Күнтіз-
белік
мерзімі
Жұмысқа
қажетті
материал-
дар
Сабақты өткізуге
арналған матери-
алдар
Материалды түсіндіру
Өздік жұмыс
Сабақтың
қорытындысы
Ма-
мыр-
дың
2, 3-
аптасы
А3 пішім-
ді қағаз
(шаршы
түрінде
қиылған
болса да
болады),
қыл қа -
лам жиын-
тығы, гу-
ашь және
акварель
бояула-
ры, су
құя тын
ыдыс, қол
сүртетін
орамал,
жай қа-
рындаш,
фло мас-
терлер,
балауыз
борлар,
апплика-
цияға
қажетті
материал-
дар, қай-
Оқулықтың
118–121-бет-
тері. Спортқа
арналған фото-
суреттер, фильм-
дер.
http://deti-online.
com/zagadki/
zagadki-pro-sport/
http://www.
liveinternet.ru/
users/2010239/
post120727257
Мұғалім спорттың
әр түрін еске түсіріп,
шығармашылық жұмысқа
жетелейді, жұмыстың
аяғында жеңімпаздарды
лайықты марапаттар
күтіп тұрғанын айтады.
Балалар соңғы тапсыр-
маны орындалу тәсілін
таңдап, өз беттерінше
жасағандары дұрыс.
Өздік жұмыс-
ты орындамас
бұрын оқушы-
лармен бірге
тақтаның ал-
дында спорт
пантомимасын
ойнауға болады,
1–3 оқушы ым
және ишарат-
пен белгілі бір
спорт түрін
көрсетеді, қал -
ғандары оны
табады, одан
кейін тапқан
оқушы тағы бір
спорт түрін бей-
нелеп көрсетеді.
Мұғалім пан-
томима ойнау
барысында
балалардың на-
зарын қимыл-
қозғалыстарға
аударады. №2
жұмыс дәп-
терінің 29-бе-
тіндегі тапсыр -
Жарыс жеңім-
паздарының
жұмыстары
түрлі атаулар
бойынша ма-
рапатталады:
ең ерекше ком-
позиция, ең
қызықты түстік
шешім, ком-
позициядағы
ең әсерлі
фигуралар,
ерекше атау, ең
үздік панто-
мима және т.б.
Жеңімпаздар
қорытынды
сабақта мара-
патталады.
46
шы, же-
лім, желім
жағатын
қы лқалам.
маны сергіту
ретінде орын-
дау ға болады.
Одан әрі
оқу шылар
белгілібір
өлшем, пішім
мен материал-
дарды таңдап,
өз бетінше жұ-
мыс істеуге кірі-
седі. Одан соң
жұмыстарын
таныстырып,
оқулықтың
130 –131-бетте -
ріндегі сұрақтар-
ға жауап береді.
Сабақ
№
Тақы-
рыбы
Мақсаты
Міндеттері
Нені білулері
керек
Нені үйренулері
керек
33
Қоры-
тынды
сабақ.
Жылды
қорытындылау.
Мұғалім үшін: жылдың
ең үздік жұмыстарын
таңдап, оқушыларды
білімдеріне қарай мара-
паттау.
Оқушылардың
міндеттері: Оқулықтың
120–121-беттеріндегі
сұрақтарға жауап беру
және викториналарға
қатыса отырып, жыл
бойы алған білім дерін
жинақтау.
Жыл бойы не
үйренгендерін
білулері керек.
Алған білімдері
мен біліктерін
талдай отырып,
қорытынды
жасау.
Күн тіз-
белік
мерзімі
Жұмысқа
қажетті
материал-
дар
Сабақты
өткізуге арналған
материалдар
Қорытынды сабақты
өткізу
Қорытынды
сабақты өткізу
Жылды қо-
рытындылау
М а-
мыр-
дың
4-апта-
сы
Балалардың
үздік жұмыс-
тары қойылатын
көрме. Түрлі
атаулар бойын-
ша балаларға
арналған диплом,
сыйлықтар.
Жұмысты таныстырудың
қорытынды сабағын
мерекелі түрде өткізу
керек. Сынып бөлмесін
алдын ала дайындап,
қабырғаға оқушылар жыл
бойы жасаған ең үздік
жұмыстарын іледі.
Жылдың соңғы тақыры-
бы спортпен байланысты
болғандықтан, жұмысты
«Өнер шежі-
ресі» викто-
ринасын өткі-
зуге болады. Ол
үшін алдын ала
ағаштың суреті
салынады. Ағаш
жапырақтарын
салмайды, же-
лімдеп шыға-
ды. Қағаз жа-
Викторина-
дан кейін
жеңімпаз-
дарды марапат-
тау рәсімі өтеді.
Ең бастысы,
мерекелік
атмосфера-
ны сақтап,
жыл жемісті
аяқталды деген
47
таныстыруды да спорттық
түсіндірме (комментарий)
арқылы өткізген дұрыс.
Оқушыларға бұл жылы
түс, сызық және пішін,
композиция, портрет, пей-
заж және натюрморт ту-
ралы қызықты және жаңа
не нәрсе үйренгендерін
еске түсіруді тапсырады.
Бұл соңғы сабақ болған-
дықтан, жылды қорытын-
дылау керек. Балалар әр-
бір пункт бойынша өз жа-
уаптарын береді, жауап-
тардың толық болуын та-
лап етіңіз. №2 жұмыс
дәптерінің 28–31-бет-
теріндегі тапсырмаларды
пайдалануға болады. Бұл
тапсырманы викторина
түрінде де өткізуге бола-
ды.
пырақтың теріс
жағына жыл
бойғы бағдар-
лама бойынша
сұрақтар, ал
жапырақтың
жоғарғы бөлігі-
не сұрақтың
баға сы жазы-
лады. Мұғалім
жапырақты
ашып, сұрақты
оқиды.
Сұраққа жауап
берген балаға
жапырақ сыйға
беріледі. Сабақ-
тың соңында
жинаған ұпай-
лары есептеледі.
Ең жоғары
ұпай жинаған
оқушыларға
«Бейнелеу өне-
рінің білгірі»
медалі салта-
натпен табыс-
талады. «Не?
Қайда? Қашан?»
бағдарламасы-
ның үлгісімен
викторина жүр-
гізуге болады.
түсінікті естен
шығармаңыз-
дар.
48
1-қосымша
ИЛЛЮСТРАЦИЯЛАРМЕН ЖҰМЫС
Оқулық – оқушылар мен мұғалімдерге арналған негізгі көрнекі құрал. Оқулықтағы
репродукциялардың бәрін бірдей түсіндіру қажет емес, сабақта өтілетін екі-үшеуіне ғана
тоқталса жеткілікті. Егер тақырып жылы және суық түстер туралы болса, онда мұғалім бала-
лармен бірге берілген репродукциялардағы түсті гаммаларды талдап, қайсысы жылы, қайсысы
суық екенін табады. Сондай-ақ олар қандай сезімге бөлейтінін сұрайды. Егер әңгіме компози-
ция туралы болса, онда иллюстрацияларды осы жағынан талдау керек. Егер иллюстрацияларда
жұмыстың орындалу реті көрсетілсе, онда өте мұқият болып, оқушылармен бірге жұмыс істеу
реттілігін талдау керек.
Репродукциялармен сабақта жұмыс істейді. Репродукциялардың басым бөлігі бала бейне-
леу өнерінің құнды дүниелерін өз бетінше қабылдап, меңгеруге мүмкіндігі болуы үшін беріледі,
ұнаған жұмыстары мен суретшілердің аты-жөнін есте сақтайды. Оқулық қоршаған ортаның
әсемдігін байқап, оны тұтас қабылдап, аңғарымпаз болуға, бейнелеу өнері туындыларын түсініп,
сурет сала білуге баулиды. Оқу материалы бұл талаптарға жауап береді және иллюстрациялар
мынадай топтарға бөлінеді:
1. Кәсіби суретшілердің репродукциялары.
Оларға қарап, қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы балалар көркем туындыда шы-
найы іс-әрекет қалай көрініс табатынын байқайды. Суретші жұмысын әсерлі етіп көрсету үшін
қандай әсерлегіш құралдарды қолданатынын біледі, яғни бейнелеу өнерінің тілін түсініп, са-
уатты көрермен болуға үйренеді. Сондықтан да оқушыларға қандай да бір туындыны тереңірек
түсінуге көмектесетін сұрақтарды елемеуге болмайды. Сондай-ақ мұғалім бұл сұрақтар аясын өзі
де кеңейте алады.
2. Тірі және жансыз табиғат көріністерінің фотосуреттері.
Шынайы өмір мен суретті салыстырып, оқушылардың патриоттық сезімдерін артты-
ру үшін берілген адамдардың, табиғат және халқымыздың қолөнер бұйымдарының көптеген
фотосуреттері. Фотосуреттердің барлығы нақты сұрақтармен беріледі, олардың мақсаты
баланың көңілін аудару, оны тек көріп қана қоймай, қоршаған ортаның әсемдігін қабылдауға
үйрету.
3. Авторлық және балалар салған сурет-сызбалар.
Мұнда қандай да бір суреттің орындалу нұсқалары көрсетіледі. Оқулықта сурет салу жолда-
ры кезең-кезеңмен берілмейді, өйткені дайын сызбалар баланың шығармашылық қабілетінің
дамуына кедергі келтіреді. Әрбір бала сурет салудың өзіндік жолын табуы тиіс. Сондықтан
ұсынылған сызбалар жалпылама түрде берілген (бейнелер мен заттардың құрылымы), ал қалған
жағында меңгерген білімдерін қолданып, өзі ізденуі қажет. Мұндай сызбаларды мұғалім тақтада
көрсете алады. Бала сурет салудың жалпы түсініктерін мұғалімнің түсіндіруімен және көрсетуімен
қабылдағаны дұрыс.
4. Балалардың шығармашылық жұмыстары.
Мұндай жұмыстар балалардың мүмкіндіктерін көрсету үшін, яғни олар талпынуы тиіс
нәтижені көрсетеді. Балалар оған лезде қол жеткізбесе де, мұндай жұмыстарды өздері де жасай
алатынына көздері жетуі керек. Бұл репродукциялар мұғалім мен оқушының назарынан тыс
қалмауы тиіс, оларды балалармен бірге қарап, талдау қажет.
49
Барлық иллюстрацияларға сұрақтар қоса беріледі. Сұрақтар белгілі бір жұмыста не бей-
неленген деген сипатта ғана емес, меңгерілетін тақырыпқа сәйкес беріліп отырады. Мысалы,
егер тақырып түске арналса, онда негізгі сұрақтар иллюстрацияның түсті гаммасына қатысты
қойылады. Егер композиция туралы тақырып болса, онда туындының композициялық шешіміне
қатысты сұрақтар болады. Мұғалім нақты қойылған сұрақтар мен оған берілетін дұрыс жауап
қана өнер туындысын толық қабылдауға көмектесетінін естен шығармауы тиіс.
Балалардың көпшілігі үшін (мысалы, шалғай ауылдарда тұратын балалар) оқулық жылдар
бойы суретшілердің туындыларымен ғана емес, сондай-ақ тірі және жансыз табиғат нысандары-
мен танысудың жалғыз көзі болуы мүмкін екенін ұмытпау керек.
Оқулық материалының көлемі ауқымды болуы тиіс. Сонда оқулық баланы қызықтырары
сөзсіз. Егер бала сабақ барысында оқулықтағы мәліметтердің бәрін меңгеріп алса, үйде ол
кітапқа қарағысы да келмеуі мүмкін. Сондықтан оқулықтағы сұрақтардың жартысын балаларға
үй жұмысы ретінде беру керек. Бұл үйге көп тапсырма беру керек деген сөз емес, балалар
оқулықтағы иллюстрацияларды қарап шығып, сұрақтарға ауызша түрде жауап берсе жеткілікті.
2-қосымша
ЕРМЕКСАЗ, ПОЛИМЕРЛІ САЗБАЛШЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мүсіндеу – көлемді бұйымдар жасалатын бейнелеу әрекетінің бір түрі. Мүсіндеу арқылы
саусақтардың икемділігі, сондай-ақ баланың сөйлеу, ойлау, логикалық қабілеттері артады.
Мүсіндеу материалдарының кейбір ерекшеліктері бар, мысалы, ермексаз кеппейді, онымен
жасаған жұмысты кез келген уақытта түзетуге болады. Ал полимерлі сазбалшық жарты сағаттан
кейін қатып, оны түзету қиынға соғады. Алайда полимерлі сазбалшықтан жасалған бұйымдар
жақсы сақталады. Бұл материалдармен жұмыс істеу тәсілдері бірдей.
Мүсіндеу тәсілдері.
Ермексаздан мүсін жасау үшін оның домалақтау, шиыршықтау, жаныштау, созу, тегістеу және
т.б. негізгі тәсілдерін үйрену керек. Оларды білсең, қажет пішіндерді жасап, жұмыс істей аласың.
Домалақтау. Ермексаздың бір бөлігін екі алақанмен ширатып, дөңгелек пішінге келтіреміз.
Шиыршықтау. Дөңгелек ермексазды жұмыртқа немесе цилиндр пішінге келтіру. Екі қолды
бір-біріне көлбеу ұстап, шиыршықтаса, ермексаз жұмыртқа қалпына келеді.
Жаныштау. Ермексазды тандыр нан немесе диск пішініне келтіру үшін оны алақанмен
үстелдің үстінде қатты жаныштау керек.
Шымшу. Үлкен пішінді бұйымның ұсақ бөлшектерін шығаруда қолданылатын әдіс.
Созу. Ермексазды қолмен созып, қажет пішінге келтіру.
Тегістеу. Ермексаздан жасалған бұйымның артық бөлшектерін саусақ немесе кескішпен алып
тастау үшін қолданылатын әдіс.
Кесу. Ермексазды кескішпен бірнеше бөліктерге бөлу.
Тілу. Бұйымға қайшымен тілік жасау. Бұл әдіспен шөп, кірпінің инесі, құстың қауырсынының
кескінін шығаруға болады.
Біріктіру. Бөлшектерді бір-біріне қатты күш салмай жапсыру.
Балаларға бұл тәсілдердің бәрін бірден айтуға болмайды. Ең басты тәсілдерді айтып, одан соң
біртіндеп қалғандарымен танысады.
50
Ермексазды (полимерлі сазбалшықты) араластыру.
Балалар жаң түс шығару үшін ермексазды (полимерлі сазбалшықты) араластырғанды жақсы
көреді. Олар кейде бірнеше түсті араластырады, оны шектеу керек. Ол үшін негізгі және құрама
түстерді еске түсіру қажет. Балалар екі негізгі түсті араластырып, құрама түс алуға болатынын
білуі тиіс. Негізгі түстердің мөлшерін арттырып не кеміте отырып, әртүрлі реңктерді шығаруға
болады. Сонымен қатар ашық түс шығару үшін кез келген түске ақ түсті, түсті қоюландыру үшін
кез келген түске қара түсті қосу керек.
Мүсіндеуді мынадай түрлерге бөлуге болады: көлемді бейне, бедерлі сурет (бейне), ермексаз-
дан жасалған кескіндеме, мозаика.
Көлемді бейне үш тәсілмен жасалады: құрылымдық (бейне жеке бөліктерден жасалады),
мүсіндік (тұтас бөліктен мүсіндеу, жұмыс жалпыдан жекеге қарай орындалады), құрама (екі
құрылымдық және мүсіндік тәсілді біріктіреді).
Бедерлі сурет (бейне) заттың бетіне бөлшектерді орналастыру.
Ермексаздан жасалған кескіндеме алуан түсті ермексаз бөліктерін жапсыру арқылы жасалады.
Мұндай тәсілмен орындалған жұмыстар сыртынан қарағанда кескіндемеге ұқсайды.
Мозаика ермексаздың кішкене бөлшектерін суретке сәйкес жабыстыру арқылы жасалады.
3-қосымша
БАЛАЛАР ЖАСАҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ КӨРМЕСІ
БАЛАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАЛАЙ САҚТАУ КЕРЕК
Балалардың барлығында оқу жылының басында сурет салуға арналған А3 пішімді папка
болуы тиіс. Оның сыртына аты-жөндерін жазып, оқушылардың жасаған жұмыстарының бәрін
сонда салады. Жылдың соңында әрбір балада жұмыс дәптерлерінен бөлек шығармашылық
жұмыстары сақталатын папкалары болады. Бұл папкаларда оқушылардың барлық жұмысын
сақтаған дұрыс. Қорытынды сабақтарда оқушылар ата-аналарымен бірге бастапқы және соңғы
жұмыстарын салыстырып, шығармашылық деңгейлерінің өскенін көре алады. Алты жылдан
кейін шығармашылықтары қалай басталып, қандай нәтижеге жеткенін көру қызық емес пе?! Бір
сыныптың оқушыларының папкаларын алфавиттік реттілікпен орналастырған дұрыс. Ұжымдық
жұмыстар бөлек папкада сақталады. Көлемді жұмыстарды шкаф немесе сөрелерге қояды. Көрмеде
стендке ілінген жұмыстар уақыт өткен соң авторлық папкаларға қайтарылады. Оқушылардың
үздік жұмыстары арнайы «алтын қор» папкасына іріктелінеді. Ыңғайлы болу үшін оларға
«Натюрморт», «Портрет», «Пейзаж», «Анималистік жанр», «Кескіндеме», «Графика», «Сәндік
жұмыстар» деген атаулар беруге болады. Жанр және түрлерге бөліп жеке папкалар әзірлеуге де
болады. Мұндай папкалар балалардың үздік жұмыстарын сабақта көрнекі материал ретінде пай-
далану үшін тиімді. Сонымен қатар әртүрлі көрме және балалар шығармашылығы байқауларына
қатыстыра алады.
БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДА КӨРМЕНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Оқушыларды эстетикалық тұрғыда тәрбиелеуде көрменің рөлі зор. Көрмелерге барып,
оларға дайындалып, вернисаждардың салтанатты ашылуына қатысып, суретшілердің еңбектерін
тамашалауға келген көптеген адамдарды көрген балалар өздерінің жұмыстарының маңыздылығын
түсінеді. Олар жасаған жұмыстарын сырттай бақылап, байыппен бағалауға тырысады. Мұның
бәрі балалардың шығармашылықпен айналысуға құлшыныстарын арттырады.
51
Балалар көрмеге ең жақсы жұмыстар таңдалып алынатынын білетіндіктен өз жұмыстарына
шындап кіріседі. Бұл оларды ынталандыра түседі.
Көрмелер баланың қабілеті мен шабытын арттырады. Бұл оқушылар өздерін мұғалім ретінде
сезінетін үлкен сабақ тәрізді. Олар бір-бірінен үйреніп, бір-бірінің жұмысына қарап, біріншіден,
әртүрлі жұмыстардың үлгілері мен шешімдерін көре отырып, оларды өз шығармашылығында
қолдануға тырысады (балалар жаңа нәрсені тез қабылдайды); екіншіден, көрмеде паспарту,
жақтаумен әшекейленіп, қабырғаға ілінген жұмыс шкаф сөресінде жатқан жұмыстардан мүлдем
басқаша көрінеді. Көрмедегі жұмыстар салтанатты кешке сәнденіп шыққан адам тәрізді. Балалар
өздері және құрдастары жасаған жұмыстарға орындалған тапсырма деп емес, өнер туындысы
ретінде қарайды. Олар оқушы емес, көрермен және өнерді бағалаушыларға айналады. Көрмелер
әртүрлі болады: есеп беру, тақырыптық, белгілі бір шараға байланысты, байқау қорытындысы,
жанрлық (портрет, пейзаж, натюрморт), бейнелеу өнерінің түрлері бойынша (графика, кескіндеме,
сәндік-қолданбалы өнер, мүсін өнері). Мұғалімдер мен ата-аналарды, тіпті жергілікті баспасөзді
шақырып үнемі вернисаж өткізіп тұру қажет. Келушілер өздерінің тілектерін қалдыра алатын
пікір жазатын кітап болу керек.
Мұндай көрмелер ата-аналардың да эстетикалық деңгейін арттырады. Олар да көрерменге
айналып, балалары жасаған жұмыстарды түсініп, бағалауға үйренеді.
Көрмені мектепте, ата-аналары қызмет ететін жерлерде, түрлі ұйымдар мен көрме залдарын-
да өткізуге болады.
4-қосымша
«Көркем еңбек» сабағына дайындалуға қажет болуы мүмкін өлеңдер мен тақпақтар.
1-тақырып
ӨЗІМ ТУРАЛЫ
Сурет сала білемін
– Былай сал, – деп, – суретті,
Ағам мені үйретті.
Күн артынан күн өтті,
Сала бердім суретті.
Бәрін де өзім ұнаттым,
Бірде ініме сынаттым.
Сиыр салсам: – Шошқа! – деп,
Өзін салсам: – Басқа! – деп,
Айтты сынын, саспады,
Күліп, жыртып тастады.
Ал сол інім бір күні
Салғанымда түлкіні,
Деді: – Мұның ұнады,
Әдемі екен құлағы.
Мен күлімдей қарадым –
Ішім жылып барады.
Ж. Кәрбозин
52
Мен кішкентай баламын
Мен кішкентай баламын,
Айтқан тілді аламын.
Апам нанға кеткенде,
Үйде ойнап қаламын ...
Шкафтарды ашпаймын,
Кітаптарды шашпаймын.
Текшелерден үй жасап,
Қызық ойын бастаймын.
Қарындашты аламын,
Қағазға сурет саламын.
Қарғаны салсам, қарқылдап,
Мазасын алар ананың,
Онан да мысық салайын,
Шашылып жатыр талай ұн.
Қапты тескен тышқанның
Мысығым берсін сазайын.
Ө. Тұрманжанов
Кішкентай суретші
Алма, өрікті баулар тұр
Жаудырай қарап жан-жақтан,
Қапсағай бойлы таулар тұр,
Қабағын сілкіп қар қатқан.
Атылып асқар биіктен
Бұлақтар жатыр өкіріп.
Тулайды толқын-киіктер
Тастардан тасқа секіріп.
Биікте Күнмен бір тұрып,
Қарайды төмен шық үстен.
Ойнайды алуан құлпырып,
Табиғат жанып мың түспен.
Осының бәрін ерінбей,
Сыйғызған парақ қағазға,
Не дейсің енді өрімдей
Суретші мынау сабазға.
С. Мәуленов
53
Жұмбақтар
Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін.
(Көз)
Мөлдіреп екі көл жатыр,
Ортада дөңес бел жатыр.
(Мұрын мен көз)
Сөз ұққыш –
Қос тұтқыш.
(Құлақ)
Бірде төмен, бірде шығып жоғары
Сөз сөйлесең, қозғалыста болады.
(Тіл)
Екі атым бар тынбайтын,
Өзімді ғана тыңдайтын.
(Екі аяқ)
Қатар өскен дос құсап,
Екi жақта қос бұтақ.
Әрқайсысында
Бiрi қысқа
Бiрi ұзын
Бес бұтақ.
(Қол мен саусақтар)
Дөңнiң сыртқы қабаты –
Қарлығаштың қанаты.
(Қас)
Өзіңмен бірге өседі,
Өзіңмен бірге төсегі.
Көргенде оны жіп дейсің.
Бірақ киім тікпейсің.
(Шаш)
54
2-тақырып
МЕНІҢ МЕКТЕБІМ
А – деген ол – аналар ғой ардақты,
Ә – деген ол – әкелер ғой салмақты,
Б – деген ол – балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
* * *
«Н» әрпі ас біткеннің анасы,
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпіне қарашы.
* * *
«Үшті» салып көр сен,
«З» болады сенсең!
* * *
Қырын тұрған күйдегі,
«Ә» – қолжуғыш үйдегі.
* * *
Ерекше боп байқалды,
«Ф» әрпі көзіме!
Ұқсайды деп айтамын,
Бантик таққан өзіме.
* * *
Елестеткен турникті,
«П» шынымен көрнекті!
* * *
Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
Оның аты біз жазған,
Қайсы әріптен басталған?
Достарыңызбен бөлісу: |