Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет291/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   677
БАТЫРБЕКОВА  Бәтама  (5Л2.І-928.  Оңт.  Қазақстан  обл.  Созақ  ауд.  -  25.3.1987.  Алматы)  - 
ақын.  Түркістан  пед.  уч-щесін  (1945),  Шымкенттегі  екі  жылдық  мұғалімдер  ин-тын  (1947). 
ҚазҰПУ-ды  (1956)  бітірген.  1941  -  44ж.,  1947  -  62  ж.  Оңт.  Қазақстан  обл-нда  орта  мектеп 
мұғалімі,  оқу  ісінің  меңгерушісі,    директоры,  ауд.  партия  к-тінің  бөлім  меңгерушісі,    ауд.  оқу 
бөлімінің меңгерушісі, 1962 - 68 ж. Алматыда орта мектепте мұғалім, мектеп-интернатта тәрбиеші, 
1968-83 ж. Қазақ совет энциклопедиясы бас редакциясында ғыл. редактор  қызметтерін атқарған. 
Тұңғыш жыр жинағы "Сал-сал білек" 1966 ж. жарық көрген. "Ашылды гүлдер" (1969), "Жарқыра 
күнім" (1973), "Қосалқа" (1976), "Әрқашан күн сөнбесін" (1977), "Іңкәрім менің" (1979), "Күміс 
алқа"  (1980),  "Мизам-шуақ"  (1983),  "Аққу  арман"  (1986),  т.б.  жыр  жинақтарының  авторы. 
Ақынның  балаларға  арналған  жырлары  "Подарок  малышам"  (1969)  деген  атпен  орыс  тіліне 
аударылып басылған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет