Мутанова динара юлдашбаевна


Жинаған балл көрсеткіштері бойынша қорытынды



Pdf көрінісі
бет66/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Жинаған балл көрсеткіштері бойынша қорытынды:  
50-38 балл. Сіздің, өзіңізге көңіліңіз толады және өз-өзіңізге сенімдісіз. 
Сізде, басқа адамдардан доминатты болуға деген үлкен қажеттілік бар, өз 
«Меніңізді» көрсетуді, өз пікіріңізді білдіргенді ұнатасыз. Басқалар сіз жөнінде 
не айтатынына немқұрайлықпен қарайсыз, бірақ сізде басқаларды сынауға 
деген бейімділік бар. Сізде қаншалықты балл көп болған сайын, соншалықты 
сізге мынандай анықтама сай келеді: «Сіз өзіңізді жақсы көресіз, басқаларды 
жақсы көрмейсіз». Бірақ сізде бір кемшілік бар: өзіңізге өте байсалдылықпен 
қарайсыз, ешқандай сыни ақпараттарды қабылдамайсыз. Егер тіпті тест 
нәтижесі ұнамаса, «күнтізбе бәрін өтірік айтады» деген тұжырыммен өзіңізді 
«қорғайсыз». Өкінішті-ақ...
37-24 балл. Өз-өзіңізбен келісіп өмір сүресіз, өзіңізді жақсы білесізжәне 
өзіңізге сене аласыз. Жеке тұлғалық мінезіңізбен қиын жағдайлардан және 
адамдармен өзара қарым-қатынастан жол табатын құнды ептілікке иесіз. Өз-
өзіңізге және қоршаған ортаға деген сіздің қатынас жасау формулаңызды 
мынандай сөзбен білдіруге болады: «өз өзіне, және басқаларға көңілі толады». 
Сізде қалыпты, күшті өзіндік бағалау бар, ең бастысы басқалардың есебінен 
емес, сіз өзіңізге қолдау көрсетудің және күштің көзі бола аласыз.
23-10 балл. Өз-өзіңізге көңіліңіз толмайды, сізді өзіңіздің интеллектіңізге, 
қабілетіңізге, жетістіктеріңізге, сыртқы келбетіңізге, жасыңызға, жынысыңызға 
... деген қанағаттанбаушылық және күдік мазаңызды кетіреді. Тоқтатыңыз! 
Өзіңізді жақсы көру жаман деп кім айтты? Көп ойлайтын адам үнемі өзіне 
көңілі толмау керек деуге, сізді кім иландырды? Әрине, сізден ешкім өзіңізге 
көңіл толушылықты талап етпейді, бірақ сіз өзіңізді қабылдауыңыз, 
сыйлауыңыз керек, өз-өзіңізді қолдауыңыз қажет. 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет