Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет528/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   677
ЖАҚСЫЛЫҚОВ  Аслан  Жамелұлы  (9.4.1954  ж.т.,  Шығ.  Қазақстан  обл.  Самар  а.)  -  жазушы, 
ғалым.  филол.  ғыл.  докт.  (1999).  проф.  (2003).  Халықар.  ақпараттандыру  академиясының  акад. 
(2004). ҚазҰУ-ды бітірген (1979). 1979 - 90 ж. Қазақ қыздар пед. ин-нда оқытушы. 1990 жылдан 
ҚазҰУ-да  доцент,  проф.  2005  жылдан  кафедра  меңгерушісі.  Тұңғыш  "Терезе  далаға  қарайды" 
әңгімелер мен повестер жинағы 1987 ж. жарық көрген.   
 
"ЖАҚСЫ ҮГІТ" - казақауыз әдебиеті шығармаларының жинағы. 1908 ж. Қазанда басылған. Ел 
аузынан  жинап,  бастырушы  -  Ішкі  Орда  зиялысы  -  Мақаш  Бекмұхамедұлы.  Көлемі  -  24  бет. 
Жинаққа "Күйеу таңдаған қыз" (құрастырушы атымен берілген). "Есек пен бұлбұл" халық әдебиеті 
үлгілері,  билердің  шешендік  сөздері,  суырыпсалма  ақындар  жырлары  (Шалкиіз  жыраудың 
Темірханға, Жиембет жыраудың  Есімханға.  Беріш  Есет  жыраудың қартайған  шағында айтқаны. 
"Азаүлы ер Доспамбет ағаның жапанда өлейін деп жатып айтқаны") енген. 
 
ЖАҚЫП Аманжан (1935 ж.т.. ҚХР. Бұратола аймағы) - ақын, жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1961). 
Алғашқы  өлеңдері  мен  әңгімелері  1951  -  55  ж.  ҚХР.  Шыңжаң  өлкелік  газет-журналында 
жарияланған. 1961 - 93 ж. бұрынғы Семей обл. Мақаншы ауд. Орта мектепте мұғалім, газетте тілші 
болып қызмет атқарған. 
 
ЖАҚЫП Бауыржан Өміржанұлы (1.5.1963 ж.т„ Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Аққора а) - ақын, 
ғалым.  филол.  ғыл.  докт.  (2004).  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1985).  Қазақ  теледидарында,  "Жалын" 
баспасында  қызметкер,  1986  жылдан  ҚазҰУ-да  оқытушы,  аға  оқытушы,  деканның  орынбасары 
(1992), кафедра меңгерушісі (1995) қызметтерін  атқарған. 2001 жылдан журналистика ф-тінің 
деканы. Өлеңдері "Аудитория" (1984), "Қарлығаш" (1987), "Бір кеменің үстінде" (1987), "Парус 
времени" (1987), "Баспалдақтар" (1987), "Аралым - арым, Балқашым - бағым" (1988), "Абыралы 
асулары"  (1995)  ұжымдық  жыр  жинақтарына  енген.  "Жұлдызды  шақ"  (1987),  "Көзімнің  нұры" 
(1990),  "Айдындағы  аспан"  (1996),  "Ақлақ"(1997),  "Қолтаңба"  (2001)  жыр  жинақтары  жарық 
көрген. "М.Әуезов - публицист" (1997), "Ұлы суреткер" (1997) ғыл.-зерт. монографияларын жазған. 
Шығарм.  жастардың  респ.  "Жігер"  фестивалінің  (1984).  Қазақстан  Жазушылар  одағының 
М.Мақатаев атынд. сыйл. (1990). Қазақстан Журналистер одағының С.Садуақасов атынд. сыйл. 


(1998). "Дарын" мемл. жастар сыйл. (1998) лауреаты. 
 
ЖАҚЫП  Мырзахан  (1940  ж.т..  ҚХР,  ШҰАР,  Іле  аймағы.  Қорғас  ауд.  Сарбұлақ  а.)  -  жазушы, 
тарихшы-этнограф. Шыңжаң ин-тын бітірген (1959). Шыңжаң қоғамдық ғылым-дар академиясы 
президентінің орынбасары. 1985 жылдан ҚХР аз ұлт жазушылары ғыл. қоғамының төрағасының 
орынбасары. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет