7 тарау. СЛЕТТІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН АНЫҚТАУ
7.1. Командалық біріншілік байқаулар мен жарыстардың әр түрінде алынған орындардың ең аз сомасы бойынша анықталады.
7.2. Екі және одан да көп командаларда орындар сомасы тең болған жағдайда, жоғары орын «алғашқы көмек көрсету» конкурсында үздік нәтижеге қол жеткізген командаға беріледі.
7.3. Слеттің жалпы командалық біріншілігінде 3 орын алған командалар кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
8 тарау. СЛЕТТІ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Слетті қаржыландыру Атырау облысы Білім беру басқармасымен, демеушілік көмек есебінен жүзеге асырылады.
9 тарау. ӨТІНІМ БЕРУ ТӘРТІБІ
9.1. Слетке қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне оны өткізгенге дейін 5 күн (бес) бұрын алдын ала өтінім беріледі.
9.2. Слет басталғанға дейін 3 күннен кешіктірмей ұйымдастыру комитетіне команданың келуіне қатысты ақпарат беріледі (көлік түрі, уақыты және кету).
9.3. Команда басшысы жарыс орнына келгеннен кейін мандаттық комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:
Осы Ережеге қосымшада белгіленген нысан бойынша медициналық мекеме куәландырған өтінім;
команданы жарыстарға жіберу туралы білім беру бөлімінің бұйрығынан үзінді;
команда өкілінің және орынбасарының іссапар куәліктері мен паспорттары, туу туралы куәліктері немесе жарысқа қатысушылардың паспорттары.
10 тарау. НАРАЗЫЛЫҚТАР БЕРУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРАУ
Қатысушылар арасында даулы жағдайлар туындаған кезде өз командасының өкілі арқылы төрешілер алқасына өтініш немесе наразылық білдіруге рұқсат етіледі. Төрешілер алқасының наразылықтар бойынша шешімдері түпкілікті болып табыладыжәне қайта қарауға жатпайды.
Атырау облысының Төтенше
жағдайлар департаменті Төтенше
жағдайларды жою бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау майоры Ж. Демешов
"____" __________________ 2023 ж.
«Жас құтқарушы» облыстық слеті ережесінің 1-қосымшасы
Достарыңызбен бөлісу: |