Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон


АБАЙДЫҢ  СЕМЕЙДЕГІ  ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ  МҰРАЖАЙЫ



Pdf көрінісі
бет4/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   677
АБАЙДЫҢ  СЕМЕЙДЕГІ  ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ  МҰРАЖАЙЫ  (Әниярдың  үйі)  - 
Абайдың  әдеби  мұрасын  сақтап,  насихаттауға  арналған  тарихи-мәдени  мекеме.  Абай  Әнияр 
Қожабайұлы  Молдабаевтың  (1850  -  1934)  болашағынан  көп  үміт  күтіп,  оны  жас  кезінен 
Семейде, Ташкентте оқытқан. Әнияр 1892 ж. Семейдегі мемл. банкке қызметке тұрғанда Абай 
өзі бас болып, жақын ағайындарын жұмылдырып қаладан үй сатып әперген. Сол үй құрылысы 
кеңейе  келе,  Абай,  Шәкерім,  Көкбай,  Ақылбай,  Әбдірахман,  Тұрағұл,  Мағауия,  Кәкітай,  т.б. 
елдің сыйлы қонақтары әркез қалаға келгенде қонатын үйіне айналды. Комиссар көшесіндегі 
№  116  үйде  кейін  де  ел  зиялылары,  алаш  азаматтары  әрдайым  бас  қосып,  алқалы  жиын 
өткізетін болған. Әнияр Молдабаевтың екі қабатты осы үйі 1940ж. сәуірде Абайдың туғанына 
95  жыл  толу  мерекесі  қарсаңында  Қазақстан  үкіметінің  қаулысымен  А.  С.  ә.-м.  м-на 
айналдырылды.  1940  жылғы  16  қазаннан  жұмыс  істей  бастаған  бұл  мұражай  еліміздің 
тарихындағы  тұңғыш  әдеби-мемор.  мұражай  болды.  Әнияр  үйі  мұражайға  айналған  кезінен 
бастап біршама жөндеуден өткенімен, үй құрылысының ғасыр басындағы тұрқы көп өзгермей, 
бастапқы сәулеттік сәнін сақтаған.  Абай  келіп-кетіп  жүрген  кезде  Әнияр  үйінде болған 
кітап  жәшігі,  жазу  столы  мен  шарайна  және  қабырға  сағаты  Абайдың  Жидебайдағы 
мұражай  үйіне  берілді.  Мұражай  қорында  13  мыңға  жуық  (оның  ішінде  7500-і  негізгі  қор 
саналады)  зат  бар.  Мұражай  Абайдың  150  жылдық  мерейтойы  қарсаңында  (1996)  күрделі 
жөндеуден өткізіліп, өз алдына 7 тақырыптық көрме залдарына бөлінген. Олар: "Абай және 
оның  дәуірі",  "Жайлау",  "Үш  қайнар  бұлақ",  "Абай  шығармашылығы",  "Абайдың  ақындық 
өнер  айналасы",  "Абайтану",  "Қазақ  халқы  ақын  атын  ардақтайды".  Бұл  бөлімдерде  Абай 
өміріне  байланысты  мұрағаттық  құжаттар,  қазақ  халқының  тұрмыстық-этногр. 
тыныс-тіршілігін  бейнелейтін  заттар,  қолөнері  мен  бейнелеу  өнерінің  Абай  тақырыбымен 
өзектес ілкі туындылары, сирек кездесетін қолжазба мұралары, кітаптар, фотодеректер, т.б. 
құнды  мүрағаттар  қойылған.  Абайдың  өзі  1885  ж.  Семейдегі  тарихи-өлкетану  мұражайы 
қорына  тапсырған  байырғы  ұлттық  бұйымдар,  ақын  шығармалары,  алғашқы  кітаптары, 
Абайдың дүние жүзі халықтары тілдеріне аударылған өлеңдері, Абайдың әдеби мектебінің 
аса  ірі  өкілдерінің  шығармалары,  сондай-ақ  абайтанушы  ғалым-зерттеушілердің  бірегей 
еңбектері сақтаулы тұр.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет