қоғамдық жұмыстарға қатынасады, бірақ белсенділік танытпайды, қарым-қатынас кезінде адамдардың жас ерекшелігін ескереді);
үшінші– болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру оқыту үдерісінде тілдік дағдыларды меңгеруге ықыласы орташа, білімді меңгеруге белсенді кӛзқарасы оның іс-әрекетінде айқын кӛрініс бермейді.
Анықтау экспериментінің мақсаты:
- оқыту үдерісінде болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда тілдік дағдыларды меңгерудегі оқу-танымдық деңгейін анықтау;
- болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бір-бірімен және жолдастарымен қарым-қатынаста тілдік дағдыларды меңгеру деңгейін байқау;
- білімдік пәндерден алған ұғымдарын тәжірибеде қажітене қарай қолдана білу шеберліктерін анықтау.
Осыған орай анықтау экспериментінде тӛмендегі міндеттері белгіленді:
81

– педагогикалық университет оқытушыларының теориялық және технологиялық білімі деңгейіне педагогикалық бақылау, сауалнама алу және әңгімелесу жүргізу, педагогикалық құжаттарына талдау жасау;


– болашақ мамандардың оқу-танымдық іс-әрекетінде тілдік дағдыларды меңгеру тәжірибесінің қалыптасу деңгейіне бақылау жасау, әңгімелесу іс-шараларды саралау;
– педагогикалық университет білім алушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптасу дәрежесіне қарай тілдік дағдыларды меңгеруіне бақылау жүргізу, талдау арқылы білім алушыларының білім деңгейін анықтау және талдау.
Педагогикалық университет оқытушыларымен жүргізілетін зерттеу жұмысының мазмұны мына мәселелерді анықтауға бағытталды: Зерттеу барысында оқытушылар мен білім алушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда олардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру біліктілігін, жетекшілік жасау дағдысын, құзыреттілігін анықтау мақсатында педагогикалық құжаттарымен танысып, оқытушылардан сауалнама алынып, әңгіме ӛткізілді, зерттеу мәселемізге байланысты университеттің сабақтары, мен педагогикалық практикаларға қатысып, олардың мазмұнына талдау жұмыстары жасалды. Нәтижелерінің шынайы болуына қол жеткізу мақсатында тексеру тікелей зерттеу арқылы іске асырылады. Сондай-ақ, оқытушылар мен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігі туралы білімдерін, сонымен қатар, оқу іс-әрекетінде тілдік қызығушылықтарын, кӛзқарастарын, білім деңгейлерін және т.б. анықтау мақсатында сауалнама дайындалды.
Коммуникативтік құзіреттілік деңгейі мен негізгі коммуникативтік шеберліктің қалыптасуын анықтауға арналған Л.Михельсонның (бейімдеген Ю.З. Гильбух) коммуникативтік құзіреттілік әдістемесін қолдандық.
Л.Михельсонныңәдістемесі (аударған және бейімдеген Ю.З.Гильбух) коммуникативтік құзіреттілік деңгейі мен негізгі коммуникативтік шеберліктің қалыптасуын анықтауға арналға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет