Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



бет18/166
Дата02.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#131956
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   166
Байланысты:
Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова-emirsaba.org

2.3 Болжау қызметі 

«Басқару – демек, алдын ала көре білу» тіркесімен бол-


жаудың ұйымның басқару іс-әрекетіндегі және жалпы қыз-
метіндегі рөлі сипатталады. 
Болжау жетекшінің негізгі қызметтерінің негізгі рөлін ат-
қарады. Басқару теориясында бұл қызметті тұжырымдауға екі 
негізгі тұрғыдан: ол өз бетінше атап көрсетіледі немесе бас-
қарудың басқа қызметі – жоспарлауды жүзеге асырудың негізгі 
кезеңі ретінде қарастырылады. Бірінші тұжырым әлдеқайда
баламалы. Болжау басқарудағы өз рөлінің мазмұнын жүзеге 
асырудың айрықша формалары және әдістерінің болуымен
ерекшеленеді. Ол басқаруда дербес рөл атқарады, сондықтан да 
оның мақсат қою және жоспарлау қызметтерінің арасындағы
байланыстырушы буын ретіндегі маңызды қызметтерінің бірі 
болып табылады.
Басқару іс-әрекетіндегі болжау сыртқы шарттар өзгеріс-
теріне «енжар әсер ету» стратегиясынан осы өзгерістердің «бел-
сенді алдын алу» стратегиясына өтуде және оған дайындалуда 
шешуші фактор болып табылады, бұл қызметтің мәні, міне,
осында. Болжауды жетілдіру қажеттілігі соңғы кезде кең қол-
даныс тапқан жағдайлық әдіснамаға байланысты әлдеқайда
көкейкесті бола түсті.


Бейімделу және сыртқы орта тиімді басқаруға арналған
шешуші ұғымдар болып табылады. Бейімделу жағдайлық және 
перспективалық болуы мүмкін. Алдын орау басқаруының ең
табыстысы, ол болжау мәселесін жағдайлық әдіснамадағы бас-
тылардың біреуі ретінде анықтайды.
Екі компоненті – тікелей және жанама әсерлері бар сыртқы 
орта өзгерулерінде болжау шешуші болып табылады. Тікелей әсер
ету ортасы ұйымның іс-әрекетіне тікелей әсер етуші және өзінде іс-
әрекеттің тікелей ықпалын сезінетін факторлардан тұрады. Бұлар –
еңбек

ресурстары,


жеткізушілер, 
заңдар,
тұтынушылар, 
бәсекелестер. Жанама әсер ету ортасы – ұйымның іс-әрекетіне
жедел әсер етпейтін, бірақ онда орташа көрініс беретін факторлар. 
Олар – экономиканың, ғылыми-техникалық жетістіктердің күйі,
саяси, әлеуметтік-мәдени, т.б. факторлары [37]. 


49
Күрделі және өзара байланыстағы факторлардың көптігі 


болжаудың сыртқы ортасының бірқатар қорытушы сипаттама-


ларын анықтайды. 


Өзара байланыстылық – бір фактордың өзгеруінің екінші-
сіне әсер ету күшінің деңгейі. 


Күрделілік – ұйым әсер етуге тиіс факторлар саны, әрбір
факторлардың жинақтылық және вариативтілік деңгейі. 


Қозғалымдық – ұйымды қоршаған ортада жүретін өзгерістер
жылдамдығы. 


Айқынсыздық – ұйымда немесе оның жетекшісінде бар нақ-
ты ақпарат санының қызметі. 
Сыртқы орта өзгерістерінің жоғары күрделілігі мен қозға-
лымдылығын «бей-берекет өзгерістер» термині (П. Друкер 
бойынша) сипаттайды.


Басқару іс-әрекетіндегі болжаудың 


негізгі түрлері және типтері 

Басқарудың болжау теориясында жоспарлық болжау маңызды 


рөл атқарады. Бұл болжаудың нәтижесі, сонымен қатар бір
мезгілде ұйымның жоспарлар жүйесі жасалынатын негіз болып 
табылады, ол жоспарлау қызметтерінің арасындағы байланыс-

тырушы буын рөлін атқарады.
Жоспарлық болжау өздерінің бағдарлануы бойынша ерек-
шеленеді: бұл сыртқы ортаның болашақтағы ықтимал өлшемін және
өзінің қызметіндегі болашақтағы мүмкін нәтижелерінің болжау-
лары. Ұйымның жалпы алғандағы ішкі және сыртқы орта күйін
болжауға деген жоспарлы болжаулардың бөлінуі айырмасымен 
сәйкес келеді, бірақ жалпы алғанда айырмашылықтар болады.
Сыртқы жоспарлық болжаулар үш топқа бөлінеді: 
1) жалпы айналадағыларға қатысты болжаулар (болжана-
тын экономикалық, технологиялық, саяси, әлеуметтік және эт-
никалық шарттар);
2) өнім нарығының күйіне қатысты болжаулар (сұраныс 
қызметтер, бәсекелестік);
3) өндіріс факторлары нарығының күйіне қатысты болжау-
лар.



50
Ішкі жоспарлық болжаулар күрделі салымдар, тартылған 


инвестициялар көлеміне, қолданылатын технологиялар мен ең-


бек құралдарының өзгеруіне, басқарудың ұйымдық құрылы-
мына, т.б. қатысты болады.
Сыртқы және ішкі болжаулар сандық және сапалық болады. 
Сандық болжаулар, мысалы, күтілетін салымдар көлемі (ағым-
дық деңгейден пайыздық есеппен), сапалықтың, мысалы, өнім-
нің қандай да бір түрінен күтілетін табысы. Сондай-ақ құрама
жоспарлық болжаулар да (сандық-сапалық) бар. 
Жоспарлық болжаулар ұйымның шағын бақылаулық дәре-
жесі бойынша ажыратылады: 
– бақыланбайтын, бірақ жақсы болжанатын болжаулар –
халық саны өсуінің динамикасы, салық саясаты, т.с.с.; 
– бақыланатын болжаулар – жаңа нарықтарға шығу, ғы-
лыми зерттеулердің интенсификациясы; 
– шағын бақылаудағы – кадрлар ағымдылығының деңгейі.
Жоспарлық болжаулар айқындалу дәрежесінің өлшемі 
бойынша детерминистік (салыстырмалы кепілдікті) және сто-
хастикалық (ықтималдық) болып бөлінеді. 
Басқару тәжірибесінде бірінші және екінші жоспарлық бол-
жаулар түрлері болады. Бірінші болжаулар жалпы сипатта бо-
лады, бірақ олар кейінірек болжаудың келесі қадамына арнал-
ған материал ретінде қолданылады. Сондықтан олар болжау-
лардың нәтижелері де, оның алғышарттары да болып табыла-
ды. Бастапқы болжамдар бұл процестің барысында нақтыла-
нады. Әрі қарай жоспарлық болжамдарды («үшінші») әлдеқай-
да мұқият жасаған жөн. Жалпы болжаулардан әлдеқайда нақ- 
тыларға өту, олардың уақыт бойынша ауысуы болжау процесі-
нің негізгі мазмұны болып табылады. Бұл процесс бір мез- 
гілде иерархиялық ұйымның сипаттарын алып жүреді, өйт-
кені әртүрлі кезеңдердің жоспарлық болжаулары жүзеге аса- 
тын болжауларды нақтылаудың әртүрлі деңгейлерінен көрі-
неді.

Болжаулардың басқа жіктемелері мен типтері де бар. Бұл –


жетекшінің жеке күш-жігері мен ұйым құрамындағы жекелеген 
топтың (кеңесшілер, болжау жөніндегі сарапшылар) бірлескен
іс-әрекетінің нәтижесі ретіндегі жоспарлық болжамдар. 


51
Болжаудың уақытша перспективалық көрсеткіштерін қол-


дана отырып, ұзақ мерзімдік, орта мерзімдік және қысқа мер-


зімдік жоспарлық болжамдар түрлерін ажыратуға болады. 
Жалпы алғанда, болжау қызметі кешенді және көп аспектілі,
ол басқарудың барлық кезеңіне және міндеттеріне қосылған. 
Басқару теориясында әлдеқайда жалпы, мазмұндық көрсеткіш-
терге негізделген, басқару процесі типтерінің тағы да бір жік-
темесіндегі болжаудың бес типі:
экономикалық болжау – экономиканың немесе нақты 
ұйымның жалпы күйін болжап айту;
технологиялық болжау – жаңа технологияларды жасауды 
болжап айту, бұл қай кезде болуы және экономикалық зар-
даптары қандай болуы мүмкін; 
өткізуді жоспарлау – ұйымның өнімін сату мәселесіне
байланысты, бұл кез келген ұйым іс-әрекеті үшін болжаудың 
негізін білдіруші типі;
бәсекелестіктің дамуын болжау – бәсекелердің стратегиясы 
мен тактикасындағы мүмкін өзгерістер туралы болжаулар;
әлеуметтік болжау – тұтастай қоғам күйінің өзгерулерін 
және адамдардың әлеуметтік ұстанымдарын болжап айту.
Болжау дамудың жоғары деңгейіне жеткен маманданды-
рылған сала болып табылады. Онда негізгі үш топтан тұратын
айрықша әдістер қарастырылады: болжаудың «бейресми»,
сандық және сапалық әдістері. Соңғы топтың әдістері әлдеқайда
жетілген. Болжаудың сандық әдістері – бұл «уақыттық қатар-
ларды талдау» және казуальдік (себеп-салдар) модельдеу әдіс-
тері. Уақыттық қатарларды талдау әдісі өткеннің ағымын анық-
тауға негізделген және олар әрі қарай болашаққа ұзартылады.
Казуальдік модельдеу – болжанатын факторлар мен басқа да 
өлшемдер арасындағы статистикалық тәуелділіктерді талдау
арқылы болжау. Сапалық әдістер көп, бірақ олардың дәлдігі 
төмен. Бұлар – «әділ қазылар», «өткізушілердің жиынтық пі-
кірі», «тұтынушының күтуі», т.б. әдістер. 
Соңғы кезде компьютерлік техниканың дамуына байланыс-
ты полисценарлық (көпвариативтік) болжаудың рөлі өсе түсті. 
Жоспарлық болжаудың бірінші салыстырмалы жүйелеріне
параллель жасалуда. Олардың әрқайсысының ішіндегі жекелеген 


52
болжаулар мазмұны және жайылу хронологиясы бойынша 


келістіріледі; бұл – бақыланатын жоспарлық болжаулар катего-


рияларына негізделген сценарийлер. Салыстыру нәтижесінде ең 
ыңғайлы сценарий анықталады. Сценарийлердің негізгі үш түрі
бар:

оптимистік – экономикалық және әлеуметтік перспекти-


валар қолайлы болады; 
реалистік – экономикалық және әлеуметтік перспектива-
лар өз орнында қалады; 
пессимистік – экономикалық және әлеуметтік перспекти-
валар қолайсыз болады. 
Поливарианттық (скриптілік) тұрғыдан болжаудың негізгі
мәселесін болжау қатаңдығын олардың қажетті икемділігімен, 
сыртқы орта факторларының ықпалы арқылы сабақтастыруды
шешуге көмектеседі. 
Болжау қызметі жетекшіден оның барлық зерделік және
психологиялық мүмкіндіктерін жұмылдыруды талап етеді. 
Мақсат қою қызметіндей, болжау қызметінде де адамның
психикалық құрылымы ұқсас. Бұл – арнайы психологиялық 
ұғымдармен, яғни алдын орау көрінісімен, ықтималдық болжау-
мен, оқиғаны болжап білумен (антиципация) сипатталатын бол-
жаудың психикалық процесі. Сондықтан ол жетекшінің іс-әре-
кетіндегі болжау қызметін жүзеге асыруға арналған психоло-
гиялық негіз болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет