6.5. «Өрт сөндіру эстафетасы» сайысы 1 кезең
Қатысушылар төрешінің "Марш" командасы бойынша сөре сызығынан басталады және қоршауды өтеді (қоршау биіктігі 70-75 см бастау сызығынан 10 м қашықтықта орнатылғанені 2 м). Қатысушы қоршауды кез-келген тәсілмен өтеді, содан кейін бірінші кезеңнің қатысушысы 2 өрт сөндіргішті кезекпен арнайы белгіленген бір жерден екінші жерге апаруы керек. Содан кейін ол эстафетаны екінші кезеңнің қатысушысына береді. Екінші кезеңнің қатысушысы қоршаудан 10 м қашықтықта тұрады. Эстафета берілгенге дейін өрт сөндіргіш құласа команда 10 сек. айыппұл алады.
2 кезең
Қатысушы эстафетаны алып, 2 спорттық жеңді алады (жеңдер екінші кезеңнің басынан 5 м қашықтықта орналасқан), жеңдерден 10 м қашықтықта орнатылған спорттық бумды (кіші жас тобына арналған бумды) өтеді, осылайша бумнан секірген кезде жүгіру жолағына аяқтың бірінші тиюі бумның көлденең бетінің аяқталатын жерінде жүгіру жолының бойында орналасқан шектеу сызығынан асу қажет. Егер қатысушының аяғы жүгіру жолының шектеу сызығына дейін тиген жағдайда ол қайтып оралып, оны қайтадан өтуге міндетті (төреші "өтуді қайталау" командасын береді). Әрі қарай қатысушы спорттық жеңдерді шашып, өзара жалғайды. Жеңді үш иенді тармаққа қосып (тармақталу бумнан 20 м қашықтықта орналасқан), қалған жеңнің екінші басын оқпанға қосады және кезеңнің аяқталу сызығына жүгіреді. Жалғағыш бастиектерді бір-бірімен, тармақ пен оқпанға жалғауды орнында және қозғалыс кезінде жасауға рұқсат етіледі. Жалғанған жең желісі тармақтан кезеңнің аяқталу сызығына дейін төселуі тиіс(тармақтан 35 м қашықтықта), одан кейін эстафета үшінші кезеңге қатысушыға беріледі. Судьяның бұйрығынан кейін бумды қайта тапсырудан бас тарту жалпы уақытқа 10 сек. қосуға әкеледі. Эстафетаны тапсырғаннан кейін ажыратылған жеңдер үшін (өзара, тармақтан немесе оқпаннан) команда айыппұл алады.
3 кезең
Қатысушы құтқарушының жауынгерлік киімінде тұрады. Эстафетаны қатысушыға берген кезде ол газқағар киеді. Ол түтінге толтырылған шатырға кіріп, "бағалы жүкті" (доп, жұмсақ ойыншық немесе манекен) тауып, оны қауіпті аймақтан шығарып, бөлінген орынға қойып, эстафетаны келесі кезеңге қатысушылардың біріне тапсыруы қажет.
4 кезең
Екі қатысушы манекенді көтеріп, зембілге қою керек. Содан кейін зембілмен бірге белгіленген 4 кедергі арасымен (змейка) жүгіріп өтіп, шектеу сызығына дейін жүріп, манекені бар зембілдерді белгіленген орынға қойып, эстафетаны бесінші кезеңнің қатысушыларының біріне тапсыру керек. Зембілдің аяқтары арнайы белгіленген алаңда тұруы тиіс. Зембілдің аяқтарын немесе манекенді жерге тигізген кезде немесе зембілді арнайы белгіленген жерге қоймаса команда зембілдің немесе манекеннің әр жанасуы үшін 10 сек. айыппұл алады.
5 кезең
Эстафетаны алған 2 қатысушы жауынгерлік киіммен тұрған үстелдерге жету керек. Жауынгерлік киімді қоюды бесінші кезеңнің қатысушылары өздері немесе команда өкілінің көмегімен тікелей кезең басталар алдында жүргізеді. Қатысушылар жауынгерлік киімді ескертусіз толығымен киіп, "дайын"командаларын беру керек. Жауынгерлік киімді киудің дұрыстығын судья бақылайды және ол одан әрі қозғалысқа рұқсат береді ("Марш"командасы беріледі). Жауынгерлік киімді кигеннен кейін қатысушылар 2 оқпанның көмегімен 5 метр қашықтықтағы нысанадағы допты орнынан құлату қажет. Доптардың құлауы (кезеңде төрешінің жалаушасын көтеруі) тапсырманың аяқталуын көрсетеді. Нысаналарды құлатқаннан кейін екі қатысушы да мәре сызығын кесіп өтуі керек.
Ескертпе:
- Өрт сөндіру эстафетасы 5 кезеңнен тұрады. Команда құрамы 7 адам. Команданың қатысушылары өрт сөндіру эстафетасының бір кезеңіне ғана қатысуға құқылы. Эстафетаны кезеңнен кезеңге беру қолмен немесе кезең қатысушысымен жанасу арқылы жүзеге асырылады. Команданың басқа мүшелерінің немесе үшінші тараптың көмегі команданың жарыстан шығарылуына әкеледі. Конкурстағы орын эстафетадан өтуге жұмсалған ең аз уақыт бойынша анықталады.
- Барлық қатысушылардың бірыңғай киім нысаны (спорттық костюм, ұзын жеңді майка (Байка), қолғап, спорттық шалбар (шорты және қысқа жеңді майкаға жол берілмейді) болуы тиіс.
- 1, 2 және 4 кезеңдердің қатысушылары міндетті түрде спорттық каскалар мен белдіктерде жаттығу жасайды. 2-кезеңнің қатысушысы жаттығуды оқпанмен орындайды (оқпанды кез-келген ыңғайлы жолмен тасымалдауға болады). Өрт эстафетасына арналған жабдықты осы іс-шараны ұйымдастырушы тарап ұсынады.
- Нәтижелерді тіркеу қолмен немесе электронды өлшеу хронометражымен жүзеге асырылады.