16
сүйек, жүзбеқанаттарды, бекіре тектес балықтардың шеміршек
сияқты тағамдық қалдықтарды пайдаланады. Бастан алдын-ала
желбезектерін, көздерін алады, ірі бастар мен сүйектерді бөліктерге
шабады. Қалдықтарға 1 кг балық өнімдеріне 3-3,5 л есебімен суық
су құяды. Сорпаны қайнауға жеткізіп, көбігін алып, ақжелкек
тамыры мен пияз қосады, әлсіз қайнауда 50-60 минут
пісіреді.Мұхит балықтарынан жасалған сорпаға пісіру аяқталуға 5-7
минут қалғанда лавар жапырағын және бұршақ бұрыш салады.
Дайын сорпаны сүзеді.
Балық көжесі балық кесектерімен беріледі. Ол үшін балықты
өңдейді, терісімен бірге сүбеге бөледі, порцияға 1-2 кесектен кеседі.
Балықтың порциялық кесектерін бүйірі төмен ыдысқа салып, ыстық
балық сорпасын құяды және әлсіз қайнауда 5-7 минут пісіреді.
Балық басының сорпасын(бекіре тұқымдас балықтардың басы) 1
сағ. қайнатады, басты шығарып алып олардың жұмсағын
ажыратады, ал шеміршектерін жұмсарғанша дейін 1-1,5 сағат
пісіруді жалғастырады. Дайын сорпаны сүзеді. Піскен жұмсақ ет
пен шеміршекті кеседі, сорпаның біраз бөлігін құйып, қайнатуға
жеткізеді. Тамақты бергенде пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: