ӘБДЕЗҰЛЫ Қансейіт(6.6.1953 ж т., Оңт. Қазақстан обл. Төле би ауд. Қасқасу а.) - ғалым, филол.
ғыл. докт. (2001), проф. (2002) ҚазҰУ-ды (1975), осы ун-ттің аспирантурасын (1984),
докторантурасын (1998) бітірген. КазҰУ-да оқытушы, Қазақстан Ғылым және білім мин-нің бөлім
бастығы. 1990 - 99 ж. Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тының доценті, қазақ әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі, филол. ф-тінің деканы. 2000 - 2002 ж. ҚазҰПУ-дың оқу-әдістемелік жұмыстар
жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған. Қазір ҚазҰУ-дың филол. ф-тінің деканы. "Кейіпкер
және тартыс" (1995), "Ел мен жер тағдыры"(2000), "Т.Әлімқұлов және қазақ прозасы",
"Т.Әлімқұлов және 60 - 80 жылдардағы қазақ әдебиеті" (2001), "Әдебиет және өнер" (2002),
"Жазушы және заман шындығы" (2003), "Тарихи тұлғалар және қазақ әдебиеті" (2004), "Тарих
және тағдыр" (2004) кітаптары жарық көрген.