Өмір сүру
(кең контекст)
Сабақ тақырыбы
(тар контекст)
19
сұрақтар қойып («Бұл тақырып маған тұлғалық, кәсіби даму тұрғысыннан
не береді? Оның маған келтірер пайдасы қандай болмақ?»), оларға жауап
беру үшін іздену оның сабақ тақырыбына деген қызығушылығы мен
ынтасын арттырады.
Мотивацияның ережелері
Үйренушілерде білімге деген қажеттілік тудыр, оның беретін пайдасы
туралы пікірлесу («Бұл маған не береді? Пайдасы қандай?»).
1. Әр үйренушінің білім игеру ісіне деген жеке жауапкершілігін
қамтамасыздандыруға ұмыту.
2. Үйренушілердің қызығушылығын тудыры, оны үнемі қолдап,
қыздырып отыру керек.
3. Сабақта алған білімдердің практикалық маңызына ерекше көңіл бөлу
керек. Әр сабақ прагматикалық (пайда тұрғысынан) сипат алу керек.
4. Үйренушілерді ұдайы мақта, қолпаштап, қолдап отыру керек.
5. Үйреншілер бір-бірімен жараспай, оларда өзімен-өзі жарасу сезімін
қалыпастыруға ұмытулу керек.
6. Жүргізіші (мұғалім, мұғалім) өзі де шабыттанып, сол көтеріңкі күйін
үйренуүілерге көрсетуі керек.
7. Әр үйретушінің жеке мотивтерін айқындау (үйренушінің «Бұл тақырып
мен үшін неліктен қызықты әрі пайдалы?», «Мен неліктен осы сабаққа
белсене қатысудамын?», «Бұл сабақтан мен не аламын?» сияқты
сұрақтарға жауаптары).
8. Сабақ барысында тұлға аралық қатынастардың дамуына ықпал жасау.
9. Таңдауды әрқашан да үйренушілердің өздері жасаған жөн.
Қызығушылықты тудырудың кейбір тәсілдері
1. Қызықты бір оқиғаны сипаттап беріңіз.
2. Қандай да бір талқыланған мәселе бойынша үйренушілердің пікірін білу
үшін олардың қол қөтеріп, дауыс беруін (жақтап немесе қарсы шығып)
сұраңыз.
3.Сұрақ қойыңыз.
4. Уәде беріңіз.
5. Үйренушілерді күлдіріңіз.
6. Даулы немесе басқалардың көзқарасына қарама-қарсы пікір айтыңыз.
7. Әдеттен тыс мілеметтер келтіріңіз.
8. Көрнекіліктер мен үлестірмелі материалдарды қолданыңыз. Бұған тағы
да екі тәсілді қосуға болады ( А.Ә.):
9. Өз өміріңізден немесе кәсіби тәжірибеңізден мысалдар келтіріңіз.
10. Оқушылардың шешімін қажет ететін проблемалық ситуацияны
суреттеңіз.
Қызығушылық келесі әрекеттерден бәсеңдейді
1. Мұғалім өзін үйренушілерден тысқары ұстаса.
2. Мұғалім үйренушілерді бәсең (пассив) тыңдаушылар қатарында ұстап,
оларды сол күйде қалдырса.
20
3. Мұғалім өз ұсыныстарының (идеяларының) үйренушілер үшін міндетті
түрде қажетті болады деген ойы мен пікірі
4. Мұғалімнің үйренушілерге сын айтуы, олардың емшіліктерін бетіне
басуы.
5. Оқушылардың мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап бере алмай,өздерін
дым білмес ретінде сезінуі. (Кітаптан: «Методическое пособие для
транера. Программа «StreetLaw». Сост. Мухтарова А.К., Булуктаева Ю.О.,
Калинина А.А., Асанбекова Г.С. – Алматы: Фонд «XXI век», 20017-153с.).
Сәттіліке бағытталу
Біз әдетте сәтсіздікк көп көңіл бөлетін сияқтымыз: қандай да бір іс
жасамасақ та, алдымен жіберген қателердіназарға аламыз да ( жоғарыда
айтылғадай, «жараға жабысқан
шыбын» сияқты), қолжеткізген
сәттіліктерімізге жіті мән бермейміз. Тіпті адам бойынан алдымен
кемшіліктер мен олқылықтарды іздейміз, ал оның жағымды жақтарына аса
назар аудармаймыз. Қазақтың осындайда келтіруге ыңғайлы мақалы бар
емес пе ( арулар кешірсін мені!): «Екі қатын қосылса, үшінсінің соры!».
Алайда бұл нақыл сөз тек нәзік жандарға емес, бәрімізге де тиеселі емес
пе? Оны «Екі адам (еркек болсын, әйел болсын) қосылса, үшінсінің соры!»
деп те өзгертуге болады деп есептеймін!..
Сопылардың «Игіліктер мен кемшіліктер» атты хикаясында бір адам
сопыға өмірде жаман адамдардың көптігін айтып, мұның шығады.
- Өмір-бақи мен адамдардың жамандығы мен нашарлығынан жапа
шегудемін,-деп налды әлгі адам.
- Пәление мені сөгіп, мен туралы жаман сөз айтты. Түгенше өз
сөзінде тұрмады... Анау адам да мені алдап кетті, мынау да менімен
бөліспеді.
- Бірге өмір сүретін, араласатын адамдардың тек қателері мен
жаманшылықтарын ғана байқайтын ақымақтарға ұқсама,-депті сопы
оған.
- Ондай ақылсыздар адамдардың жақсы жақтарына назар
аудармайды. Олар денедегі жараларға ғана жабысатын шыбындар
іспеттес.
Міне, біз көп жағдайда жараға жабысқан шыбын тәріздіміз: тек
жамандық пен кемшіліктерді көреміз. Бұл ерекшелік әсіресе ұстаздарға
өте-мөте тән десек те болады. Шәкірттеріміздердің қателіктеріне ерекше
көңіл бұрамыз да, оларды бетке айтуға әуеспіз..
балаларымыз бен оқушыларымызда кез келген проблеманы өздігімен
шешуге баулу қажет шығар?! Солай емес пе? Бүгін біздің қоғамға
проблема шеше білетін тұлғалар мен мамандар қажет!
Сонда проблеманы шешу дегеніміз не? Проблема шешу- өздігімен
(біреудің нұсқауымен емес!)Таңдау жасап, шешім қабылдау. Дәп осылай!
21
Біз күн ұзақ , өмір бойы өзіміз дұрыс таңдау жасауға ұмтылып, шешім
қабылдауымыз керек!
Сонымен, барлық пәндер мен сабақтарды біріктіретін жәйт-
проблема. Сол себепті де сабақтың құрылымы да проблемамен
байланыстырылуы керек деген ойға тоқталайық.
Сабақ кезеңдері мен мақсаттары
Кезеңдер Негізгі мақсаттары
Проблема
айқындау
Қарастырылатын
мәселе
(тақырып)
бойынша
негізгі
проблемаларды анықтап, оларджы игеруге оқушыларды
ынталандыру, шәкірттердің қызығушылығын ояту.
Мұғалім:
-Оқушыларды
жаңа білім
қабылдауға және игеруге
белсенділендіреді.
Оқушылар:
-Тақырып бойынша өз мақсаттарын айқындайды;
-Тақырып бойынша өз өмірлеріне тікелей қатысы бар нақты
проблемаларды айқындайды
-Проблема бойынша өздерінің бұрынғы білімдерін еіне
түсіреді, оларды салыстырады, байланысырады;
-«Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Жаңа білімнің маған
берер пайдасы қандай болмақ?» секілді сұрақтарға жауап
іздейді.
Проблема
шешу
Жаңа білімді іздену мен зерттеу кезеңі. Мұнда проблеманы
шешу жолдары қарастырылады.
Мұғалім:
-оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынады;
-оқушылардың
өздігімен
жаңа
мәліметті
жан-жақты
қарастырып, зерттеп, игеріне қажетті жағдайлар жасайды.
Оқушылар:
-жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысады;
-мәлімет бойынша пікір алмасады, ой жарыстырады, талқыға
салады;
Жаңа ақпарат туралы өзіндік пікір қалыптасытрады;
-« Қалайша жаңа білімге үйренемін /оны түсінемін/ игеремін?»,
«Қандай тәсілдерді қолданған тиімді?», «Бұл мәлімет туралы
менің ойым/түсінігім/қатысым қандай?» деген сұрақтарға
жауап беруге ізденеді:
22
Проблема
шешімін
қолдану
Үйренгенді айқындау және бағалау, проблема бойынша шешім
қабылдау кезеңі.
Мұғалім:
-Оқушылардың жаңа мағұлмат бойынша ойланып, ол жөнінде
өзара пікір алмасу мен талқылауды ұйымдастырады.
Оқушылар:
-осы сабақта білгендері мен үйренгенін тұжырымдайды;
-олардың қолданысы туралы ойланады, пікірлеседі;
-өзінің жаңа біліміне баға береді;
-жаңа білімді нақты бір проблема шешуде қолданады;
- «Не білдім/үйрендім?», «Бұл білім не үшін керек?», «Бұл
білімнің қолданысы қандай?», «Бұл білімді ары қарай қалай
дамытамын/жалғастырамын?», «Тағы да не білгім келеді?»
деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді;
-сабақта не нәрсеге үйренгендігі және қалайша жұмыс
жасағандығы туралы есеп береді.
|