ӘБДЕНБАЙБажай Қабайұлы (17.10.1939 ж.т., ҚХР. Алтай аймағы) - жазушы, ақын.
Шыңжаң тіл ин-тын бітірген (1959). 1959 - 84 ж. оқытушы, 1984 - 89 ж. "Алтай" газетінде редактор
қызметтерін атқарған. 1991 жылдан "Шұғыла" журналы бас редакторының орынбасары. "Сүрлеу",
"Тау бұлағы", "Бөгеу бермес", "Ақиқат іздеген адам" жыр жинатгарының, "Күн өз кеудеңнен
туады", "Жасампаздық орбитасы", "Әдебиет және таным" кітаптарының авторы.
ӘБДЕШОВ Заманбек (27.11.1949 ж.т., Шығ. Қазақстан обл. Зайсан ауд. Бақасу а.) -аудармашы.
ҚазҰУ-ды бітірген (1975). Шығ. Қазақстан обл. телерадио комитетінде редактор, "Қазақстан
пионері" (Қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер, "Жазушы" баспасында редактор, "Ақиқат"
журналында бөлім редакторы болып жұмыс істеген. Қазір "Хабар" агенттігі жабық акционерлік
қоғамының қызметкері. Орыс жазушысы Б.Васильевтің "Тамылжыған таң" повестер мен
әңгімелер жинағын. болгар қаламгері Г.Караславовтың "Шешуші сағат" романын, "Қырғыз
ертегілері" жинағын. балқар ақыны Т.Зұмақұлованың "Салтанат" жыр жинағын қазақ аударған.