Көкөністі көжені дайындаудың реттілігі. Етті-сүйекті сорпа
пісіріңіз. Көкөністерді өңдеңіз. Қырыққабатты қылыштап, картоп, сәбіз,
пияз және ақжелкекді бөліктеп тураңыз. Бадана собықтарын төрт
бұрыштап кесіңіз. Бадана орнына консервіленген бұршақты
пайдалануға болады, бірақ алдын-ала тұздығынан бөліп алу керек.
Табада майды ерітіңіз, кесілген пиязды салыңыз, оны 5 мин шала
қуырыңыз, соның үстіне сәбіз қосыңыз және 15-20 мин шала
қуырыңыз, ақжелкек тамырын қосып, тағы 5 мин қуырыңыз.
Қайнап жатқан сорпаға қырыққабатты салып қайнауға дейін
жеткізіңіз. Шала қуырылған көкөністерді, картоп қосып, 10-15 мин
пісіріңіз. Консервіленген жасыл бұршақ, дәмдеуіштер және тұз
салыңыз.