6.10. «Өткел» сайысы Кезеңде командадан 6 қатысушы (1 қыз бала) қатысады, оның ішінде 1 зардап шегуші. Қатысушалар карабині бар белдікпен және белдікке қосымша 50 см болатын басында карабин бекітілген арқанмен тұрады. Кезең өзеннің 2 жағасындағы 2 бағанмен жабдықталған. Команда тапсырмасы 1 зардап шегушіні өзеннің келесі жағасына альпинистік құралдармен өткізу.
1 кезең. №1 құтқарушы сақтандырғыш 2 арқанмен (негізгі арқан 2 қабатты, 1 сақтандырғыш арқан 1 қабатты) өзеннің келесі бетіне өтеді. Өзеннің келесі бетіне өткен қатысушы 2 қабатты негізгі арқанды, өзен жағасындағы бағанға өз бойынан асатындай етіп байлайды, сонымен қатар 1 қабатты сақтандырғыш арқанды 2 метрдей өзіне артығымен алып, бағанның астыңғы бөлігіне бекітеді.
2 кезең. Өзеннің жағасында қалған 4 құтқарушы 2 қабатты негізгі арқанды керіп 2-ші бағанға байлайды. Сақтандырғыш 1 қабатты арқанды бағанның төменгі бөлігіне байлап, карабинді сақтандырғыш арқанға бекітіп, 2 қабатты негізгі арқанға іледі.
3 кезең. №2 құтқарушы белдігіндегі карабинді сақтандырғыш арқандағы карабинге бекітеді, сонымен қатар қосымша 50 см арқанның карабинін негізгі 2 қабатты арқанға іледі. 2 қабатты арқанды қолымен ұстап және аяқтарын арқанға іліп өзеннің келесі жағалауына өтеді. Сол уақытта өзеннің екінші жағалауында тұрған №1 құтқарушы №2 құтқарушыға көмектесіп сақтандырғыш арқандыөзіне тартады. Өзеннің келесі жағасына өткен №2 құтқарушы негізгі және сақтандырғыш арқандардан өзінің карабиндерін ағытады. Өзеннің жағасында қалған 3 құтқарушының біреуі сақтандырғыш 1 қабатты арқанды 2 қабатты негізігі арқанның бойымен кері тартып жинап алады.
4 кезең. Жағада қалған 3 құтқарушы зембілмен зардап шегушіні көтеріп, зардап шегушінің басын келесі жағаға бағыттап зембілдің бас жағындағы карабинді сақтандырғыш арқанның карабинына іліп, аяқ жағындағы карабинді негізгі 2 қабатты арқанға іледі. Кейін өзеннің келесі жағасында тұрған №1,2 құтқарушы сақтандырғыш жіпті өздеріне тартып, зардап шегушіні зембілімен 2 қабатты арқаннан және сақтандырғыш арқанның карабинынан ағытып жерге қояды.
5 кезең. №3,4 құтқарушылар №2 құтқарушы өткендей өзеннің келесі бетіне өтеді.
6 кезең. №5 құтқарушы өзеннің келесі жағасына өтпей тұрып сақтандырғыш арқанның ұшын 2 қабатты негізгі арқанның ұшындағы карабинге бекітіп алдыңғы өткен құтқарушылардай өтіп кетеді. Жағаға жеткен соң сақтандырғыш арқанның карабинін 2 қабатты негізгі арқаннан ағытып, 2 қабатты негізгі арқанның ұшын бағаннан ағытады. Сақтандырғыш арқанның көмегімен келесі жағадағы бағанға оралған арқанды ағытып алады.
Айыппұл балдары жоқ. Кезеңде ең аз жұмыс уақыты бар команда жеңеді.