ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ САБАҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛАПТАР
Ильясова А.Т.,
Мәртөк ауданы Кеңсахара орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі
Арзықұл Ж.Н.,
Шалқар ауданы №5орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі
«Қызықтырар ұстаз болса, қызықпайтын шәкірт болмас»
К.Д.Ушинский
Мұғалімдердің алдына қойылып отыр-
ған басты міндеттердің бірі оқытудың әдіс-
тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа
педагогикалық технологияны меңгеру. Педа-
гогикалық технология мұғалімнің кәсіби
қызметін жаңартушы және сатыланып жос-
парланған нәтижеге жетуге мүмкіндік бере-
тін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық
технологиядағы басты міндет оқушының оқу
27
танымдығын әрекетін жандандыра отырып,
алға қойған мақсатқа толықтай жету.
Сабақ бұл жастары шамалас, құрамы
тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйым-
дастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне
ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу.
Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық
компоненттері - мақсат, мазмұн, құралдары,
әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі
және оның барлық дидактикалық элемент-
тері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық
жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың
мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының
ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына
алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар
білім, білік және дағдыны иемденеді, олар-
дың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, арала-
суы мен көзқарастары дамиды, сонымен қа-
тар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі же-
тіледі. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай
алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде,
екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары
мен принциптерінен туындайтын, мұғалім-
нің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойы-
латын негізгі талаптарымен анықталатын
оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде
анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа
ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқу-
шылардың тұрақты құрамымен мектептің
күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиіс-
ті дидактикалық міндеттердің (білім беру,
тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.
Педагогикалық процестің біртұтастығы
тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың
негізгі формасы ретінде қарастыру қажет.
Сыныпты-сабақтық жүйенің барлық артық-
шылықтары тек сабақта ғана көрініс табады.
Сабақ оқытудың ұйымдастырылған тү-
рі ретінде динамикалық құбылыс. Ол педаго-
гикалық процестің негізгі даму теңденцияла-
рын оның біртұтастығы бағытында бейнелей
отырып, ұдайы дамиды. Бәрінен бұрын ол
оқытудың үш бірлік - білім беру - тәрбие -
даму - қызметін тиімді іске асыруда көрінеді,
олай болса, оқушылардың табиғи қасиетте-
рін шығармашыл дамытуға бағытталғанды-
ғымен де көрінеді.
Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын
әдістемелік талаптар:
1. Әрбір сабақта білім беру, даму
және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі
сақталуы
керек. Әрбір
сабақ
оқыту
процесінің басты заңдылықтарын жүзеге
асыруға ықпал етуі қажет.
Сабақта белгілі бір білімді баяндай
отырып, оқушылардың пайымдауын дамыту,
олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал
ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты
қатынасын қалыптастыру.
2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық
принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту
мен өмірдің ғылымилығы мен байланы-
сына жауап беруі керек. Кез-келген оқу
пәні бойынша кез келген сабақ - ол
процестін бір бөлігі, сондықтан да оқып-
үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың
критерийі
рөлін
атқаратын
өмірмен,
практикамен байланыстыра білу.
3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың
тақырыбымен жиі ауыстырылатын ай-
қын дидактикалық мақсатпен сипатта-
луы керек. Әрбір тақырып бойынша бір-
неше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың әр
қайсысының өзінің нақты дидактикалық
мақсаты болуы тиіс: оқушыларды ойлау
операцияларымен қаруландыру (классифика-
циялау, көшіру, жалпылау, т.б.), білімін
практикада қолдануға дағдыландыру.
4. Сабақтың барлық кезеңдерінде
оқушылардың танымдық қызметін жан-
дандыру мақсатында оқытудың әр алуан
әдістері мен тәсілдерін пайдалану. Оқушы-
ларға кез-келген бірыңғай ұзақ ықпал ету
(мысалы: ұзақ ауызша түсіндіру) олардың
ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып
келуі мүмкін. Олар сабақта алаңдайды, мұға-
лімнің ақпаратын қабылдамайды. Сондықтан
да әрбір сабақта оның әрбір кезеңдерінде
оқушылар қызметінің түрлерін орынды
өзгертуге ұмтылу керек.
5. Сабаққа қойылатын талаптардың
бірі оның эмоционалдығы. Оқушылар сер-
гек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы
керек, бұл олардың белсенділігін арттыру
тәсілдернің бірі. Сабақта әр түрлі проблема-
лық ситуацияларды пайдалану да эмоцио-
налдылыққа жағдай жасайды, оқушылардың
танымдық кызметін жеделдетеді.
6. Әрбір сабақта оқушылардың білі-
мін үздіксіз есепке алу жургізілуі керек.
Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты
кері байланыс болған жағдайда тиімді бола-
ды. Бұл жерде ең бастысы-әрбір мұғалімде
оқушының сабақтағы танымдық кызметінің
28
нәтижесін бағалау үшін байқағыштық
қасиеті жақсы дамуы керек.
7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастыру-
шылық заңдылықтарымен, оң нәтижелер-
ді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.
Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға
басушылық сезімін туғызуы керек. Сабақ
білім көлемінің елеулі өсуін қамтамасыз етуі
керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің
тамандалған бөлігі болуы тиіс.
8. Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың
элементтері қатысуы тиіс. Қайталау ешқа-
шан да жаттанды қайта айтуға алып келуі
тиіс емес. Әрбір сабақтағы жаңадан оқыла-
тын материал бұрын өтілгеннің тұрғысынан
қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа мате-
риалды баяндағанда мүмкіндігінше оны
алдыңғы өткенмен байланыстыруы, оған
сүйенуі керек.
9. Әрбір сабақ техникалық оңтайлы
және дидактикалық жарақ-тандырылган
болуы керек. Таным сезімдік қабылдаулар-
дан басталады. Әйтсе де, көрнекілік, техни-
калық құралдарды орынды пайдалану қажет,
бәрінің де шегі болуы керек. Мұғалімнің
сабаққа дайыңдалуда көрнекі, дидактикалық
құралдарды ойлап табуға және дайындауға
кеткен уақыты оқытудың нәтежесімен
ақталады.
10. Кез-келген пән бойынша әрбір
сабақтың
өткен
және
алдағымен
байланысы. Кез-келген сабақ басқалардан
оқшауланып қарастырылмауы керек, ол
сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір
буын болуы керек. Мұғалім белгілі бір пән
бойынша сабаққа дайындалғанда өткен
сабақты жақсы елестете білуі керек.
11.Сабақтың барлық уақытын үлкен
табыстылықпен пайдалану. Сабаққа да-
йындалғанда оқушылардың 45 минут бойы
жұмысын ұйымдастыруды ойластыру керек.
Сынып ешқашанда бүкіл сынып үшін
жеткілікті мөлшерде тапсырмалар, сұрақтар
жинақтаған мұғалімнің назарынан тыс
қалмауға тиіс. Сабақта оларды дайындауға
уақыт шығындамау үшін көрнекі құралдар,
аспаптар, техникалық құралдар алдын-ала
тексерілуі керек. Дәстүрлік құрылымның өзі
де (сұрау, түсіндіру, бекіту) қызметтің бір
түрінен
екіншісіне
көшкенде
уақыт
жоғалтуға алып келеді.
12. Оқушылардың бүкіл сабақ бойы
оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету. Ал-
дыңғы айтылған талаптарды орындау са-
бақтағы тәртіпті белгілі бір деңгейде қам-
тамсыз етеді Әйтсе де, мұғалім тәртіпті үстау
үшін әрбір оқушының жеке басын силай
отырып, белгілі бір талап қоя білуі керек.
Сынып ұжымы тәртіп бұзушылыққа төзбей-
тіндей болуға қол жеткізуі керек, өйткені
сабақтағы тәртіп- олардың ынтасының
орнықты болуына негіз салады.
13. Сабаққа қойылатын талаптар-
дың бірі оның құрылымдық икемділігі
болып табылады. Мысалы, мұғалім сабақ-
тың айқын құрылымын, оның нақты мақ-
сатын ойластырды, бірақ кейде сабақ белгі-
ленген жоспар бойынша өтпейді. Бұл жағ-
дайда мұғалім сабақ барысында қажетті түзе-
тулер енгізе, оның құрылымын ауыстыра,
қосымша тәсілдерді пайдалана білуі керек,
бірақ мақсатқа жету керек. Сабақ - спектакль
емес, оған көп дайындалғанмен де, ол
ешқашан репетицияланбайды.
14. Сабақтың кәсіби бағыттылығы.
Әрбір сабақтың оқу пәніне тәуелсіз, кәсіби
бағыттылығы болуы керек. Мүмкіндігінше
әр ретте оқу материалының болашақта
қандай да бір мамандықты иемденудегі
маңызын, алған білімнің алдағы бүкіл
өмірдегі маңызын атап көрсету керек.
15. Үй тапсырмасының тиімділігі жә-
не оны міндетті тексеру. Мұғалім, үйге тап-
сырма бере отырып, оқушылардың барлығы
оны орындай алатынына сенімді болуы
керек. Кейде өте қиын тапсырма ұсынылады,
бірақ кез-келген жағдайда мұғалім үй тап-
сырмасына, оның мәні неде екенін, мақсаты
қандай, оны орындаудың негізгі ережелерін
қайдан оқуға болатынын түсіндіре отырып,
түсініктеме беруге міндетті. Оқушылар
орындаған кез-келген үй тапсырмасы міндет-
ті түрде тексерілуі, талдануы керек, әйтпесе
оқушылардын өз бетінше танымдық қызмет-
ке деген қызығушылығы жойылады.
16. Қолайлы моральдық-психология-
лық және санитарлық-гигиеналық жағ-
дайлар туғызу. Бұл жағдайлар көпшілігінде
сабаққа қойылатын барлық жоғарыда атал-
ған талаптардың орындалуымен анықталады.
Әрбір сабақта, бәрінен бұрын, сыныптағы
оқушылардың арасында, мұғалім мен оқу-
шылардың арасында қалыпты қатынас орна-
29
ту керек. Оқушылардың психофизиология-
лық ерекшеліктеріп де ескеру керек. Жоға-
рыда сабаққа қойылатын он алты талап қа-
растырылды, бірақ бұл тізімді (перечень)
жалғастыруға болмайды дегенді білдірмейді.
Әрине, мұғалімнің әрбір сабақта олардың
барлығын орындауын талап етуге болмайды.
Оқытуды технологияландыру 50-60
жылдар аралығындағы алдымен американ-
дық, содан соң европалық мектептерді ре-
формалау ісімен байланысты. Оның қалып-
тасуына программалап оқытудың көп әсері
болды. Бұл туралы М.В.Кларин программа-
лап оқытуды педагогикалық технологияның
туындысы ретінде қарастырған болатын. Бү-
гінгі күнгі ғылыми-теориялық әдебиеттерде
педагогикалық
технологияларға
әртүрлі
анықтамалар беріледі. Технология қайсы бір
істе, өнерде, шеберлікте қолданылатын тә-
сілдер жиынтығы.
Д.Г.Левитестің пікірінше оқыту техно-
логиясы орындалуы педагогикалық мақсатқа
жетуге кепілдік беретін реттелген қызмет
жүйесі.
Педагогикалық
технология
Б.Т.Лихачев бойынша оқыту мен тәрбиелеу
құралдарын, формаларын, әдістерін анықтау-
дағы психологиялық-педагогикалық талап-
тар жиынтығы. Педагогикалық технология-
лар туралы сөз еткенде олардың «әдіс» ұғы-
мын қаншалықты байланысы бар, айырма-
шылығы қаншалықты екендігі жөнінде мәсе-
ле туындайды. Осы тұрғыдағы белгілі дидак-
тардың еңбектерін басшылыққа ала отырып,
төмендегідей тұжырым жасалады:
•
педагогикалық
технология
әдістер
жүйесінен тұрады;
• педагогикалық технологияда танымдық
белсенділік білім алушылардың тарапынан
болады;
• педагогикалық технология оқытудың бар-
лық деңгейінде, барлық пәндерде қолдануға
болатын әмбебаптығымен ерекшеленеді;
• пеадгогикалық технологиялар ақырғы
нәтижеге жеткізеді.
Аралас сабақтың құрылымы:
-
Ұйымдастыру кезеңі;
-
Үй тапсырмасын тексеру, сабақ мақсатын
қою;
-
Оқушыларды жаңа ақпаратты қабылдауға
дайындау;
-
Жаңа тақырыпты зерттеу және түсіндіру;
-
Осы
және
өткен
сабақта
өтілген
тақырыпты бекіту;
-
Білім және біліктерін қорыту және жүйе-
леу, алғашқы алынған және қалыптасқанды
жаңамен байланыстыру;
-
Сабақ нәтижесі және қорытынды;
-
Үйге тапсырма;
-
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-
қатынас
-
Іс-әрекеттік оқыту тәсілі
-
Даму заңдылықтарын ескеру
-
Педагогикалық
ықпалдың,
дамудың
алдын-алу
-
Баланы іс-әрекет субъектісі ету
-
Ақпараттық және жалпы біліммен бірге
амалдар мен құндылықтар жиынтығын
қалыптастыру;
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар:
Құзырлылығы (компетент).
Іздендіру, зерттеу, білімді өз беттерімен алуды қамтамасыз ету.
Технологияға құрылу.
Өнімсіз деңгей
Білім
Түсінік
Қолдау
Өнімді деңгей
Анализ
Синтез
Баға
Оқыту
Дәстүрлі
Технологиялық
Мұғалім
Оқушы
Оқу
құралы
Оқу
құралы
Оқушы
Мұғалім
30
Үй жұмысы ретінде проблемалық
тапсырмалар,
жағдаяттардын
мысалдар
келтіріп беретін пәндерден үлгерімі төмен
болса да, кәсіпке бағдарланып, мамандыққа
бейімделген кейбір оқушылар арнайы
технология сабағынан ерекше ықыласты
болып келеді. Ал озық технологияны шебер
меңгерген мұғалім, осы үлгерімі төмен
оқушылар
мұғалімге
артылған
үлкен,
жауапкершілік. Яғни, тәуелсіздік еліміздің
жан – жақты азаматтары мен азаматшаларын
дайындау сіз бен біз жауаптымыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2012
2.
Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстандық жол –
2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
Қазақстан халқына Жолдауы. А., 2014
3.
Боранбаев Ж., Омарова Л. Қазақ
мектептерінде
«Кембридж»
тәсіліне
негізделген жаңаша оқытудың бүгінгі
баспалдақтары. – Алматы, «Білім», 2012. –
4б
4.
Монахов В.М., Ярыгина А.Н., и.др.
Педагогичекие объекты. Педагогическое
проектирование. KNOW HOW технологии.
Т., 2004
5.
Қараев Ж.А., Кобдикова Ж.У. Актуальные
проблемы модернизации педагогической
системы
на
основе
технологического
подхода. – Алматы, 2005. 136с
6.
С.К.Исламғулова.
Оқу
үрдісінтехнологияландыруға
жаңаша
көзқарастар. А, 2010 ж
7.
Мұғалімніңпедагогикалықшеберлігі.
//Білімәлемі. Алматы., 2004 ж. №6.
ОҚУ ҮРДІСІН ЖАҢАША ҰЙЫМДАСТЫРУ
Каплиева Р.А.,
Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-
колледжінің мұғалімі
Қазіргі таңда білім беру жүйесі түбе-
гейлі өзгеріп,оның мазмұны мен міндеттері
күн санап күрделене түсуде. Мұның себебі
тәуелсіз еліміз өз алдына дербес мемлекет
ретінде өркениетті елдер қатырына қосылу-
ды мақсат етіп отыр. Сондықтан білім беру
саясаты жоғары сапалық деңгейден көрінуі
тиіс.
Жаңа білім беру парадигмасы бойынша
да ең алдымен, баланың жеке тұлға ретінде
дамуын қойып отырғандығы белгілі. Бұл
шаралардың барлығы мектептегі оқу-тәрбие
ісін заман талабына сай тиімді ұйымдас-
тыруды міндеттейді. Жеке тұлғаны заман
талабына сай оқыту мен тәрбиелеу ,әсіресе,
бұл даму қабілеті шектелген жандарға қа-
тысты,оларды мүмкіндігіне қарай қалыптас-
тыру заңдылықтары жан-жақты қарастыры-
лып жатыр.
Осыған орай, арнаулы мектептің басты
міндеті – оқу-тәрбие үрдісін жаңаша бағытта
ұйымдастыру нәтижесінде, заман ағымына
сай мүмкіндігінше өмір сүре алатын, қорша-
ған ортаға бейімделген, танымдық қабілеті
қалыптасқан тұлға даярлау. Бұл міндет мұ-
ғалімдерге үлкен жауапкершілікті жүктейді ,
оның салмағы да жеңіл емес екені күн сайын
дәлелденуде. Сондықтан мұғалімдер педаго-
гика ғылымындағы жетістіктерді игере оты-
рып, алуан түрлі ізденістер үлгісін көрсетуі
тиіс. Осы мәселелерді шешуде озық тәжіри-
белерге, жаңа педагогикалық технологиялар-
ға сүйеніп,оны шығармашылықпен әрі қарай
дамыта түскенде ғана сапалы білім беру
жағдайы мүмкін болады.
Қазіргі таңда педагогикалық техноло-
гиялардың бірнеше түрі сөз болып жүр. Бұ-
лардың бәрі тәжірибеде қолданылып тиімді-
лігі жан-жақты дәлелденуде. Жалпы «техно-
логия» деген термин сапалы білім беру,
мақсат қою және оған жету жолдарын таң-
дау, нәтижеге қол жеткізу деген сөз. Оны әр
мұғалім оқу мазмұнына, оқыту мақсаты мен
оқушылардың ерекшелігіне сәйкес таңдап
алады.
Мен соңғы уақытта жаңа технология
мәселесін зерделеп ,оның арнаулы мектеп
ерекшелігіне сай келетіндерін бағдарлап
жүрмін. Технологиялар өте көп, солардың
ішінде мектеп мүмкіндігіне сай келетіндері
31
мыналар деп ойлаймын. Олар: ойын арқылы
оқыту, проблемалық оқыту (танымдық қабі-
лет, оқыту мазмұнын оқушы өмірімен байла-
ныстыру), тірек белгілер арқылы оқыту, са-
ралап деңгейлеп оқыту, модульдік оқыту т.б.
түрлерін атап өтуге болады. Әсіресе, модуль-
дік оқыту технологиясын ерекше айтуға бо-
лады, себебі бұл технология оқушының тілін
дамытуға бағытталған, тақырыптың ең
негізгі түйінін ұғындыру мақсатын көздейді.
Қазіргі кезде қазақ тілі мемлекеттік тіл
болғандықтан, оны өзге ұлт өкілдеріне үйре-
ту, қарым-қатынас тіліне айналдыру кеңінен
қолға алынуда. Сондықтан тілді жедел әрі
сапалы оқыту үшін, әсіресе, орыс мектептері
М.Жанпейісованың модульдік технология
бойынша жазған оқулықтарын, әдістемеле-
рін, жұмыс дәптерлерін оқу үрдісінде қол-
дануда.
Біздің мектептің де мақсаты оқушы-
ның ауызекі сөйлеу тілін дамыту, қоршаған
ортаны таныту, өмір сүруге бейімдеу, мүм-
кіндігінше басқалармен қарым-қатынас жа-
сай білу дағдыларын қалыптастыру болып
табылады. Сондықтан арнаулы мектепте
оқытылатын барлық пән тіл дамытуға негіз-
делуі тиіс. Егер тіл сабақтарында мұғалім ба-
ланы сөйлеуге, жазуға, оқуға жаттықтырса,
ал басқа пәндерде де тілге төселдіруді
мақсат етеді.
Мысалы, математика сабағында сан ту-
ралы ойлаумен бірге, ойша шығарған есепті
сөзбен айтуға жетелейді. Сонымен қай пәнді
алсақ та, бәрі ойға қозғау салып, түсінгенін
ауызша немесе жазбаша жеткізеді. Олай
болса, тілсіз оқытылатын, ұғынатын пән жоқ
екенін талай ғалымдар дәлелдеген. Сондық-
тан модульдік оқыту мәселесін болашақта
жан-жақты зерделеу қажеттігі туындап
келеді.
Енді күнделікті тәжірибеде жиі қол-
данып жүрген технология элементтерінің
кейбіріне қысқаша тоқтала кетейін. Ойын
арқылы оқыту. Сабақ барысында оқушының
ойын сергітіп, миын шынықтыруға негіздел-
ген әдіс-тәсілдердің тиімді болатыны белгілі.
Әсіресе,
танымдық,дидактикалық
және
грамматикалық ойындардың маңызы өте зор.
Қазақ тілі сабақтарында жаңа сабақты
бекіту немесе өткенді қайталау, пысықтау
барысында ойын элементтерін қолдану өте
тиімді болады. Себебі оқушының логикалық
ойлау, танымдық қабілеттері мен белсенді-
ліктері арта түседі, сөздік қорларын молайта
түсуге септігі бар, сонымен бірге тақырып-
тың тиянақты меңгерілуіне пайдасы да зор
болмақ.
Ойын элементтерін пайдаланудағы
мақсат оқушылардың пәнге деген қызығу-
шылығын арттыру, ойлау, сөйлеу қабілетте-
рін жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, сөздік
қорларын молайту. Мен күнделікті сабағым-
да ойындарды көп қолданамын. Бұл оқушы-
ның өз еркімен ойлануына, сөйлеу тілінің
дами түсуіне жетелейді. Мысалы, «Фонети-
ка» тақырыбын өткенде дыбыстық ойындар,
шашылған әріптерден сөз ойлау, сөзден
сөйлем құрастыруға үйретуге болады.
Оқу үрдісінде ойындарды қолдану өз
нәтижесін беріп келеді, бұған дәлел оқушы-
лардың байланыстырып сөйлеу дағдылары
қалыптасып, сөздік қорлары молайып, бел-
сенділіктері артқаны байқалады. Тест тап-
сырмаларын қолдану.
Бұл өмір талабынан туып отырған,
барлық сабақта да пайдала-нуға болатын ең
тиімді әдіс. Мұнда оқушы-ның білімі
шынайы бағаланады. Себебі есті-мейтін бала
әрдайым өте жақсы баға алғысы келеді, өз
қателігін түсінбей жатады. Сон-дықтан
олардың оқуға деген ынтасын жоғал-тып
алмау үшін, оның үстіне тек бағаға бола
оқымай, оның білім көрсеткіші екеніне көз-
дерін жеткізу керек.
Тест
әдісімен
өткізген
сабақтың
мақсаты сапалы білімге қол жеткі-зу, Оқушы
білімін бақылау, әділ түрде баға-лау, ой-
өрістерін арттыру, жүйелі білім беру. Тест
жұмысы баланы ойландырады, ізденді-реді,
есте сақтауға үйретеді. Тәжірибеде өткенді
жинақтап қорытуда және жаңа сабақты
қаншалықты меңгергенін бақылау кезінде
тест түрлерін пайдаланамын. Тест түрлері
өте көп. Оны әр мұғалім шеберлігіне сүйене
отырып жүргізе алады. Мысалы, оқу
бағдарламасына сәйкес бір тақырыпты
өткеннен кейін,оқушының білімді қалай
меңгергенін бақылау үшін тіл дамыту
сабағында «Біздің сынып» тақырыбына
мынадай тест жұмысын орындаймыз:
1. Сен нешінші сыныпта оқисың?
А) Бесінші
Ә) Оныншы
Б) Бірінші
|