АШЫҚБАЕВ Ертай Ахатұлы (24.4. 1956 ж.т„ Ақтөбе обл. Темір ауд. Бабатай а.) - ақын. ҚазҰУ-ды
бітірген. 1972 - 74 ж. Темір ауд. "Жұмысшы туы" - "Рабочее знамя" газетінде, Торғай обл. "Торғай
таңы" газетінде (1973) қызмет атқарған. Қазір обл. "Ақгөбе" газетінің бөлім меңгерушісі. Алғашқы
өлеңдері "Темірқанат" (1981, "Ақ сәуле" (1984), "Бастау" (1990) жинақтарына енген. "Қос мең"
(1988), "Жақсы баға" (1991) кітаптары жарық көрген. Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік
шығармалардың респ. жабық бәйгесінде төрт рет (1982. 1986. 1991, 1994) жүлдегер болған.
Қазақстан Жазушылар одағы сыйл иегері (1989).
Аяз би. Жаман - қазақ ауыз әдебиетіндегі, ел басшысының үлгілі бейнесі. Аяз би туралы
аңыздарды Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық
уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған
хан өз тағын беруі сөз болады. Хан болған Жаманның жыртық шапанын хан сарайы босағасына
ілдіріп, соған көзі түскен сайын тәубасынан жаңылмай: "Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл"
деп отыруы халық даналығының көрінісі болып табылады.
АЯТ (араб. - белгі) - Құран Кәрім сүрелерінің қысқа, дербес бөлігі. Құран Кәрім114 сүреден
(тараудан) тұрады. Ол сүрелер ("Фатихадан" өзгесі) ұзақтығы, көлемі бойынша белгілі бір
тәртіппен орналасқан. Ал әрбір сүре А-қа бөлінеді. Ең ұзақ сүреде (Бақара сүресі) 286 А. бар.
А-тарда 1 сөзден 68 сөзге дейін болуы мүмкін. Құран Кәрімде барлығы 6204-тен 6236-ға дейін (әр
түрлі есептер бойынша) А.. 77934 сөз бар.