БЕКЕНОВЕлжас (Ілияс) Жүнісұлы (1892. Солт. Қазақстан обл. Тайынша ауд. Қарағаш а. -
30.6.1938. Алматы) - ақын, жазушы, сыншы, ғалым. Орынборда жұмысшы фак-тін (1924).
Мәскеудегі Қызыл профессура ин-тын (1933) бітірген. 1925 - 26 ж. "Еңбекші қазақ" (қазіргі"
Егемен Қазақстан") газетінде бөлім меңгерушісі. 1926 - 27 ж. Жұмысшыларды ағарту қоғамы
жұмысшы баспасөзі секциясының басқарушысы. 1927 - 28 ж. Жұмысшы шаруа инспекциясы
халкомының нұсқаушысы. 1929- 31 ж. Петропавлда "Кеңес ауылы" газеті редакторының
орынбасары, жауапты редакторы, 1931 - 33 ж. "Ауыл коммунисі" журналында редактордың
орынбасары, 1933 - 35 ж. Оралда "Екпінді құрылыс" газетінде редактор, 1935 - 36 ж. Солт.
Қазақстан обл. "Ленин туы" газетінің жауапты редакторы, 1936 - 38 ж. Қазақ КСР Министрлер
Кеңесі жанындағы Мемлекетгік құпияны баспасөзде сақтау жөніндегі бас басқармасының
редакторы болып қызмет атқарған. Алғашқы өлеңдері баспасөзде 1922 ж. жарияланған. Тұңғыш
әңгімелері "Бидің жауыздығы", "Ұлтшыл" 1922 ж. жарық көрді. "Октябрь күндеріндегі қуаныш"
(1927), "Ескендір" (1927), "Жұмақұлдың теңдігі" (1927), "Жәмила қалай сауатты болды" (1927),
"Ардақты жан" (1928), "Жалшы сәулесі", "Соңғы сезім", "Өткелдегі шайқас" пьесалары
сахналанған. "Парасат" орденімен марапатталған (1998).