Н. И. Дубровская



Pdf көрінісі
бет13/151
Дата27.01.2022
өлшемі2,1 Mb.
#24459
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   151
Жаңғақтар  мен  шарлар.  Металлдық  ойықтарды  кесетін 
жиегімен  тазартылған  картопқа  қойып,  оны  айналдырып  отырып 
ойығына  байланысты  шар  немесе  жаңғақ  кеседі.Ірі  және  орташа 
шарларды  пісіру  және  қыздырылған  майда  қуыру  үшін 
пайдаланады,  ұсақтарды  –  салқын  тағамдарды  безендіру  үшін 
қажет.  
Жұлдызшалар.  Сәбіздің  фигуралық  пішінді  кесінділері  үшін 
тілгілеу  амалын  қолданады.  Диаметрі  бірдей  сәбізді  шеңбері 
бойынша бірдейлеп, содан кейін тамыр кескіш пышақтармен немесе 
арнайы  пышақтардың  көмегімен  дән  жырашығының  тереңдігін 
шамамен  2  мм  тілгілейді.  Тілгіленген  сәбізді  қалыңдығы  1  мм 
көлденең кеседі.  
Тарақшалар.  Тілгіленген  сәбізді  бойымен  екіге  содан  кейін 
қиғаштап кеседі.  
           Пайдалы кеңестер 
   Картоп  пен  тамырлы  жемістерді  (сәбіз,  қызылша) 
тазаламас  бұрын мұқият жуу қажет. 
Картоп  пен  тамырлы  жемістерді  тазалау  барысында  жұқа 
қабатпен  қабықшасын  алып  тастау  қажет.  Өзегіне  қарағанда 


13
 
 
қабықшаның астында ақуыздар мен  дәрумендер  көп. Жасылданып 
немесе өсіп кеткен картоп ерекшеленеді, себебі сыртқы қабатында 
және көзшелерінде солониннің зиянды заттары бар. 
        Көкөністің қараюына, солуына және дәрумендерді жоғалтуына жол 
бермеу  мақсатында  дымқыл  матамен  жауып,  суық  жерге  орналастыру 
керек. 
Көкөністерді тот баспайтын болаттан жасалған пышақпен кесу қажет. 
Азық-түлік  турайтын  тақтайлар  ағаштан  жасалу  керек.  Көкөністерді 
тек қана жылыдай өңдеу алдында кеседі. 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ  
1.  Көкөністерді аспаздық өңдеу қандай операциялардан тұрады? 
2.  Картопты қалай өңдейді? Оны тазартылған күйінде қалай 
сақтайды? 
3.  Қыркүйек; қараша; наурыз айларында 1 кг картопты өңдеген 
кезде қалдықтардың мөлшерін есептеңіз? 
4.  Сәбіз және қызылшаны қалай өңдейді? 
5.  1 қаңтарға дейін және қаңтарда 1 кг сәбізді өңдеу кезінде 
қалдықтардың мөлшерін есептеңіз. 
6.  Сәбізді кесудің қандай пішіндері сізге белгілі ? Оларды қандай 
тағамдар үшін пайдаланады? 
7.  Қызылшаны кесудің қандай пішіндері сізге белгілі? Олар қалай 
пайдаланылуы мүмкін? 
8.  Ақбасты қырыққабатты қалай өңдейді және кеседі? 
9.  1  кг  ақбасты  қырыққабатты  өңдеген  кезде  қалдықтардың 
мөлшерін есептеңіз. 
1 1. Басты пиязды қалай өңдейді және кеседі? 
1  2.  1  кг  басты  пиязды  өңдеген  кезде  қалдықтардың  мөлшерін 
есептеңіз. 
13.  Егер  картоп  картоп  тазалағышта  толық  тазаланбаса, 
тазаланған картоп сапа талаптарына сәйкес болу үшін не істеу 
қажет? 
14.  Сақтау  барысында  сәбіздің  сырты  қоңыр  болып,  қара  дақтар 
пайда  болса,  сәбізді  қалай  дұрыс  тазалап,  оның  қараюының 
алдын алу керек? 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет