234
Қамырды аз уақыт илеу кезінде қолға, бұйым жасау және бөлу
кезінде формаға жабысады.
Иін қандырмау және ұзақ уақыт ашыту қамырдың ашып кетуіне
және оның дәмінің нашарлауына әкеледі.
Көп тұрып қалған қамырда пісіру кезінде кеуектер пайда болады.
Жеткілікті көтерілмеген бұйымдар аласа, ақшыл және шеттері
жырымдалған болады.
Жоғары температурада кезінде немесе егер кондитер шкафының
төменгі бөлігі дұрыс қызбаса, "шикілік" пайда болады, бұйым дұрыс
піспейді және жұмсағы жабысып қалады. Егер шкаф қатты қызып
кетсе онда жоғарғы қыртысы жұмсағынан ажырап қалады.
Бұйымдардағы
ұн
түйіршіктері
қамырдың
жеткіліксіз
араластырылғандығын білдіреді, ал жайылып кеткен бұйымдар
қамырдағы ұнның жеткіліксіздігін немесе оның төмен сапасын
білдіреді.
Қамырдан жасалған бұйымдарға арналған фарш. Ет фаршы үшін
шикі котлет массасын еттартқыштан тартады, табада 3 см артық емес
май қабатында қуырады, сорпа қосып бөктіреді. Сорпаны құйып
алады, ұн қуырмасына қосып ақ тұздық жасайды.
Етті салқындатады,
қуырылған басты пиязбен араластырады және тағы да ұсақ торкөзді
еттартқыштан тартады. Фаршқа тұздық құйып, тұз, бұрыш
араластырады.
Тартылған етті бұқтырылған еттен дайындауға болады.
Котлететтерінұсақтаптурайды, қуырады және сорпада немесе суда
бұқтырады. Бұқтырылған етті салқындатады, қуырылған пиязбен
бірге еттартқыштан тартады, тұз қосады, бұрыш пен етті
бұқтырғаннан қалған сорпада дайындалған тұздық құяды.
Ет фаршынабітеудей пісірілген ұсақтап туралған жұмыртқа
немесе пісірілген күріш қосуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: