Н. Ж. Туралина Қазақ поэзиясы: стиль және бейнелілік



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата21.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#62206
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
Н. Ж. Туралина аза поэзиясы стиль ж не бейнелілік

Тершең жаз, тұмаушаң қыс, жыларман күз» [47, 490-б], –
деген сияқты моншактай тізілген айқындаулар аз емес.
Өлген жылдар, өшкен күндер тізбегін,
Жас келіншек, еске салар нәрестең [46, 22-б].
Абайдың «Масғұт» поэмасындағы «өлген мола, туған жер жібермейді»
деген үлгісін еске салатын «өлген жылдар, өшкен күндер» сипаттамалары
елеулі үрдіс.
Кім жүрегін қолына алып ұстады?
48


Айтты деме албырт ақын ұшқары.
Біле білсең, отты тәтті назбенен
Сүю, сену — махаббаттың уставы [46, 16-б].
Мынау жұп-жұмыр рубаидағы «отты тәтті наз» тіркесі қазақ поэзиясы
үшін тың болып саналады. «Тас кітап» атгы өлең академик Әлкей Марғұланға
арналған. Сол туындыда:
Қылыш жүзді қиянат
Хан тағында құтырған..! [46, 114-б], - 
деген екі жол бар. «Кылыш жүзді қиянат...» - қиыннан табылған қымбат
айқындау. Ол аз дегендей автор аталмыш айқындауды азсынғандай қиянатты
метафораландырып күшейте түседі: «Хан тағында қылыш жүзді қиянат
құтырған...», «Құтыру» етістігі үлкен салмақ көтеріп тұр...
Ақындық шеберліктің деңгейін танытатын бір тетік — теңеулердің
дәлдігі мен молдығы, шығарма шырайын кіргізудегі қызметі. «Теңеу -
құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі» [60, 198-б].
Тағдырдың қасарысып бағуын-ай,
Адымым аш қарғаның адымындай.
Қайыңның отқа түскен қабығындай
Бүрісіп арманымның жануын-ай [42, 234-б].
Екінші және үшінші жолдардағы теңеу мен соңғы жолдағы ұқсатудың әсерлілігі
күшті. Тағдыр тәлкегіне ұшырап, бақталайдан мақұрым қалған пенденің зары
аянышты-ақ...
Енді ақынның ана тілі туралы өлеңіндегі теңеулерге көз жіберейік:
Таудағы тас бұлақтың мөлдіріндей,
Даламның кызыл-жасыл өндіріндей,
Бәйек боп бауырына алған бөбек жанын
Анамның мейірбанды көңіліндей.
Күйіндей тәтті толқын Тәттімбеттің,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет