Н. Жаңабаев 2023 жыл


«Техногендік авария аймағындағы авариялық - құтқару жұмыстары» жарысының түрі екі кезеңнен тұрады



бет7/11
Дата25.05.2023
өлшемі58,17 Kb.
#96920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ереже — копия

6.8. «Техногендік авария аймағындағы авариялық - құтқару жұмыстары» жарысының түрі екі кезеңнен тұрады:
1. Жауынгерлік қанат жаю (қатысушылар өрт сөндіру құралдары мен жарақтарымен жұмыс дағдылары мен шеберліктерін көрсетеді).
Бұл кезеңге команда мүшелері толықтай қатысады. Өрт-техникалық жарақтар штаттық кестеге сәйкес өрт сөндіру автокөлігінің бөліктеріне кезең басталар алдында командамен салынады. Жеңдер өзара жалғанбаған, өрт сөндіру автокөлігінің бөліктері жабылған, өрт сөндіру сорғысының құбыры бітеуішпен жабылған, бөлік бітелген. Жарақтар жиынтығына диаметрі 77мм болатын 2 жеңқұбыр, диаметрі 51 мм 1 жеңқұбыр, РТ-80 үш жүрісті тармақталу және РСК-50 оқпаны кіреді.
Тапсырма: құрамында 5 адам бар команда (оның ішінде 1 қыз) жауынгерлік киімді киіп, сөре орындарына тарайды. Әр қатысушы арасындағы қашықтық 15 м. Белгі бойынша бүкіл команда бір уақытта бастайды. Қоршауды, бумды кез-келген әдіспен өтеді (бумнан құлаған жағдайда қатысушы оны қайта өтеді). Егер команда мүшелерінің кем дегенде біреуі бум немесе қоршауды өте алмаса, онда команда кезеңнен шығарылады. Содан кейін команда өрт сөндіру автокөлігіне жүгіріп келеді, оның бөліктерін ашып өрт сөндіру жарақтарын шығарады, диаметрі 77 мм жеңдерді өрт сорғысының қысымды құбырына қосады, жалғанған 77мм жеңнің бір басын үш иенді тармаққа қосып 2 жеңді магистральдық желіні төсейді, диаметрі 51 мм бір жеңге жұмыс желісін төсеп жеңнің бір басын үш иенді тармаққа қосады. Өрт сөндіру автомобилінен 58 м қашыққа жеткенде, оқпаншы жеңнің екінші басына оқпанды бекітеді.
Егер екі 77 мм арынды жеңнің, 51 мм бір арынды жеңнің жалғағыш бастиектері, РТ-80 үш иенді тармаққа және РСК-50 оқпаны қосылған, 77 мм қысымды жеңнің жалғағыш бастиегі AЦ-40 қысым құбырына қосылған, оқпаншы өрт сөндіру автомобилінен 58 м қашықтықта тұрған болса тапсырма орындалды деп есептеледі.
Айыппұл балдары жоқ. Кезеңде ең аз жұмыс уақыты бар команда жеңеді. Кезеңдегі жұмыс тактикасын команда анықтайды, кезеңнің ұзындығы 200 м. Жауынгерлік қанат жаюдан кейін, оқпаншыдан басқа қатысушылардың орналасуы ерікті түрде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет