тіркестің өзі «үлпілдеген аппақ, жұп-жұмсақ, жапалақ қар» деген ұғымды
білдіріп тұр, ал оның алдынан
аққу мамық эпитеттері тіркескен соң, сол
мағынаны тереңдетіп, көріктендіріп, әсерлендіре түседі. Сол сияқты
көбік қар
тіркесі «жаңа жауған, әлі жел қағып қатпаған бос қар» дегенді білдірсе, оған
үлбірек, ұлпа анықтауыштары қосылып, көз алдымызға үлбіреп, ұлпалап,
жапалақтап жауып тұрған қарды елестетеді. Әрине, дарынды ақын қаламынан
туған тартымды эпитетті тіркестер сырлы суретке айналып оқырмандарын
эстетикалық ләззатқа бөлейді.
Ақын келесі бір өлеңінде:
Кім кепіл
опасыз жыл озбасына,
Кім кепіл алтын қалам тозбасына?
Зарығып зар илеген отандасым,
Сендердің біз тұншықтык көз жасыңа» [46,553-б].
Баянсыз уақыт, тұрлаусыз мезгіл деген сияқты үйреншікті тіркестерден
бойды аулаққа салып, ақын М.Әлімбаев
жаңа тіркес тудырып, тың көркем де
әсерлі айқындау тапқан.
«Поэзияның көркемдік құрылысында ойды образды жеткізуде
айқындаудың мәні ерекше елеулі. Айқындау сөз айқындалушы мүшенің
маңызын, сыр-сипатын, ерекшелігін анағұрлым тереңірек баяндайды» [58, 37-
б].
Айқындау — поэзиядағы үнемшілдіктің қайнар көзі. Жалғыз сөз негізгі
ойды алақанға салып бергендей болады.
Ұр да жық,
обаған көз озбырлықтың,
Аямас айбалтасы азғындықтың —
Ұлықтың баласы екен Керекуде
Төбесін тоқылдатқан аз халықтың [59, 64-б].
Әрі тонағыш, әрі талағыш отаршылдың тойымсыздығын суреттеуге
«обаған көз» айқындауы мен тіркесі жетіп-ак жатқандай.
Әрі «азғындықтың айбалтасы» деген метафора
қосақталып келіп әлгі
отаршылдықтың оңбаған бейнесін қырландыра түсіреді. Осы дастанда:
Безбүйрек, жібімейтін қара тастай.
Шындықты шертіп бақты жаза баспай [59, 65-б].
«Безбүйрек шындық», яғни қатыгез, қатал шындық, тағдыр. Автордың тұңғыш
поэмасында осындай көркемдік құралдар табуы - талант қуаттылығынан.
«Айқындау – суреткердің белгілі бір құбылысты, заттың жаратылыс
табиғатын немесе адамның жан-ділін ұғынуының өлшемі болып саналады»
[30, 29-б], - деген анықтаманың растығына ақын М.Әлімбаевтың әлгі сипаттауы
дәлел бола алады.
«Мен туған үй» атты өлеңіндегі балалық шақ туралы:
Қайда бала заманам?!
Ми аралас өң мен түс
Тірілген жаз, өлген қыс [46, 148-б], -
47
деуінде «ақ» пен «қара» жай ғана түс-түр емес, молшылық пен жоқшылық
бейнесі. Бұл - шендестіру тәсілі. «Тірілген жаз» бен «өлген қыс» сияқты
метафоралы айқындаулар заманға куәлік болып тұрғандай...
Орыс сыншысы Лев Озеров «Мастерство и волшебство» деген кітабында:
«Айқындау — өзінің информацияға бай тұсы, образдық арқаулар мен
мағыналық желілердің тоғысқан торабы.
Айқындау образ тағдырын шешеді,
образды анықтайды, мүсіндейді. Ол - ой, бояу, дыбыс, жарық. Айқындау —
тереңдік, ой өрісі, интуиция, қырағылық» [61, 382-б], - дейді.
Ескінің ерегісе өшуі бар,
Жаңаның өршелене өсуі бар.
Кет аулақ, мәстек әдіс, есек есеп,
Келте ойлы, шолтаң ақыл несін құндар? [59, 83-б].
Мынау төрт сипаттаманың төртеуі де автордың құбылысқа деген көзқарасын
дәл танытқан.
Бұл тұста адам да ыстық, ауа да ыстық.
Ащы тер өн бойыңнан ағады ыстық.
Сауылдап жосылады арнасында,
Су шойын бір жарым мың градустық [59, 86-б].
Мұндағы «су шойын» бүкіл казак поэзиясында бұрын кездеспеген
кездейсоқтықтай тосын тың тіркес... Әсіресе,
тастан да қатты, темірден де
салмақты шойынды аққан су күйінде көзге елестету – тапкырлық, көркемдік
олжа.
«Мұзафардың сюжетті поэмаларының сүйіктісі де, сүйсінтері де «Естай-
Хорлан» — дейді Б.Сахариев «Күрескер түлғасы» [4, 285-б] атты кітабында.
«Естай-Хорлан» ғашықтық дастанында бас кейіпкер ғашық акын-композитор
Естай аузына автор салған мынадай ой-толғамды оқимыз:
Білмеймін оңалам ба, зорығам ба?
Төзбестей тұла бойым долы қанға.
Хорланнан мені айыру, кешір, Аллам,
Келмейді енді сенің қолыңнан да! [47, 494-б]
Осындағы «долы қан» өте тосын ұрымтал, оқыс айқындау. Бүкіл жан-
дүниесі жарылып кетердей боп ышқынған ғашықтың кейпін сол жалғыз-ақ
сипаттама ел көзіне елестетіп тұрғандай сезіледі. Сол дастанда:
Осылай өте берді, өте берді
Достарыңызбен бөлісу: