Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет185/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   677
ӘЖІҒАЛИЕВ  Нұралы  (23.10.1939.  Атырау  обл.  Исатай  ауд.  Бабан  а.  -12.10.2004  )  -  ақын. 
Атырау пед. ин-тын бітірген (1961). Атырау обл. Ембі ауд. комсомол к-тінің бірінші хатшысы 
және обл., бірнеше ауд. газеттерде жауапты қызметтер атқарған. Қазір "Нарын" журналының 
бас  редакторы.  "Жаңғырығы  жанымның",  "Тағдырым  осы  таңдаған"  жыр  жинақтарының 
авторы. Соңғы жинағы үшін 1999 ж. респ. Махамбет атынд. сыйл. лауреаты атанды.   
ӘЗДЕНБАЕВ Сәби (1890. Ақмола обл. Қорғалжын ауд. Сабынды а. -1967. сонда) - айтыс ақыны. 
1943  ж.  Қайып  Айнабековпен  айтысқан.  Шығармалары  "Халық  ақындары"  (1953),  "Пернедегі 
термелер" (1965)  жинақтарында жарық көрді.  Ә.  жинаған ауыз әдебиеті үлгілері  Әдебиет және 
өнер ин-тының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы. 
ӘЗИЕВ  Әмен  Махатұлы  (6.6.1927.  Қарағанды  обл.  Қарқаралы  ауд.  -6.6.2003.  Алматы)  -  ғалым, 
жазушы,  филол.  ғыл.  кандидаты  (1969).  Қарқаралы  пед.  уч-щесін  (1943).  ҚазҰУ-ды 
(1950)"бітірген.  1943-1949ж.  Қарқаралы  ауд.  соғыс  комиссариатында  қызмет  істеген.  1949  ж. 
ун-тте оқи жүріп "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде бөлім меңгерушісі, 1950 - 1952 ж. 
Тіл  және  әдебиет  ин-тының  кіші  ғыл.  қызметкері.  1952  -  1961  ж.  Қарағанды  обл.  "Советтік 
Қарағанды"  газетінің  әдеби  қызметкері,  бөлім  меңгерушісі,  кейін  жауапты  хатшысы.  1961  ж. 
Қарағанды телестудиясының директоры. 1966- 1973 ж. Қарағанды пед. ин-тында Қарағанды мемл. 
ун-тінде аға оқытушы. 1973 -1982 ж. Қарағанды политех. ин-тында доцент болып жұмыс істеген. 
Оның "Достық күші" деген тұңғыш әңгімесі 1957 ж. "Жұлдыз" журналында жарияланды. 1968 ж. 
"Есіл ару" атты пьесасы Қарағандының обл. драма театры сахнасында қойылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет