8
1) Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға
мүмкіндік жасау.
2) әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін
ортағасалып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік
жасау.
3) үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру.
Интербелсенді оқыту - әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрету, ал
мұндай ұстаным қомақты нәтежелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп
есептелінеді, өйткені адамның жадында бірнеше мезетте тек өзінң әрекеті
мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Сол
себепті де интербелсенді
оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің
негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтанда итрбелсенді
оқу/оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтежелігін үйренушілердің
естесақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек
әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады.
Интербелсенді оқыту оқушының тәжірибесі тұрғысынан жасаған
белсенді қарым-қатынасқа негізделеді. Ал үйренушілердің тәжірибесі
дегеніміз олардың өзіндік
пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен
идеялары,
ұстанымдары
мен
пайымдаулары,тұжырымдары
мен
қорытындылары, дәлелдері мен уәждері деп айтуға тұрарлық. Оқушылар
таным процесінде бір-бірімен осы тәжірибиесімен бөліседі, міне осындай
байланыста, қарым-қатынаста
жаңа білім құрастырылып, саналы түрде
игеріледі.
Интербелсенді оқытуда білім алушылар мынандай білім, білік,
дағды, машықтарға үйренеді:
Терең ойлау, жеке рефлексилық қабілеттерді дамыту
Өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру
Ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен
керектісін таңдапалу
Ақпаратты жан-жақты талдау
Өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру
Оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін
қалыптастырып, белсенді өмірлік позитция (көзқарас, дүниетаным)
ұстану
Пікірталастарға қатысып, өз ойымен пікірін дәлелдеу
Басқада балама пікірлерді ескеру
Шешім қабылдау жіне қиын мәселелерді ешу
Ортақ жұмысқа жұмыла білу
Басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу
Үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе
жұмыс асаудың рухани және
моральды ережелерді қабылдау
Оқушы топты ұжым ретінде қабылдайды [4].
9
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН
МАҚСАТТАРЫ
Қағидалар
Мақсаттар
Достарыңызбен бөлісу: