Тәтті көжелер. Осындай
көжелерді
жаңа
піскен,
консервіленген, кептірілген жидектер мен жемістерден жасайды.
Тәтті көжелердің сұйық негізі жемісті қайнатпа болып табылады.
Жемістерін іріктеп, жуады, жидектерді бүтіндей салады, жемістерді
текшелеп немесе тілімдеп кеседі. Дайындалған жидектер мен
жемістерді суда қант қосып пісіреді, сумен араластырылған картоп
крахмалын қосады. Дәмі мен хош иісі үшін лимон қышқылын,
лимон немесе апельсин, даршын, қалампыр қабығының үгіндісін
қосады.
Тәтті көжелерді жеке дайындалатын гарнирлермен бірге береді.
Гарнирге қайнатылған күріш, ұсақ макарон өнімдерін, үзбе кеспе,
жидектен жасалған варениктер, пудингтер, көмештер, жүгері
немесе бидай қауызын, бәлішті пайдаланады. Берген кезде қаймақ
немесе кілегей салады.
Көжелерді ыстықтай 55...60°С температурамен берсе, солай
суық түрінде10...14°C температурамен береді.