АХМЕТЧИНҒұмар (8.9.1941 ж.т.. Қостанай обл. Әулиекөл ауд.) -жазушы. ҚазҰУ-ды (1968).
1966-92 ж.обл."Қостанай таңы"(бұрынғы "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі,
редактордың орынбасары, редактор, 1992 - 98 ж. облыс әкімінің баспасөз хатшысы. 1998-99
ж. "Қостанай таңы" обл. газетінің редакторы қызметтерін атқарды. Қазір облыс әкімі
аппаратының бас маманы, әрі Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай обл. филиалының
директоры, "Қолды болған қораз", "Көзілдіріктің кесірі", "Көзі сынық тебен", "Ұмытшақтық
зобалаңы" сатиралық әңгімелер жинақтары жарық көрген. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің
грамотасымен, "Астана", "Тәуелсіздікке - 10 жыл", т.б. медальдармен марапатталған.