Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019



Pdf көрінісі
бет4/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Тойбазарова-Н.А.-Учебное-пособие-ИНТЕРБ-1

Орта 
қалыптастыру 
 
-білім алушы оқып/үйренде өз әрекеттерінің 
жемісті екендігін сезінетінжағдайлар жасау; 
-үйренушілер 
арасында 
ашық, 
еркін, 
шығармашылық қарым-қатынас орнату; 
-үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны 
ізденуге бағыт-бағдар сілтеу; 
Әрекет арқылы 
үйрету/үйрену 
-үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы 
ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу; 
-үйренушілерді 
белсенді 
рекеттерге 
баулып, 
олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру. 
Өмірмен 
байланыстыру 
-үйрету/үйренуді практикалық әрекеттеге негіздеу, 
пәнмен 
тақырыпты 
күнделікті 
өмірде 
туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру. 
Өзінділік 
пен 
дербезтікке 
баулу 
-үйренушілердің 
дайын жауаптарын қанағат 
тұтпай, оларды ой-толғанысарқылы өзіндік пікір 
құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан 
жауаап табуға ынталандыру(егер оқушы жауап 
бере алмаса, дұрыс жауапты өзі бермей, оны басқа 
оқушылардың табуына ықпал жасау); 
-үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау 
бағдыларын 
қалыптпстыру(күмәндану, 
өзіндік 
түсініске ұмтылу, ақпараттан әртүрлі мағынаны 
көре білу, дәлелдеме келтіру). 
Бұл біліктер тұлғаның тұрақты қасиеттеріне айналып, тек оқушы 
сыныбында орын алып қана қоймай, сонымен бірге өмірдің басқа да 
жақтарынан тиянақты түрде көрінеді. 
Дәстүрлі оқытуда басты мақсат «нәтиже» болып, ұстаз өзінің барлық 
күш-қайратын «үйретуге»бағыттайды, шәкірттің қорытынды нәтижеге ең 
қысқа жолмен жетелеуге тырысады. Мұнда оқытудың нәтижелігі бірінші 
кезекте ақпаратпен байланыстырылады: үйрету процесі оқушыға ақпарат 
«беруге» бағытталады, оны жаңа мәліметпен қамтамасыздандырумен 
шектеледі. Дәстүрлі оқытуда білім беру процесі көп жағдайда оқушының 
сабаққа «таза парақ»(tabula rasa) күйінде келіп (немесе іші қуыс ыдыс 
секілді), мұғалімнің оны сабақта біліммен «толтырумен» айналысатын 
құбылыс деп түсініледі. Шәкірт сабақта жаңа білім алып, сабақтан кейін 
оны бекіту жұмысымен ғана айналысты. 


10 
Оқу 
жүйелері 
Пара- 
метрлер 
Дәстүрлі білім беру 
(білімді 
жинақтауға 
негізделеді) 
Интербелсенді оқу 
(білімді 
өздігімен 
игеруге 
негіделеді) 
Оқу 
жүйелері 
Пара- 
метрлер 
Дәстүрлі білім беру 
(білімді 
жинақтауға 
негізделеді) 
Интербелсенді оқу 
(білімді 
өздігімен 
игеруге 
негіделеді) 
Мұғалім рөлі 
Білім 
көзі, 
белсенді 
үйретуші, біліммен «бос 
ыдыстарды» толтырушы, 
оқушылардан анағұрлым 
көп 
білуші, 
«солист», 
«жалғыз актерлі театр» 
актері, «асаба». 
Таным 
процесі 
мен 
үйренуді 
ұйымдастырушы, жүргізуші, бағыт 
– бағдар сілтеуші, проблемалық 
түрде оқушылар түйсінетін және 
талдайтын болмысты құрастырушы. 
Оқушы рөлі 
Ырықсыз, бәсең, айтқанды 
орындаушы, қайталаушы, 
тыңдаушы. 
Белсенді, 
өз 
біліміне 
деген 
жауапкершілікті түсінуші, білімді 
өздігімен 
игеруші, 
өз 
қажеттіліктерін айқындаушы. 
Мұғалім 
әрекеттері 

Мәліметтер 
мен 
ақпараттар береді; 

Өзі 
жасаған 
қорытындылар 
мен 
тұжырымдарды келтіреді; 
- Тапсырмалар береді; 
- Оқушылардың білімін 
тексереді. 
Оқушыларда мынандай қабілеттерді 
дамытуға ұмтылады: 
- өзіндік әрекеттер мен көзқарастар 
қалыптастыру мен дамыту, 
- ақпаратты өздігімен игеру: талдау, 
шешім қабылдау, жаңа мазмұн 
құру; 

проблеманы айқындау және 
пікірталас жүргізе білу, 

келіссөздер және пікірталас 
жүргізе білу, 
- өз сөзіне иландыру және бітімге 
келе білу. 
Оқушы әрекеттері 

Бастамашылдық 
пен 
ынтаны 
көрсетпейді, 
олардың 
есіне 
өз 
міндеттерін жиі салып, 
әрекеттерін 
қадағалап, 
бақылап отыру керек. 
- Сабақта енжарлық пен 
ықтиярсыздықты 
байқатады. 

Бәсеңлік 
пен 
ырықсыздыққа 
беріліп, 
қорытынды 
нәтижеге 
деген қызығушылығы мен 
жауапкершілігі жоқ. 
- Білімді өздігімен игереді; олар 
білімді өзіндік түсінік, ойлар, 
идеялар, көзқарас деп түсінеді. 
- Өз біліміне деген жауапкершілігі 
жоғары: 
оларға 
еш 
қысым 
жасаудың қажеті жоқ. 
- Бастамашыл, белсенді. 


11 
Ал интербеелсенді оқыту басты назарды «үдіріске», «процеске», 
яғни үйренудің өзіне, оқушылардың «қалай» және «қандай әдіс-тәсілдер 
арқылы үйренетіндігіне» аударады. Мұндағы мақсат – оқушылардың 
өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім игеруінде, оны ізденуде, 
құрастыруында. Мұндай сабақтарға шәкірттер «таза парақ» күйінде 
келмей, алдын-ала дайындалып келеді, олар сабақ басында тақырып 
бойынша өз түсініктері мен пікірлерін келтіріп, әрі қарай оларды дәлелдеу 
жүйесін құрады, пікір талас жүргізеді, өзге пікірлерді тыңдап, балама 
көзқарастарды ескереді. Басқаша сөзбен айтқанда, шәкірт өмірде әр адамға 
қажетті білік-дағдыларды қалыптастырады. Ал сабақтан кейін сол 
білімдерін өздігімен дамыта түседі [5].
Сол себепті де интербелсенді оқытуда үйренушілер мынандай әрекеттерді 
атқаруға дайын болуы керек; 

Бірлескен жұмыс, 

Танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік 
таныту, 

Бастамашылық, 

Кері байланыс жасау, 

Проблема шешу, шешім қабылдау. 
ДӘСТҮРЛІ 
ОҚЫТУ 
МЕН 
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ 
ОҚУДЫҢ 
АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ (Н.Кравченконың идеялары пайдаланылды) 
Интербелсенді оқыту барысында үйренушілер әрқашанда белсенді 
болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе біілуге, өз 
көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзғе 
пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді. Мұндай сабақтарда бір 
ғана дұрыс жауап болмайды, өйткені басты мәселе дұрыс жауапты табуда 
Әдістемелік 
ұстаным 
Білім 
дайын 
күйде 
беріледі, 
шығармашылыққа 
жол 
берілмейді. Оқу/оқыту – 
есте сақтау деп түсініледі. 
Білім дайын түрде берілмейді, 
білімді күмәнданып қабылдау: бұл 
ұстаным диалогтық қарым-қатынас, 
сыни көзқарас пен шығармашылық 
белсенділікке негізделеді. 
Әдістемелік 
тәсілдер 
Монолог, 
авторитаризм, 
қысым 
жасау, 
жасандылық, 
ұрандар, 
«мәдени жаншу (диктат)». 
Диалог, еркіндік, қысымнан арылу, 
өзіндік, мәдени ықпал.
Проблемаларға 
қатынас 
Проблемалардың 
пайда 
болуы 
жеңіліс 
деп 
түсініледі. 
Проблемалардың пайда болғаны 
оларды шешу жолдарын іздестіруге 
бастайды. 
Негізгі мақсаты 
Адамдардың 
күнделікті 
болмысқа 
бейімделуі, 
«біліктілік» 
тұжырымы 
бойынша 
білім, 
білік, 
дағды «беру». 
Күнделікті 
болмысты 
адам 
мұқтаждарына сәйкес түбегейлі 
өзгерту, «құзіреттілік» тұжырымы 
бойынша 
құзырлардың 
қалыптасуына тиімді орта мен 
жағдай жасау. 


12 
емес, керісінше үйренушінің жеке тәжірибесіне негізделген іздену 
процесінің өзі болып табылады.
Интербелсенді оқыту мектепте мынандай жұмыс түрлері мен 
әрекеттер арқылы жүзеге асырылады: 

Бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл сыныппен) 

Жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары 

Оқу, рөлдік және өндірістік (іскерлік) ойындар 

Пікірталастар 

Ақпараттың әртүрлі көздерімен жүмыс жасау (кітап, лекция, 
интернет, құжаттар, мұражай т.б.) 

Шығармашылық жұмыстар 

Жағдайаттар (ситуатциялар) арқылы үйрену нақты сетуацияларды 
талдау, кейс-стади

Презентациялар 

Компьютерлік оқыту бағдарламалары 

Тренингтер 

Интервью 

Сауалнама өткізіп, оның қорытындыларын талқылау мен талдау

Кезкелген оқу әрекеттерін кері байланыспен аяқтау т.б.
Интербелсенді оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанғандықтан, бұл 
жерде әсіресе бірлескен топтық жұмыс әдістерінің маңызын баса айту 
керек. Топтық жұмыс өзін- өзі мен басқаадамдарды танудың тиімді құралы 
болып табылады, дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы 
мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептрін түсінуге ықпал 
жасайды. Топтық жұмыстар барлық үйренушілердің жұмысқа белсене 
қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай жұмысқа шәкірттер өздерінің 
коммуникативтік дағдыларын(тыңдай білу, әр пікірді ескеру, ортақ шешім 
қабылдау, жанжалдардыболдырмау) іс жүзінде қолданады, өздері «ойнап 
шығады». Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) 
ортақ мағынасына және қорытынды нәтежиесіне өз үлесін қосып, 
басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойламен алмасады, тиімді 
нәтижеге (білімге) қандай бірлескен үйрену әрекеттері арқылы жете 
алатындығын анықтайды.
Мұндай 
қарым-қатынастағы 
бірлескен 
әрекеттер 
бірін-бірі 
жжақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, тек қана 
жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным 
процесін ынтымақтастық пен бірлесу денгейлеріне көтереді, яғни қарым-
қатынас пен оның негізг нысаны диалогты танымның басты құндылығына 
айналдырады. 
Сонымен интербелсенді оқытудың мынандай идеялары мен қағидаларын 
келтіруге тұрарлық: 

Үйрету мүмкін емес, тек үйрену ғана ықтимал. 

Білім дайын күйде берілмейді, ол тек өздігімен игеріледі. 


13 

Білім игеру үйренушілердің белсенді әрекеттері арқылы жүзеге 
асырылады. 

Оқу/оқытудың негізгі мазмұнын «не нәрсеге оқу/оқыту» емес, 
«қалай оқу/оқыту» құрайды: білік, дағды, машық, құзырлық, білімді 
игеру практикасы. 

Өмір бойы өздігімен үйрену. 

Білім тек өзіндік тұрғыдан игеріледі, өйткені «білім» дегеніміз жеке 
адамның қандай да болмасын мәселе мен проблема, ақпарат пен 
мәлімет бойынша құрастырған ойы, идеялары, пікірі, көзқарасы, 
түсінігі, дәлелдері, уәждері, тұжырымы. Ал оқу/оқыту – үйренушінің 
«МЕН-і» бірінші орынға қойылатын процесс. 

Білім бірлескен әрекеттер арқылы игеріледі: үйрену/оқу – 
коммуникативтік процесс, бірлесе үйренудің тиімділігі жалғыз 
үйренуден анағұрлым жоғары. 

Білім дегеніміз өмірде қажетті және қолданбалы мәселелер 
болғандықтан, білім игеру процесі тәжірибеге, практикаға 
(күнделікті өмірге) негізделеді. 

Оқытудың негізі – өмір сүруге үйрену/үйрету. 

Оқытудың негізгі мақсаты – адам болуға үйрену/үйрету. 

Оқыту дегеніміз диалог, ал диалог – адамгершілікке үйренудің ең 
тиімді әдісі. 

Білім 
мазмұны 
үйретушінің 
талаптырымен 
айқындалмай, 
үйренушінің мұқтаждары мен мүдделерінен туындайды. 

Оқыту қоғамға қызмет жасау идеясы арқылы жүзеге асырылады. 

Әр сабақта үйренуші тұлғасында конструктивизм, оптимизм, 
позитивизм секілді жағымды қасиеттердің дамуына ықпал жасау 
керек. 

Рефлексия – дүниетаным мен өзін-өзі танудың негізгі тәсілі
рефлексиялық тұлға қалыптастыру – оқу/оқытудың негізгі мақсаты. 

Оқуда қолданылған кез келген әрекет міндетті түрде кері 
байланыспен аяқталып отыруы керек: шәкірттер мен ұстаздарға кері 
байланыс алу мен берудің мүмкіншілігі болуы керек [5].
Бүгінде оқушыға бағытталған білім беру жүйесі жастарда 
шығармашылықтың өмір шығармашылығы деп аталатын жаңа түріне 
ынталандырады. Оның негізі Жак Делор (ЮНЕСКО) айқындаған білімнің 
басты төрт құндылықтарымен анықталады: Өмір сүре білу; Жұмыс жасай 
білу; Басқалармен бірге өмір сүре білу. 
Бұл мақсаттар бүгінгі күнгі қоғам мүшелерінің міндеттерін келесідей 
айқындайды: 
«Тұлға білім алу ісіне өмір бойы берілу арқылы әлеуметтік – 
моральдық кеңістіктің жаңа энергетикасында бақытты түрде өмір сүруге 
міндеттеледі. 
Тұлға әлеуметтену, ұйымдасу мен өндірістік қатынастардың жаңа 
формаларында жұмыс жасай білуге міндеттеледі. 


14 
Тұлға жаһандану мен мәдениеттердің сан алуандығы жағдайында 
өзге мәдениеттермен, өмір салттарымен, ұлттармен, этностармен, 
конфессиялармен ынтымақты өмір сүре білуді үйренуге міндеттеледі. 
Тұлға өзінің өмірлік проблемаларын тиімді және рухани тұрғыдан 
(әлеумет талаптарына сәйкес) шеше білетіндей өмір сүре алуды үйренуге 
міндеттеледі» (Балон процесі, 2007, 18) [ 8]. 
Алайда біз дүниедегі өз орнымызды тек өзімізге ғана тиесілі өмірді 
толыққанды сүргеннен кейін ғана таба аламыз. Ал өз өміріңді сүру-өзің 
үшін өмірде қалдырылған «кетікті» табу деген сөз, өз өміріңмен сүру-
басқалардың айтқан сөзін,істеген істерін, өмірдің барлық нышандарын 
өзіңше сезіну және түсіну.
Философ Мераб Мамардашвилидің пікірі бойынша, біздің бүкіл 
Әлеммен қарым-қатынасымыз осындай түсініктен құралады. Түсіну 
деген-Әлемдегі өз орныңды табу, өйткені сенің түсінігің Әлемнің бір 
бөлігіне айналады.Жоғарыда келтіргендей, білім өздігінше өмір 
сүрмейді,ол әрқашанда біреудің түсінігінен орын алады; білім прогресі 
мен дамуы басқа адамның басқаша түсінуіннен құралады. Өзінше түсініп 
қана әр адам осы әлемннен өз орнын табады [10 ].
Кезінде философ Мишель Монтень мындай айтқан екен: «Егер де 
оқушы Ксенеофонт немесе Платонның пікірлері хақында ойланып, оларды 
қабылдаса, ол пікірлер жаңағы фиолофтардың меншігі ғана болмай, 
оқушының пікріне айналып кетеді.» [17 ]. 
Сөйтіп шәкірттер оқыту процесінде қарастырылатын әрбір мәселе 
бойынша ой толғатып, оны өздігімен жан-жақты зерттеп, өз түсінігін 
қалыптастыруы керек. Білім алу жүйесі әр үйренушіге өз әлемін айқындап, 
оның құндылықтары мен қағидаларын белгілеуге көмек беру керек. Бұл 
арқылы оқушы өзінің ішкі жан дүниесінің ойлануға (рефлексияға) 
негізделген әлемін ашып, оны басқаруға үйренеді. 
Бұрынырақта тұлғаның дамуын біз бірінші мезетте білімділік 
тұрғысыннан өсумен байланыстырсақ, қазіргі күні педагогика бұл мәселені 
оқушылрдың өзіндік ой-толғасына (рефлексиясына ) негіздейді. 
Рефлексия дегеніміз ойлану-толғану,өз түсінігіңді қалыптастыру 
өзіңді тану мен түсіну. Рефлексияда адам өз әрекеттерін (әсіресе ойлау 
әрекеттерін) байыбымен бақылап, бағалайды. Сол себептіде үйренуші 
атқаратын барлық іс-әрекеттердің негізін рефлексия құрау керек: Сол 
арқылы шәкірт алдында тұрған барлық мәселелер мен проблемаларды
терең түсініп, оларды шеш біледі [13]. 
Рефлексиясыз айқын түсініктердің қалыптасуы екіталай:адамның 
рухани әлемі мындайда көмексі әрі жұпыны болады. Өйткені адам өз 
сезімдері, түсініктері мен идеяларын саналы түрде,жігер арқылы тәртіппен 
жүйеге келтіре алмайды, өз ойларын, олардың бағыт-бағдары мен ақиқатқа 
жақындыған тексере алмайды. Рефлексиялық білім адамның өзіне деген 
талаптарын жоғалатады, ойлау қабілетін арттырып оны «тазалайды», өз 
әрекеттерін түзету қабілетін дамытады. 


15 
Дуниеде барлығы да адам үшін, оның игілігі үшін жасалуы шарт, 
яғни адамның қолымен немесе адамның арқасында белгілі бір мақсатқа 
жетуге тырысу – адамгершілікке жатпайды. Біз бар ұмтылысымызды 
адамдарға, яғни қоғам игілігіне бағыштауымыз керек: өміріміздің ең басты 
қағидасы – басқалар үшін өмір сүру болмай ма?! Олай болса, оқыту да 
барлық әрекетті осы идеямен байланыстырып, оның төңірегіне 
шоғырландырған абзал[16 ]. 
Бүгінгі күні педагогикада білім алу мен қоғам мүдделері тығыз 
қарым – қатынаста қабылданады. Мұндай көзқарас бойынша қандай да 
болмасын білім қоғамда өмір сүріп, әлеуметтік проблемаларды шешумен 
тығыз байланыста болуы керек. Бұл ұстанымның екі атауы бар: оның бірі « 
Сыни сауаттылықты дамыту », ал екіншісі «Қоғамға қызмет жасау 
негізінде білім беру» (қараңыз: Ч.Темпл/2005, Д.Рован және В.Видович, 
Дж.Тейлор, Дж.Хербек және К.Бейер, Э.Бек, Х.Моулд). Бұл екі атау да 
мазмұн жағынан бір-біріне ұқсас, бірін-бірі толықтырады, бір -бірінің 
дамуы мен жалғасы болып табылады,сол себепті де оларды бір ұғымды 
білдіретін терминдер деп түсінген дұрыс [19 ]. 
«Сыни сауаттылық» ұғымының пайда болуы бразилиялық педагог 
Паулу Фрейренің есімімен байланыстырылады ( Ч.Темпл, 2005, Э.Бек). 
Мамандығы бойынша заңгер болғанына қарамастан, П.Фрейре Сан-Паулу 
қаласында әлеуметтік төменгі сатыда тұрған қала кедейлерінің сауатын 
ашу жұмысын өз өмірінің басты мақсаты ретінде санаған: аш-жалаңаш, 
қайыр сұраған дәрежедегі адамдарды осындай тағдыр шырмауынан, 
қоғамның жаншуынан азат ету үшін ең бірінші мезетте олардың сауатын 
ашу керек болды [20]. 
Адам қашан терең ойлана бастайды? Бірінші мезетте оның алдында 
дайын жауабы жоқ қандай да бір мәселе немесе әлі де үйреншікті бола 
қоймаған жаңа ақпарат пайда болғанда. Екіншіден, адам бұл проблеманың 
жауабын табуға ұмтылыс жасағанда немесе жаңа нәрсені түсініп, оның 
байыбына жетуге тырысқанда. Ойланудың қандай да болмасын қиындық, 
ыңғайсыздық, күмән туғанда пайда болатындығы туралы философ Джон 
Дьюи былай деп жазған: «Ойлау тығырыққа тіреліп, таңдау жасау керек 
кезде басталады» ((Дьюи Д. Психология и педагогика мышления.- М.: 
Совершенство,1997. -21 бет) [14 ]. 
Рефлексия жасағанда адам көптеген шешімдері сараптап, оларды ой 
елегінен өткізіп, өз құндылықтары мен түсініктерінің, түйсігі мен 
қажеттіліктерінің таразысына салып, салыстырады, проблеманың 
байыбына жетуге тырысады. Осыдан соң адам өзі таңдап алып, көңілі 
қалаған шешімді тура сол қалпында қабылдамай, оны жан-жақты 
қарастырады, оның оң мен солын ажыратады, кемшіліктерін келтірумен 
қатар оны қуаттау үшін дәлелдер іздейді. Бұл тұжырымдауға 
қанағаттанбай, өз шешіміне балама іздестіреді, жаңа ұсыныстар мен 
болжамдар жасайды. Ылғи да өзіне еш бүкпесіз шындық тұрғысынан 
сұрақ қойып, оған жауап іздейді, жауап тапса, қайтадан сұрақ қойып, енді 


16 
соның жауабын іздестіреді, оған да қанағаттанбай, әрі қарай «қаза береді», 
«қаза береді». Сұрақтар,сұрақтар, сұрақтар. Жауап іздеу, жауап 
іздеу,жауап іздеу.Үздіксіз іздену мен зерттеу.
Ойлаудың осындай толассыз түрі сыни ойлау деп аталады. Мұндай 
ойлау тізбекті (сызықты) түрде бір нүктеден екінші нүктеге бір бағытпен 
жылжымай,біресе алға,біресе артқа ойысады. Проблеманың шешімін табу 
мұнда ең артқы нүкте деп саналмайды: оны дәлелдеп беру керек, оның 
тиімділігі мен ықтимал қолайсыздықтарын айқындау қажет,оған балама 
келтіру керек. 
Сыни ойлау оқушылардың ойлау дағдыларын дамытып.оларды оқу 
мен өмірде туындайтын проблемаларды мәселелерді өздігімен шешуге 
бағыттайды. Осы арқылы сыни ойлау оқушыларды ақпаратпен жұмыс 
жасауға, жан-жақты тұрғыдан кез келген жәйтті талдауға, бағалауға, 
таңдау жасап, шешім қабылдауға баулиды. Оқушылар бұл секілді 
жұмыстарды жасау нәтижесінде өздеріне және өзгелерге толассыз 
сұрақтар қойып, оларға жауап іздеп, өз жауаптарын ұтымды дәлелдермен 
айғақтайды, дербес шешімдер қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет