18
3. Үйренушілер белсенді болады.
Білім игеру процесі-белсенді процесс. Ол тек әрекет арқылы ғана
жүзеге асырылады. Бұған қоса іс-әпекеттердің түрлері мен өзіндік дәрежесі
неғұрлым көп және жоғары болса, білім игерудің тиімділігі де арта түседі.
Әдетте сабақта оқушы көбіне-көп екі жұмыс атқарады, олар-тыңдау
мен жазу ( көшіру). Ал белсенді әрекеттер дегеніміз өздігінен түсіну,
талдау, шешім қабылдау, жаңа мазмұн құрастыру, өз білімінді бағалауға
негізделген ойлану талқылау, өз пікірін тыңдап, оны қабылдау,өз пікірінді
жазу секілді жеке және бірлескен жұмыс түрлері. Осындай белсенді
әрекеттер тұлғаны жан-жақты дамыта түсіп, оның білім игерудегі
көкжиектерін кеңейтеді.
4.Үйренушілер
ізденіс,
зерттеу
және
талдауға
негізделген
шығармашылық жұмыстарға жұмылады.
Әрбір адамда жаңа нәрсеге деген құлшыныс болады: біз
жаратылысымыздан таныс емес жәйттерге әуеспіз, қызығушыдық
танытамыз. Тіпті кішкене нәрестелер де жаңа ойыншықты көргенде, біз
уақытын оны зерттеуге (жан-жағынан мұқият қарап, өолымен ұстап)
жұмсайды.
Адамның осы қасиетін оқушы аудиториясында ұтымды қолданған
абзал. Сол себепті де оларға шығармашылық тобы жоқ жұмыстарды
ұсынбау
керек.
Олардың
қатарына
репродукцияға
негізделген
көшіру,қайталау, жаттау сынды әрекеттерді жатқызуға болады.
Оқушыларға ұсынылған жұмыстар ізденіс пен зерттеуге, талдау мен
сараптауға сүйенетін, өзіндік тұрғыдан орындалатын шығармашылық
жобалар қатарында болады.
5.Үйренушілер алдағы тақырып бойынша қажеттіліктерін айқындайды.
Өз мүдделерін мен қажеттіліктерін айқындауы («Не білгім келеді?»)
әр оқушыға өзінің сабақ процесіне тікелей қатысы бар екендігін
сезіндіреді. Сол арқылы оқушы өзін сабақтың тыс бақылаушы емес, оның
белсенді қатысушысы ретінде таниды. Өз кезегінде бұл жәйт оның
белсенділігін арттырып, сабақ тақырыбына деген ынтасын жоғарлатады.
6. Үйренушілер прагматикалық тұрғыдан ой толғауға және талқылауға
жұмылады.
Әр сабақтың қандай да болмасын маңызы (жалпы дамытушылық,
рухани, философиялық, әлеуметтік, кәсіби, тұрмыстық т.с.с.) оқушы
назарынан тыс қалмауы орынды. Оқушы өзіне прагматикалық сипаттағы
Достарыңызбен бөлісу: