Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет5/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


17 
2. ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ БІРІ 
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ 
 
Қызығушылықты ояту арқылы мынандай әркеттерге баулуға болады: 
Әр сабақтың басында оқушылардың 

«Мен осы тақырып бойынша не білемін?

Не білгім келеді?

Бұл білім маған қалайша қажет болады?» секілді сұрақтарға жауап 
ізденіп,
кері байланыс жасауы орынды. 
1.Үйренушілер өздерінің бұрынғы жеке білімін айқындайды. 
Бұл үшін үйренушілер қарастырылатын тақырыпты жеке тәжірбиесі 
тұрғысынан ой елегінен өткізіп, ол бойынша не білетіндігін естеріне 
түсіреді, оларды талдайды. Бұл әрекет оларды белсенді жұмысқа 
ынталандырады және өздерінің бұрынырақ алған білімдеріне баға беруге 
шақырады, өйткені мұнда әр үйренуші «Мен осы тақырып бойынша не 
білемін? Менің білетінім қандай дәрежеде екен? Менің есімде нендей білім 
жатталып қалды екен? Ол маған қалайша қажет болып еді?» сияқты 
сұрақтарға жауап береді. Осы арқылы оқушы бұрынғы білімін жаңа 
білімен салыстырып, байланыстырады. Осы әрекеттер арқылы ол жаңа 
білімді игеруге ынталанады, онда қызығушылық пайда болады. Оқушы 
жаңа білімнің бұрынғы білім негізінде қалыптасатындығына көзін 
жеткізеді, әр білім алдыңғы білімнің жалғасы екендігін және білім игеру 
ісінің үздіксіз процесс екендігін түсінеді.Өз кезегінде бұл тұжырымдар 
оқушының өз біліміне деген жауапкершілігін арттыра түседі. 
Жаңа тақырып оқушыларға таныс болмаса да, оның бұрында 
кезікпегін айқындау ісі белсенді жұмысқа жетелейді. Мұнда «Бұл не нәрсе 
екен? Мұны білу қаншалықты керек болады? Бұны қалайша білуге 
болады?» деген сынды ойлар мен мақсаттар оқушыларды алға бағыттайды, 
олардың жаңа тақырыпқа деген құлшынысының себептері болады. 
2.Үйренушілер талқыланатын тақырыпты кең ауқымды контексте 
қарастырады. 
Білім игеру процесінің басты мақсаты- бірінші кезекте тұлға (адам) 
мен азамат қалып-тастыру екендігін ұмытпау қажет. Сол себепті де қандай 
да болмасын тақырып пен мазмұн тек сабақ (немесе пән) аумағында 
қарастырылмай (тар констекст), жалпы мәселер (рухани, әлеуметтік, саяси, 
идеологиялық, саяси, экономикалық, этикалық, кәсіби т.б.) аумағында 
талқылануы шарт. Кең контекст оқушылардың ой-өрісін дамытумен қатар, 
олардың дүниетанымы мен көзқарастарын да кеңейтеді. Бұған қоса оқу 
материалы өмірімен байланыстырылады, ол тек игерілуі қажет ететін 
ақпарат деңгейінде қалмай, жалпы дүнетанымдық сипат алады. 


18 
3. Үйренушілер белсенді болады.
Білім игеру процесі-белсенді процесс. Ол тек әрекет арқылы ғана 
жүзеге асырылады. Бұған қоса іс-әпекеттердің түрлері мен өзіндік дәрежесі 
неғұрлым көп және жоғары болса, білім игерудің тиімділігі де арта түседі. 
Әдетте сабақта оқушы көбіне-көп екі жұмыс атқарады, олар-тыңдау
мен жазу ( көшіру). Ал белсенді әрекеттер дегеніміз өздігінен түсіну, 
талдау, шешім қабылдау, жаңа мазмұн құрастыру, өз білімінді бағалауға 
негізделген ойлану талқылау, өз пікірін тыңдап, оны қабылдау,өз пікірінді 
жазу секілді жеке және бірлескен жұмыс түрлері. Осындай белсенді 
әрекеттер тұлғаны жан-жақты дамыта түсіп, оның білім игерудегі 
көкжиектерін кеңейтеді. 
4.Үйренушілер 
ізденіс, 
зерттеу 
және 
талдауға 
негізделген 
шығармашылық жұмыстарға жұмылады. 
Әрбір адамда жаңа нәрсеге деген құлшыныс болады: біз 
жаратылысымыздан таныс емес жәйттерге әуеспіз, қызығушыдық 
танытамыз. Тіпті кішкене нәрестелер де жаңа ойыншықты көргенде, біз 
уақытын оны зерттеуге (жан-жағынан мұқият қарап, өолымен ұстап) 
жұмсайды. 
Адамның осы қасиетін оқушы аудиториясында ұтымды қолданған 
абзал. Сол себепті де оларға шығармашылық тобы жоқ жұмыстарды 
ұсынбау 
керек. 
Олардың 
қатарына 
репродукцияға 
негізделген 
көшіру,қайталау, жаттау сынды әрекеттерді жатқызуға болады. 
Оқушыларға ұсынылған жұмыстар ізденіс пен зерттеуге, талдау мен 
сараптауға сүйенетін, өзіндік тұрғыдан орындалатын шығармашылық 
жобалар қатарында болады. 
5.Үйренушілер алдағы тақырып бойынша қажеттіліктерін айқындайды. 
Өз мүдделерін мен қажеттіліктерін айқындауы («Не білгім келеді?») 
әр оқушыға өзінің сабақ процесіне тікелей қатысы бар екендігін 
сезіндіреді. Сол арқылы оқушы өзін сабақтың тыс бақылаушы емес, оның 
белсенді қатысушысы ретінде таниды. Өз кезегінде бұл жәйт оның 
белсенділігін арттырып, сабақ тақырыбына деген ынтасын жоғарлатады. 
6. Үйренушілер прагматикалық тұрғыдан ой толғауға және талқылауға 
жұмылады. 
Әр сабақтың қандай да болмасын маңызы (жалпы дамытушылық, 
рухани, философиялық, әлеуметтік, кәсіби, тұрмыстық т.с.с.) оқушы 
назарынан тыс қалмауы орынды. Оқушы өзіне прагматикалық сипаттағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет