Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет441/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   677
ДҮР ОҢҒАР Дырқайұлы (1859. бүрынғы Сырдария обл. Қазалы уезі, Жамансыра. - 1902, қазіргі 
Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Жаңажол а.) - ақын, сыр өңіріндегі ақындардың ұстазы. Шораяқтың 
Омары "Ұстазым" деген арнауында "Балқы Базар, дүр Оңғар, Алқа деп ат ы қойғанда, Қаншама пырақ 
болса да, Қарасын көрмей, қаңғалар" -деп, Оңғар ақынды Балқы Базармен бірдей деңгейде бағалайды. 
Ақынды кейде "Қаратамыр Дүр Оңғар" деп те атайды. Оның туындыларын нақыл, өсиет түріндегі 
жырлар, дәуір, салт-дәстүр тынысын білдіретін толғаулар, арнау өлеңдер деп бірнеше топқа бөлуге 
болады. Мыс., "Алқалап келген  әлеумет"  өлеңі  филос.  ойға  құрылған.  Д.  О.  айтыс  өнеріне  де  ден 
қойған.  Ол  өз  дәуіріндегі  белгілі  ақындармен  (Оңғар  ақынның  Ырысты  қызбен  айтысы,  1885 
ж.Тоғжанмен айтысы, 1895 ж.) айтысқа түскен. Д. О-дың "Кеңеске кемеңгерлер салсаң құлақ", "Жақсы 


жырау  емеспін",  "Ерлерім  сөйле  дегесін",  "Әркімдерге  сөз  айттым",  "Қиқулап  ұшып-қонатын", 
"Жабыдан  туған  құлын  тұлпар  болмас"  деген толғаулары, "Барлыбайға", "Балғабай", "Ақбөпе бау 
сұрапты  құрдасынан",  "Құлағы,  мүйізі  жоқ  неткен  өгіз",  "Мақтаймын  халқы  жақсысын",  "Жүйесін 
тауып  жөн  сөйле",  "Асыл  зат,  дәрежеңді  жаңа  көрдім",  "Қалданға",  "Арыстандай  айбатым"  сияқты 
өлеңдері оның ақындық шеберлігін байқатады. М. Әуезов, М. Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, М.Байділдаев, 
Ә. Қайнарбаевтар, Д О. мұралары  туралы  пікір  білдірген. Ақын  шығармалары "Айтыс"  жинағының 
2-томында  (1965)  және  көптомдық  "Қазақ  халық  әдебиеті"  жинағының  айтыстар  енген  8-томында, 
"Қасиетті  Қармақшым"(2003),  "Ғасырлар  толқыны"(2004)  жинақтарында  жарияланды. 
Шығармалары Әдебиет және өнер ин-ты қолжазбалар және мәтінтану бөлімінде сақтаулы. 
 
ДЫБЫС  ҚАЙТАЛАМА-  біркелкі,  не  үндес  дыбыстарды  бірнеше  рет  қайталау  арқылы  сөздердің 
бір-бірімен үйлесімділігін арттыру тәсілі. Әсіресе өлеңде жиі қолданылады. Өлеңдегі ұйқастың өзі де 
біркелкі,  не  ұқсас  дыбыстарды  қайталау  негізінде  пайда  болатын  сөз  үйлестігінің  бір  түрі  деуге 
болады. Ал Д. қ. сан қилы болып келеді. Өлең ұйқасы секілді тармақтардың алдында ғана емес, кез 
келген  жерде  кездесе  береді,  және  қатарынан  бірнеше  сөздерді  қамтуы  мүмкін.  Мыс.,  "Толқыннан 
толқын  туады,  Толқынды  толқын  қуады.  Толқынмен  толқын  жарысад.  Күңіренісіп  кеңеспен, 
Бітпейтін  бір  елеспен  Жарысып  жарға  барысад..."  Мағжанның  "Толқын"  атты  өлеңінен  келтірілген 
осы  екі  шумақтан  дыбыс  қайталау  тәсілінің  басты  сипат-өзгешелігін  айқын  байқауға  болады.  Д.  қ. 
кейде сөзді қайталау арқылы да жасалады.Бірақ сөзді қайталау шарт емес. Дыбыстық жағынан үйлес, 
үндес  сөздер  алынса  да  жеткілікті.  Д.  қ.  тек  дыбыс  үйлестігін  қуалау  болмай,  сөздің  үндестігін 
күшейту қажет болғанда, сол арқылы сөздің мағынасына айрықша көңіл аудару үшін қолданылады. 
Д.  қ.  сөздің  үйлесімділігін  күшейтеді,  сол  арқылы  үйлес  сөздерді  мағынасы  жағынан  жалғастыра 
қарауға, қажетті сөздерге ерекше назар аударып, ойда ұзағырақ сақтап қалуға мүмкіндік береді. Кейде 
сөздердің сыртқы сұлулығы, әсерлі үндестігіне де айрықша мән берілетіні байқалады. Д. қ. үлкен 
талғампаздықпен мөлшерден асырмай алынып және өте шебер қолданылса әдемі де келісті болады. 
Д. қ-ның ерекше келістіріліп жасалған өрнекті үлгісі ретінде  Сәбит Дөнентаевтың " Қазақтарға 
қарап"  деген  өлеңін  келтіруге  болады:  "  Қамалған  караңғыға,  қалың  қазақ,  Қайратсыз,  қамсыз 
құрып  қалдың,  қазақ.  Қарулап,  қуатсызды  қуаттандыр,  Құрдан-құр  қампитқанша  қарын,  қазақ. 
Қулардың құлқынына құм құйылсын,  Қайдағы  құлдың қайғыр  қамын, қазақ. Қайтеді қайрылыссаң 
қарындасқа, Қасармай, қақырайып қырын қарап..." Осында "қ" дыбысының бастан-аяқ қайталанып, 
көптеген  сөздердің  басқы  буыны  "қа"  болып,  не  соған  үндес,  үйлес  келуі  жай  ғана  дыбыс 
қуалаушылық  демесек  керек,  себебі  осы  өлеңдегі  мағынасы  жағынан  ең  маңызды  және  негізгі 
тақырып та болып отырған "қазақ" деген сөздің айтылуына  барлық дыбыс қайталаулар үйлес  келіп 
отырады ғой. Әрине, мұнша мол дыбыс қайталаулар қолданылатын өлең сирек кездеседі. Ақын әдейі 
сөздердің сыңғырлаған бірыңғай үйлестігін, тапқырлық танытатын ойнақылығын құнттаған.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет