73
Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға
өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады.
Комплиметтердің жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай,
толық
сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазы болған соң оқушылар бұл
парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай лоарды бір-біріне
лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар
домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады.
Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады.
(Бұл ойсергек «Step by step» бағдарламасы практикасынан алынды).
Қос шеңбердегі комплименттер
Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін
қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне бет қаратып тұрған
оқушылар кезектесіп бір-біріне комплимент айтуы керек. Содан кейін ішкі
шеңбердегілер
оң жаққа бір адым жасап, алдында алмасып тұрған басқа
оқушымен комплименттермен алмасады.
Екі қолды жұмысқа жұмылдыру
Оқушылар екі қолына да қаламсап алып,
бір мезгілде екі қолымен
мынандай әрекеттерді атқарады:
1. Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады.
2. Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады.
3.
Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен фамилиясын жазады.
Бұл жерде жазуды оңайлату үшін есім мен фамилиядағы әріптер санын
теңдестірген дұрыс: егер фамилия ұзын болса, мұндағы «-ов\-ев», «-
ова\-ева» жұрнақтарын алып тастап, есімге «жан» түбірін қосса болады.
Оқушыларға салғандары мен жазғандарының олқы шыққандығына назар
аудармауларын ескерту керек. Мұнда ең бастысы-жазудың өзі, сол себепті
де тоқтамай, әрекеттене беру керек.
Бұл ойсергектің мақсаты мынандай:
Әдетте оңқайлардың (оң қолымен жұмыс жасайтындардың) миының сол
жақ жарты шары жұмысқа жұмылдырылады да,ал оң жағы жұмысқа
белсене араласпайды.Екі қолмен бір мезгілде әртүрлі ірекеттер
жасағанда,мидың екі жағы да іске жұмылады екен.
Достарыңызбен бөлісу: