ӘБДУӘЛИЕВ Тұрсын (1.9.1939 ж т., Алматы обл. Көксу ауд, Мұсабек а.) -жазушы. Свердловскідегі
(қазіргі Екатеринбург) пед. ин-тын (1968). Мәскеудегі Қоғамдық ғылымдар академиясын (1984)
бітірген. 1963 -76 ж. журналистика саласында. партия органдарында қызмет атқарған. 1976 - 82 ж.
Алматы обл. телерадио-комитетінің төрағасы. "Жерұйық" газетінің редакторы қызметтерін
атқарған. "Ауыл азаматы", "Алтын бағалар", "Өмір оты өшпейді", прозалық шығармалар
жинағының авторы.
ӘБДУҒАЛИЕВ Сағат Мұхтарұлы (1948. Бат. Қазақстан обл. Ақжайық ауд. Тайпақ а. - 1984. сонда.
Алғабас а.)- ақын. Алғашқы өлеңдері 1963 ж. жарияланған. "Құлыншақ көктем" (1980),
"Көзайым келешек" (1992) жыр жинақтары жарық көрген.
ӘБДІҒАЗИҰЛЫ Балтабай (30.8. 1952 ж.т., Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд.) -ғалым. фил. ғыл. докт.
(2001). проф. (2002). ҚазҰУ-ды бітірген (1974). 1974 - 78 ж. Әдебиет және өнер ин-нда ғыл.
қызметкер. 1978 -87 ж. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш"), "Социалистік Қазақстан" (қазіргі
"Егемен Казақстан") газеттерінде бөлім меңгерушісі. "Жалын" журналының жауапты хатшысы
қызметтерін атқарған. 1987 - 90 ж. ҚазҰПУ-дың аспиранты. 1990 -92 ж. доценті. 1992 - 98 ж.
деканы болды. Қазір осы ун-ттің кафедра меңгерушісі. Бірнеше ғыл-зерт. еңбектердің,
оқулықтармен оқу құралдарының авторы.