БЕКЕЖАНОВМансұр (1875. Қызылорда обл. Шиелі ауд. Үлгілі а. -1933. Өзбекстан, Наманган
қ.) -ақын. Гауһар-жауһар", "Талап", т.б. дастандары бар. Қарақалпақтың белгілі ақын қызы Дәме
Тобақылқызымен айтысы (1910) бірнеше жинақта (1936.1942.1965) жарияланған.
БЕКЕЖАНОВ Нартай (26.3.1890. Қызылорда обл. Шиелі ауд. Бестам қонысы - 17.12.1954.
Алма-ты) - халық ақыны, әнші, композитор. Қазақстанның еңб. сің. өнер қайраткері (1939). Он
жасынан ән салып, өлең шығарған. 1935 ж. Шиелі қыстағында ашылған балалар үйіндегі
көркемөнерпаздар
үйірмесінің
жетекшісі
болған.
1936
жылдан
Қызылордада
ұйымдастырылған концерттік эстрада бригадасы құрамында өнер көрсетеді, (1929), "Қан жаспен
жуылды" (1929), "Бүгінгі ауылдың елестерінен" (1929), "Қоңырау" (1930), "Құрманның санасы"
(1934), "Талпақ" (1935), "Большевик қызы" (1937) өлеңдер кітабы. "Жаңа жол бойында" (1929),
"Алтынды жүйе" (1930) әңгімелер жинақтары жарық көрген.