Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет20/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Қарын мен төбе 
Жоғарыда келтірілген мақсатта (мидың екі жарты шарын іске 
жұмылдыру үшін) бала кезден белгілі мынандай әрекет жасауға 
болады:оқушылар сол қолымен қарындарын сипалап,оң қолдарымен 
төбелерін ақырындап шапалақтайды.Мұалімнің берілген командасы 
бойынша («Үш,төрт!Қолдарыңызды ауыстырыңыздар!») олар қолдарын 
алмастырулары қажет. 
Әрине,бұл тапсырманы орындау оңайға соқпайды. 
Мұрын не құлақ 
Аталмыш мақсатта (мидың екі жарты шарын іске жұмылдыру үшін) 
тағы да бала кезден белгілі мынандай әрекет жасауға болады: оқушылар 
сол қолымен мұрнын ұстаса, оң қолымен сол құлағын ұстайды. Мұғалімнің 


74 
берілген 
командасы 
бойынша 
(«Үш,төрт!Қолдарыңызды 
ауыстырыңыздар!») олар қолдарын алмастырулары қажет. 
Әрине,бұл тапсырманы да орындау оңайға соқпайды.
Ән шырқау 
Оқушы топтарына ел арасында көп тараған,кеңінен таныс әндердің 
бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып 
беріледі.Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып,кезекпен 
карточкаларда келтірілген әндерджді бірлесе орындауы керек. 
Оқушыларға Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір 
Хасанғалиев, Нұрғиса Тілендиев секілді танымал компазиторлардың 
әндерін 
ұсынған 
орынды 
(«Арыс 
жағасында», 
«Ақ 
бантик», 
«Армандастар», «Атамекен», «Өз елім» т.б.). 
Мадақтау 
Оқушылар екі топқа бөлінеді де,әр топ бір минут ішінде қарсы топ 
пен оның мүшелеріне мақтау мен комплимент айтуға дайындалуы 
керек.Олар баскқа топтағы әрбір оқушының сыртқы пішінінен, адами 
қасиеттерінен,сабақ үлгерімінен тек жағымды жақтарын атауы қажет. 
Уақыт өткен соң екі топ кезектесіп бірін-бірі мақтайды. 
Ойсергек «Арқаға жазылған комплименттер»
Әр оқушының арқасында түйрегішпен (немесе скотчпен)А-4 
форматындағы қағаз бекітіледі.Оқушылар сынып ішін аралап жүріп,бір-
бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы,жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі 
мақтайды.2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып,шағын топ ішінде бір-
біріне жазылған комплименттерін оқып береді. 
«Бұл кім» 
Жүргізуші (мұғалім немесе әдейі дайындалған оқушы) сыныптағы 
бір оқушыны ауызша сипаттайды:оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, 
киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін т.б. келтіреді. Әрине, ол оқушының 
есімін атауға болмайды және де сипаттардвң барлығы да жағымыды 
тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушыны мақтаған дұрыс. 
Бір-екі сипаттан кейін жүргізуші оқушылардан: «Бұл кім? Сіздер 
таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылар 
таппаса ,сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді. 
Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол ақ жейде 
киген...Ол кім?... Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында 
қаламсап бар..Ол кім?..». 
Бұл ойсергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын 
арттыруға бағытталған: оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы 
әңгімелерді өте ұнатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет