одағында әдеби қызметкер, 1966 - 71 ж. Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемл.
к-тте бөлім бастығы. 1971 - 82 ж. "Жазушы" баспасында аға редактор қызметтерін атқарған.
Тұңғыш жыр жинағы "Өлеңдер" 1953 ж. жарық көрген. "Халықбек" (1954), "Екінші дәптер" (1955),
"Нан туралы сөз" (1957), "Өшпеген жалын" (1959), "Телефон" (1961), "Толқындағы өмір" (1962),
"Салқын самал" (1966), "Көктөбе" (1969), "Ашықаспан" (1971), "Жерұйық" (1973), Тырау-тырау
тырналар (1974), "Маржандария" (1976), "Жапырақ жарған шақ" (1979), "Кеш жарық" (1981),
"Көзайым" (1982), "Зейнет" (1984), "Антенна над юртой" (1970), "Ауыл моей любимой" (1978),
т.б. жыр жинақтарының авторы. Поляк ақыны Г.Зелинскийдің " Қазақ" поэмасын (1964), корей
ақыны Те Га Ченнің бірнеше поэмаларын, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударған.
Достарыңызбен бөлісу: