Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет438/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   677
ДҮЙСЕНБИЕВ  Сәбит  (24.5.1959  ж.т.,  Оңт.  Қазақстан  обл.  Түлкібас  ауд.  Шақпақ  Баба  а.)  - 
жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1981), Еңбек жолын "Жалын" баспасында редакторлықтан бастады. 
Бұдан кейінгі уақытта ол "Ұлан", "Түркістан" газеттерінде, "Денсаулық" журналында қызмет етті. 
Жазушының "Жалын" баспасынан 1984 ж. "Тәтті алма", 1987 ж. "Қақпашы" және 1991 ж. орыс 
тілінде "Сладкое яблоко" атты балалар мен жасөспірімдерге арналған әңгіме-повестері, жинақтары 
жарық көрген. Жас жазушылардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық IX кеңесіне қатысқан.   
ДҮЙСЕНОВ  Мырзабек  Төлегенұлы  (20.12.1928.  Қызылорда  обл.  Сырдария  ауд.  -  2.8.1988. 
Алматы) - жазушы, ғалым, филол. ғыл. докт. (1968). ҚазҰУ-ды бітірген (1949). 1952 жылдан ҚР 
ҰҒА-ның  ғыл.  қызметкері.  1972  -  88ж.  Әдебиет  және  өнер  ин-тында  аға  ғыл.  қызметкер, 
жамбылтану меңгерушісі. Д. "Әдебиеттегі мазмұн мен түрдің бірлігі" (1962), "Ілияс Жансүгіров" 
(1965),  "Ақын  мұраты"  (1967)  атты  монографиялық  еңбектерінде  әдебиетгің  теориялық 
мәселелері мен көрнекті ақындарының (Жансүгіров, Тәжібаев) шығармашылығын зерттеген. Ол 
-  "Қазақ  совет  әдебиеті  тарихының  очеркі"  (қазақ,  орыс  тілдерінде  1958.1960).  "Қазақ  әдебиеті 
тарихы" (3-т. 1-2 кіт. қазақ тілінде. 1967. орыс тілінде. 1971). "Көп ұлтты совет әдебиеті" (орыс 
тілінде.  М,  1971)  авторларының  бірі  және  редколегия  мүшесі.  Республикадағы  мектептер  үшін 
"Қазақ  әдебиеті  хрестоматиясын"  (1968-75.  М.Қаратаевпен  бірге)  құрастырушы.  Д.  бірнеше 


әңгімелері  мен  повестері  "Қалыңдық"  (1962).  "Ана  махаббаты"  (1965),  Гүлжан  сүйеді"  (1968), 
"Меймандар" (1971), "Ант" (1974) көркемсөз әлемінде" Біз күн перзентіміз" (1983), "Бір аспанның 
астында" (1985), "Ғасырлар сыры" (1988) атты кітаптары жарық көрді.   
 
ДҮКЕНБАЕВ  Сайлау  Хамитұлы  (3.12.1937  ж.т..  Павлодар  обл.  Лебяжье  ауд.  Қызылқоғама.)  - 
әдебиет  зерттеуші,  педагог.  Қарағанды  пед.  ин-тын  бітірген  (1961).  1961  -64  ж.  мектепте 
мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі. 1964 - 75 ж. Павлодар обл. мұғалімдер бөлімін жетілдіру ин-тында 
қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің меңгерушісі. 1975 -88 ж. Қазақстан Оқу министрлігінің қазақ 
тілі  мен  әдебиетін  оқыту  жөніндегі  инспекторы  қызметін  атқарады.  1988  -  1993  ж.  өзі  негізін 
салған  қазақ  тілі  мен  әдебиетін  тереңдетіп  оқытатын  республикалық  мектеп-интернатының 
директоры.  Д.  -  қазақ  әдебиетін  оқыту  мен  оның  методикасы.  теориясы  туралы  көптеген  оқу 
қүралдарының.  ғыл.  мақалалардың  авторы.  "Әдебиет  теориясынан  алғашқы  адымдар"  (1981), 
"Мектепте драмалық шығармаларды оқыту" (1985), "С.Сейфуллин творчествосы бойынша жазба 
жұмыстар  ұйымдастыру"  (1975)  және  т.б.  көптеген  еңбектері  мен  әдістемелік  құралдары, 
оқушыларға  арналған  орысша-қазақша  сөздіктері  көпшілікке  белгілі.  Д.  сондай-ақ  қазақ  орта 
мектептерінің  7  сыныбына  арналған  араб  тіпі  оқулығының  қосалқы  авторы.  Д.  бірнеше 
медальдармен марапатталған.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет