3 тарау. СЛЕТ НҰСҚАУЛЫҒЫ
3.1. Слетке жалпы басшылық ұйымдастыру тобына (бұдан әрі - ҰТ) жүктеледі.
3.2. Конкурстар мен жарыстарға төрешілік ететін қазылар алқасының құрамы мен мүшелерінің санын ҰТ анықтайды. Қазылар алқасы әр конкурсқа немесе жарысқа кемінде үш адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамын ұйымдастырушылар тікелей конкурстар мен жарыстар өткізу алдында жариялайды. Қазылар алқасының құрамына ТЖД қызметкерлері, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ (бұдан әрі – «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ), БББ қызметкерлері, «АМО» ММ Атырау облысы бойынша филиалы, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, қатысушылар командаларының өкілдері кіруі мүмкін.
3.3. Слетті дайындауды ТЖЖБ, «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ, Жедел құтқару жасағы ұйымдастырады.
3.4. ҰТ Слеттің дайындығы мен өткізілуін қамтамасыз етеді, сондықтан ҰТ төрағасымен Бас төрешілер алқасы (бұдан әрі-БТА) бекітіледі.
4 тарау. СЛЕТКЕ ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
4.1. ҰТ қала мен аудандардың қатысушы сандық құрамын айқындайды, сонымен қатар қатысушыларға осы Ережені және слет бағдарламасын жібереді.
4.2.Қатысушылар іс-шараға қатысуға 1-қосымшаға сайөтінім береді, оның ішінде еріп жүретін адамдар, жүргізушілер (команда мүшелері құжаттарының көшірмелері міндетті).
4.3. Өтінімде келесі мәліметтер көрсетіледі: жіберуші ұйымның атауы және оның заңды мекен-жайы, байланыс тұлғасы және оның деректері, команда мүшелерінің толық аты-жөні, туған күні, айы және жылы, жынысы, төлқұжат нөмірі (туу туралы куәлік), паспорттың берілген күні және қолданылу мерзімі (бар болса), үйінің мекен-жайы және телефон, созылмалы аурулар туралы ақпарат. Тізім қолтаңбамен және жіберуші ұйымның мөріменрасталады.
4.4. Слетке 13 жастан 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар жіберіледі, қосымша (туған күні бойынша тиісті құжаттарды ұсына отырып жіберу). Слет басталар алдында команданың барлық мүшелерінің жалпы жасына байланысты әр команда кестеге сәйкес нөмірді, жалпы есептегі орынды алады.
Команда мүшелерінің жалпы қосылған жасы
|
Команда нөмірі
|
77-83
|
1
|
84-89
|
2
|
90-95
|
3
|
96-101
|
4
|
102-107
|
5
|
108-113
|
6
|
114-119
|
7
|
120артық
|
8
|
Әрбір жетіспейтін қатысушы үшін, сондай-ақ әрбір кіші қатысушы үшін 13 жас немесе 17 жастан асқан команда мүшелерінің жалпы жасына қатысушының орташа жасы-14 жас болып саналады.
4.5. Команда құрамы 10 адамнан тұрады: 8 бала (5 бала + 1 қыз, 1 бала+1 қыз – әр түрлі кезеңдерде бір-бірін алмастыра алатын қосымша қатысушылар есебімен), 2 ересек (команда жаттықтырушысы және делегация жетекшісі).
4.6. Команданың әрбір мүшесінде жеке басын куәландыратын құжат (немесе туу туралы куәлік), конкурстар мен жарыстарғақатысуға жарамдылығы туралы медициналық анықтама (созылмалы аурулардың болуын/болмауын көрсете отырып)болуы тиіс.
4.7. Команданың барлық мүшелері өз ұйымдарының, аумақтық тиесілігіне сай рәміздері бейнеленген бірыңғай киіммен болуы керек (өз өңірінің өрт және құтқару қызметінің рәміздерінен атрибуттар болуы мүмкін).
4.8. Жарыс слеті кезінде қатысушылардың жолда қауіпсіздік шараларын сақтауы үшін жауапкершіліккоманда басшыларына жүктеледі.
4.9. Команда басшылары командалардың дайындығына, керек-жарағының сәйкестігіне, қажетті құжаттардың, оның ішінде медициналық құжаттардың болуына, команда мүшелерінің слетті өткізу орнына баруы және кері қайтуы кезінде, конкурстар мен жарыстарды өткізу кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауы үшіндербес жауапты болады.
4.10. Жарысқа қосылу үшін командалар келген сәтте арнайы жарақтың слетті өткізуге жарамдылығына тексеруден өтеді және слет бағдарламасына енгізілген жарыстар түрлерінен өту тәсілдерін баяндайды.
4.11. Жарысқа қажетті техниканы, қайықты, құрал-жабдықтарды 1-қосымшаға сай «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ және «АМО» ММ Атырау облысы бойынша филиалы қамтамасыз етеді.
4.12. Әрбір жарыс алдында төрешілер тобы команданың атаулы өтінімі мен қатысушылардың фотосуреті бар құжаттарды тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |