АРШИДИНОВБатыр (6.6.1926 ж.т., Алматы обл. Жаркент ауд.) -жазушы. Қытайдағы Үрімші
қ-нда педуч-щені бітірген (1941). 1932-60 ж. сол елдегі Шыңжаң ұйғыр автономиялы районында
(ШҰАР) тұрған. 1946 жылдан өлең жаза бастаған. Алғашқы өлеңдер жинағы "Яшлик туйгулири"
1957 ж. Үрімшіде жарық көрген. Қазақстанға қоныс аударған соң (1960) "Дала", "Таг Шамаллири"
өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарыққа шықты.
АРЦИШЕВСКИЙ Адольф (7.7. 1938 ж.т., Ресей, Кемеровообл. Прокопьевск қ.) - жазушы.
ҚазҰУ-ды және КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдебиет курсын бітірген. "Жазушы"
баспасында және "Простор" журналында әдеби қызметкер, Респ. балалар және жасөспірімдер орыс
театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Алғашқы әңгімесі 1961 ж„
алғашқы әңгімелер мен повестер жшағы 1975 ж. жарықкөрген. Қ.Ысқақов, І.Есенберлин, Ә. Тарази, Б. Мұқай шығармаларын орыс тіліне аударған.