Н. Жаңабаев 2023 жыл


тарау. КОНКУРСТАР МЕН ЖАРЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ



бет4/11
Дата25.05.2023
өлшемі58,17 Kb.
#96920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
6 тарау. КОНКУРСТАР МЕН ЖАРЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

6.1. Конкурстар/жарыстар басталар алдында БТА жеребе өткізеді, ол конкурстардың/жарыстардың әрбір түрі бойынша командалардың өнер көрсету тәртібін айқындайды, команда алынған нөмірге сәйкес жарысқа шығады. Кезеңдерден өту кезектілігін БТА айқындайды.


6.2. Байқау/жарыс алдында қатысушылар оларға кезеңдерден өту ережелері мен шарттарына қатысты барлық сұрақтарды қоюға, сондай-ақ ұйымдастырушылардан толық түсіндірмелер алуға құқығы бар. Байқау/жарыс басталғаннан кейін ережелерді түсінбеушілік немесе дұрыс емес аударма мәселесі бойынша шағымдар қабылданбайды.
6.3. Психологиялық тренинг жаттығулары
Өзін-өзі талдауға және өзін-өзі тану бойынша слетке қатысушылардың дайындық деңгейін анықтау, өзіне жауапкершілік алу және таңдау жасай білу, қиын жағдайлардан шығу жолын табу, айналасындағылардың мінез-құлқын түсіну, командада жұмыс істеу және төтенше жағдайда бағдарлай білу мақсатында өткізіледі.
6.4. «Таныстыру» байқауы
Ұзақтығы 8 минуттан аспайтын шығармашылық музыкалық-театрландырылған презентациялық қойылым, оның барысында команда қатысушылары өз өңірі, аумақтардағы соңғы оқиғалар, оның қызметі, жас өрт сөндіруші-құтқарушылардың қозғалысы туралы хабардар етеді. Ұлттық фольклорды (әндер, билер, костюмдер және т.б.) пайдалану міндетті шарт болып табылады. Баяндамада фотоматериалдар, аудиожазбалар, бейнематериалдар, полиграфиялық өнімдер және т. б. пайдалануға болады.
Ұйымдастыру комитеті БТА-мен бірлесіп, мынадай бағыттар бойынша қойылымды бағалау өлшемшарттарын бекітеді:
- байқау тақырыбының мазмұны және ашылуы;
- Нөмірді вокалдық орындау;
- Нөмірді хореографиялық орындау;
- костюмдер мен реквизиттерді пайдалану;
- шынайылығы;
- әртістігі;
-шығармашылығы.
Қатысушылар белгіленген уақыт шеңберінен асып кеткен жағдайда БТА лимиттен артық әрбір минут үшін жинаған баллдардың жалпы санынан 2 баллдан алады. Команда басшылары, жаттықтырушылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет