Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет13/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   197
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта. 
Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау. 
Біз, біз біргеміз, 
Сөгілмесін іргеміз. 
Сапалы білім басты мақсат, 
Ұмтыламыз бірге біз! 
Суреттер бойынша үш топқа бөлінеді. (Нүкте, леп белгісі, сұрау белгісі). 
ІІ. Жаңа сабаққа бағыттау. 
Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру. Мақсаты: жаңа білімді 
бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілетін материалды жеңіл
ұғынықты меңгерту. Тірек тапсырма: Білім алушылардың үйге берілген 
жаңа сабаққа негіз болатын тапсырмалармен жұмыс. 
Кіші, белгісі, пейілділік, кісілік сөздерін қатыстырып қанатты сөздер
мақал-мәтелдер құрастыру. 
Мысалы: Кішіпейілділік – кісілік белгісі.
Сөз бен сөйлемнің ара-жігін ажыратуға жағдай жасау. 
а) Сөйлемге айтылым әрекеті бойынша ойтолғау жасау.
Ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған ұлағатты 
сөздерінің қадірін жете біліп, күнделікті өмірде қолдана алу. 
ІІІ. Жаңа тақырыпты өзбеттерінше меңгеруге жағдай жасау. 


Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер 
іске асады. 
Тапсырма. Екі бағанды салыстырып оқиды. 
Сары, алтын, түбі, сабыр. Сабыр түбі – сары алтын.
Ақыл, серігі, сабыр. Сабыр – ақыл серігі. 
Ереже шығару: Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не 
нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады. 
Топтық тапсырма: Көңіл-күйді бейнелеген суреттерді тарату. Сурет 
бойынша сөйлем құрайды.
а) Сөйлемге айтылым, тыңдалым әрекеті бойынша ойтолғау. 2 мин 
2ұпай. 
б)Талдаудың бірінші сатысы. Жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеті 
бойынша сөйлемге синтаксистік талдау жасау. 
І. Синтаксистік талдау: (Жазылым, айтылым және тыңдалым іс-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет