пен П.Лобанскийлердің суреттері бар. Олардың Абай ауылында болғанын айғақтайтын
құжаттармен қатар Абайдың Семейдегі өлкетану мұражайына өткізген көптеген заттарының
суреттері қойылған. Мұнда күміс құты, кесе, айбалта, шақша сияқты бұйымдар бар. Абай
заманынан бүгінгі күнге жеткен ең құнды заттың бірі - 1885 ж. П.Лобанский қарандашпен
салған Абай суреті. Үйдің төргі бөлмесінде ақынның өзі отырған. Онда кітап оқып, жазу
жазып, жұмыс істеген. Осы бөлмеге Ділдәның сүйек төсегі қойылған. Төсек тұсына ұлы
ақынның ұлдары Әбдірахман мен Мағауияның суреттері ілінген. Абайдың үш ішекті
домбырасы да осында. Дөңгелек үстел үстіне қойылған шыны қорапшаның ішіндегі Абайдың
күміс қалта сағаты, қолжазбаларының көшірмесі, құс қанатынан жасалған қаламсабы мен
сиясауыты ақын өмір сүрген ортаны көзге елестетеді. Ауызғы бөлме ортасында, дөңгелек үстел
үстінде, сыртында күмістен бедер салынған үлкен ағаш тегене мен бұғы мүйізінен жасалған
қымыз ожау, бірнеше тегене мен тостағандар тұр. Бұл - Абай үйінің мүліктері. Оң жақтағы
сүйек төсек - Әйгерімдікі. Абайдың нәресте кезіндегі заттары да сақталған. Оң босағада
Абайдың үш ауызды және шиті мылтықтары ілулі тұр. Үш ауызды мылтықты Семейдің
әскери бастығы сыйға тартқан. Дәліз бойымен ілгері жүргенде түкпірдегі бөлменің оң
жағында тұрған сүйек төсек - Еркежандікі. Бөлмедегі өзге заттардың барлығы - Абайдың
соңғы кездегі өмірінің куәсі. Мұражай үй шошаласының температурасы жазы, қысы
бірқалыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған.
Достарыңызбен бөлісу: