Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет7/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
Тойбазарова-Н.А.-Учебное-пособие-ИНТЕРБ-1

3. ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР 
Бүкіл әлем педагогтарының қолданысында көптеген дидактикалық 
әдістер орын алады. Бүгінде интербелсенді оқу/оқыту әдістерін жіктеудің 
көптеген варианттары бар. Бұл жіктеулер интербелсенді әдістерді әртүрлі 
тұрғыдан түрлендіреді: мазмұндық, қолдану тұрғысынан, технологиялық 
сипаттары бойынша, т.б. Біз интербелсенді әдістерді түрге бөлудің 
негізіне М.Новиктің жіктеуін жатқыздық. 
 
Оқытудың интербелсенді әдістерінің жіктелуі 
(М.Новик бойынша) 
Тектері 
Түрлері 
Имитациялық емес 
Проблемалық лекциялар 
Проблемалық семинарлар 
Тақырыптық топтық пікірталастар
Ой қозғау (brainstorming) 
Дөңгелек үстел 
Педагогикалық ойын жаттығулары 
Имитациялық 
а) Ойын түрінде емес 
Нақты ситуацияларды талдау 
Имитациялық жаттығулар 
Тренингтер
ә) Ойын түрінде 
Рөлдік ойындар 
Іскерлік ойындар 
1)Оқу ойындары 
-блиц-ойындар 
-мини-ойындар 
-компьютерде 
өткізілетін 
ойын 
сабақтары 
2)Өндірістік ойындар 
-проблемалық-іскерлік ойындар 
3)Зерттеу ойындары 
-проблемалық-іскерлік ойындар 
Ойын түрінде жобалау 
Пікірталас 
Пікірталас – оқушылардың сыныпта немесе шағын топ ішінде нақты 
бір өміршенді проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен 
алмасып, оларды дәлелдеп, өзге позициялармен толықтыру әрекеттері. 
Қандай да болмасын дамудың негізінде пікірлердің тоғысуы мен 
олардың қарама-қайшылықтары, олар туғызатын қақтығыс пен дау-дамай 
жатады – бұл диалектика заңдылығы. Бұл заңдылық әсіресе қоғамның 
әлеуметтік, саяси дамуы мен жеке адамның рухани және кәсіби өсуіне 
жан-жақты ықпал жасайды. 


24 
Пікірталас – оқу/оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі, өйткені оқушылар 
қандай да бір өміршеңді мәселе немесе проблеманы жан-жақты қарастыру 
және талқылауда өздерінің теориялық және практикалық білімдерін 
жинақтап, оларды қолдана отырып, өз көзқарасын пайымдау мен 
түйіндеуге, өзге пікірлерді ескеруге және оларды өз қажетіне пайдалануға 
үйренеді.
Оқушылар 
пікірталаста 
еркін 
қарым-қатынаста 
болып, 
өз 
позицияларын қалыптастыру және қорғау, олады өзге пікірлермен 
салыстыру әрекеттерімен айналысады. Сол арқылы олар демократиялық 
қоғамның басты ерекшелігі болып табылатын идеологиялардың 
қақтығысуына белсенді түрде араласады. Пікірталас оқушы сыныпқа 
өмірдің шынайы проблемаларын әкеліп, оларды әртүрлі көзқарас 
тұрғысынан қарастырады, ең тиімді шешімдерін табуға бағыттайды.
Баяғыда Үргеніш ханы Сырым батырды мұқату мақсатында 
кенеттен оған мынандай сауал қойған екен: «Дау мұраты не? Жол 
мұраты не? Сауда мұраты не? Қыз мұраты не?». Сонда Сырым шешен 
жұлып алғандай: «Дау мұраты – біту, жол мұраты – жету, сауда 
мұраты – ұту, қыз мұраты – кету!» деп жауап қатқан екен.
Бұл жерде «біту» сөзі тек «аяқталу» деген мағынада емес, сонымен 
бірге «бітімге келу» деген мағынада қолданылған. Пікірталастың мақсаты 
жеңу емес – ортақ бір мәмілеге, бітімге келу, қарастырылған проблеманы 
шешу екендігін ұмытпаған абзал. Көп жағдайда оқушылар бұл қағиданы 
ұстанбай, жеңіске жетуге ұмтылуы да мүмкін. Олар мұндай кезде ізет пен 
байыпты, әдет пен тәртіпті ұмытып, қызыл кеңірдек болып, қарсы пікір 
ұстанғандардың жағасынан алуға дайын болады. Әрине, бұл жерде оларға 
ақиқаттың өзінің де, оған барар жолдың да қажеті болмай қалады.
Пікірталаста қатысушылар жаңалық ашуға ұмтылмайды, олар өздері 
үшін маңызды бір пікір қабылдайды. Ал бұл пікір басқа пікірлер мен 
көзқарастардың тоғысуы мен қақтығысынан пайда болады. Алғашында 
қандай да болмасын сипатта болған үйренушілердің пікірі талас пен 
сайыста келтірілген өзге тұжырымдардың ықпалымен өзгереді, яғни 
олардың қасиеттерін белгілі бір дәрежеде қабылдайды, өзіне сіңіреді.
Пікірталастың басты мақсаты – әр үйренушінің қарастырылған 
проблема бойынша өзіндік пікір, көзқарасты қабылдауы, бір байлам мен 
шешімге тоқтауы. Мұндай проблеманың ғылымда, теория мен практикада 
нақты шешімі бар болғандықтан, оны үйренушілер сыныпта тек өздері 
үшін ғана қабылдайды.
Мұғалім пікірталастың мынандай ережелерін қадағалауды талап етуі 
керек: 
1. Пікірталаста тұлғаның жеке қасиеттері сыналмай, тек пікірлер, 
көзқарастар мен пайымдаулар ғана сыналуы тиіс. 
2. Пікірталаста басты мақсат жеңу емес – ақиқатқа жету. 


25 
3. Басты этикалық ереже: басқа пікірлермен келіспеуге болады, алайда 
оларды сыйлау керек. 
4. Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлуге болмайды. 
5. Басқа пікірлермен келіспеушілік болған жағдайда, оларға жалаң 
түрде баға бергеннен гөрі («Бұл дұрыс емес!», «Бұл қате 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет